| Тақырыбы | «Диалогтік оқыту» |
| Жалпы мақсаттар. | Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қалыптастыру. Әріптестерді өзін-өзі реттеуге бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік беру. 4. Білім алу сапасын арттыруда диалогтік оқытудың түрлерін және тиімділігін айқындау және тәжірибеге енгізуге бағыт-бағдар беру. |
| Күтілетін нәтиже: | Коучинг сабағы арқылы өзінің тәжірибесін қалыптастырады, ойлау үдерісін жүзеге асырады. Топта жұмыс жасау әдістерін үйренеді. Өз тәжірибесінде диалогтік оқыту әдістерін қолданады. Бағалау түрлерін үйренеді. |
| Әдіс-тәсілдер. | Топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, оқыту үшін бағалау, постер. |
| Ресурстар: | Слайд, маркер, стикер, қима қағаздар, бейнежазба. |
| Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру. | Логикалық ойлауға негізделген жаттығу. «Сөзжұмбақ» «Бірлік, бекінген, күш, төрткүл, әбестік, қалтырау, жетіген, сегізаяқ, тоғызқұмалақ, қонақ, қырықтық, келу, желтоқсан, жүзім, жымыңдаған. Сұрақ: Бұл сөздерді қандай жәйт біріктіреді? |
| Топқа бөлу. | Мектеп мұғалімдерін суреттер арқылы үш топқа бөу. |
| 1-слайд. | Коучинг дегеніміз не? Жеті модуль қағидалары. Мұғалімдерді мәліметпен таныстыру. |
| «Миға шабуыл» | Мұғалімдерге «Бір сөйлем» тақырыбында мәтін таратылады. Мәтін мазмұнымен танысады, постер құрайды, талдау жасайды. Мұғалімдер өзара бағалаулар жүргізеді. |
| Бағалау | «Екі жұлдыз, бір тілек» |
| Сұрақ-жауап. | 1.Диалог не білесіздер? 2.Диалог түрлерін сабақ кезеңдерінде қалай қолданасыздар? |
| 2-слайд. | «Диалог түрлері» |
| «Ой қозғау» | «Бейнежазба» «Егіз балалардың әңгімесі». «Жұмысшы мен бастықтың әңгімесі». «Штирлиц пен пастордың әңгімесі».». |
| Сұрақ: | Осы бейнежазбаны көре отырып, қандай ерекшеліктер байқадыңыздар? |
| Сергіту сәті. | «Қызыл өрік» би терапиясы. |
| Шығармашылық жұмыс: | Рөлдік ойын. «Компьютердің пайдасы мен зияны». 1-топ. «Әңгіме-дебат» 2-топ. «Кумулятивтік әңгіме» 3-топ. «Зерттеушілік әңгіме» |
| Рефлексия | «Себеттегі ой» |