Ма?саты: о?ушылар?а мемлекеттік тілді? ?ркендеуіне тілімізді с?юге, м?ртебесін биік ?стау ж?нінде; ?р ?лтты? ?зіндік ерекшеліктері, салт – д?ст?рі, дін, тіл ерекшелігі болатынын т?сіндіру. О?ушыларды? тіл туралы білімдерін жетілдіру, ?з тіліне, ту?ан жеріне ??рмет к?рсетуге баулу. О?ушыларды ту?ан хал?ыны? тілін ?астерлейтін саналы да парасатты азамат етіп т?рбиелеу.
К?рнекілігі: плакаттар «Жасай бер, ана тілім – ?аза? тілі!», «?аза? тілі – ?лт тілі», ноутбук т.б.
Просмотр содержимого документа
«Мені? тілім – ?аза? тілі!»
Сабақтың тақырыбы: Менің тілім – қазақ тілі!
Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеуіне тілімізді сүюге, мәртебесін биік ұстау жөнінде; әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт – дәстүрі, дін, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу. Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі!», «Қазақ тілі – ұлт тілі», ноутбук т.б.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме? Құрметті ұстаздар, оқушылар,қонақтар! Тілдер мерекесіне арналған «Менің тілім – қазақ тілі!» 4 – сыныптың тәрбие сағатын қабыл алыңыздар.
Ерасыл: Тілім менің! Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып, Тілді қорғау – парызым бүгін менің.
Есенғали: Мен – қазақтың баласы.
Тақпақ айтам, жаттап ал, Көкейіңе сақтап ал!
Туған тілім – айбарым, Одан ыстық жоқ маған.
Туған жердің төсінде, Гүлдей жайнап өсемін.
Ата – анамды қуантып, биіктерге жетемін.
Дина: Батырлық бар тегімде,Көк байрағым көгімде.
Әнұранды жатқа айтам, Елтаңбам тұр төрімде.
Елордасы – Астанам, саған айтам асқақ ән.
Әрқашан да қазақ боп, туғаныма мақтанам!
Ақбота: Өзіңдікі туың да, От пен ауа, суың да.
Жаса, Қазақыстаным, Белді бекем буын да!
Елтаңбасы елімнің, Нетке көркем, әдемі
Тұнығындай көңілдің, Ортада аспан әлемі.
Әнұраным, жан ұраным, Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым, Мәңгі – бақи шырқалады
Республика әнұраны!
Әнұран шырқалады .
Жұлдыз – ай: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда, қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
Бексұлтан: Қазақ тілің – Атаң ,Анаң, Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл, Тең келмейді қатар оған.
Жұлдыз – ай: Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін! Серпіп таста, мұңды жүрек түндігін!
Тіл туралы Заңым енді күшінде, Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!
Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы, Сүйінші деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілімен, Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.
Жұлдыз : Туып – өскен Торғайдың даласында, Қайран елі – қазағы санасында,
Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен, Арысың кім, ойланбай табасың ба?
Хормен: А.Байтұрсынов.
Аида: Елім деп тек алып соққан жүрегі, Ахмет ағасына іні еді.
Қазақ тілін терең зерттеп, танытқан. Ғұламаның есімін кім біледі?
Хормен: Құдайберген Жұбанов.
Мұғалім: Қазақ халқының салт – дәстүрінен хабар беретін кішкене саханалық көрінісімізді тамашалайық! Ол – бата беру рәсімі .Бірінші көрініс – алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған бойжеткенге берген батасы:
Қария: Талдай бой берсін, Жақсы ой берсін,
Қардай жанар берсін! Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат болсын. Нәзік жаны болсын,
Елінің аяулысы болсын,Басыңа өнердің бағы қонсын,
Ақ орданың шамы болсын! Әумин!
Келесі көрініс жас отбасы ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрай келеді.
Ақсақал: Қолыңды жай, балам! Нәрестенің бауы берік болсын.
Азамат болып ер жетсін, Ақсақал болып төрлетсін.
Мінезі болсын салмақты, Өнері болсын жан – жақты,
Осы айтқанның бәрікеп, Алла берсін зор бақты! Әумин!
Эльмира: Ана тілім – бақытым .
Ана тілім, дана тілім бақытым.
Қазақ тілін білу менің парызым
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.
Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде,
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен,
Қазақ болып қалу үшін түбінде.
Қазақ тілім, бас иемін мен саған,
Тілге деген болу керек кең талғам.
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін жаралған.
Дина: Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,
Айтсаң оның тарихына сөз жетпес.
Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек,
Тіліміздің тарихы бар сан жетпес.
Тіл деген қасиетті ұғым екен
Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,
Ұмытпайық тілімізді ешқашан
Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.
Ақбота: Тілім саған әрқашанда бас иемін,
Бар ғой сенің бойыңда қасиетің.
Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,
Ұмытпайық бабалардың өсиетін.
Мәртебесі тіліміздің биік екен
Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.
Тілімізді ұмытпайық әрқашан
Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен.
Ән: «Жаса, Қазағым!»
Мұғалім: Келесі кезекте оқушылардың мақал – мәтелді қаншалықтымеңгергенін көрелік. Екі топқа бөлу, әр топқа 10 мақал – мәтелден айту, мақалдың басын айтып, соңын балалар жалғастыру керек. Викториналық сұрақтар қою.
Осымен «Менің тілім – қазақ тілі!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. ХХІ ғасыр – қазақ тілінің өрлеу, төрлеу, өркендеу ғасыры болғай.