2- сыныптар аралығында қазақ тілі пәнінен интеллектуалды ойын. 
  
  Мақсаты:  Қазақ тіліне деген құштарлығын арттыру,оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.
  
  Пәнаралық байланыс:  дене шынықтыру пәні
  
  Көрнекіліктер:  доп, эстафеталық таяқша, сурет, сөзжұмбақ, қималар.
  
  Таныстыру
 Эстафета ойыны «Сөзді тап!»
 Суретпен жұмыс (топ болып, бірігіп жұмыс істеу).
 Сөзжұмбақты шеш (доппен жүгіру).
 «Әріпті қой!» (обручпен секіру).
 Топ басшылар сайысы.
    
 1.Топтың аты: 
 2а сыныбы – Сұңқар тобы 
  Сұңқар тобы алға
  Биіктерге самға
  Достығымыз барда
  Жүреміз тек алда!
 
 Ұранымыз:  Сұңқардай қалықтаймыз
  Ізденуден жалықпаймыз!
 
 2б сыныбы – Қыран тобы 
  Қыран көкке самғайды,
  Көк аспанды қорғайды,
  Әрқашанда қырандай
  Біздің топта самғайды!
 
 Ұранымыз:  Қырандай қалықтаймыз
  Оқудан жалықпаймыз!
 
 2 – тапсырма. Сөзді тап! (Эстафета ойыны) 
 
 2а – сыныбы. 
 Красивый – әсем Народ – халық
 весна - ...(көктем) Рыба - ...(балық)
 
 Корабль – кеме Шаг – қадам
 Комната - ...(бөлме) Человек - ...(адам)
 
 Быстро – тез Свободный - бос
 Пять - ...(бес) Друг - ...(дос)
 
 Вчера – кеше Небо - аспан
 Сколько - ...(неше) Февраль - ...(ақпан)
 
 2б сыныбы: 
 Ключ – кілт Дядя - көке
 Облако - ...(бұлт) Отец - ...(әке)
 
 Достаток – береке Иди - бар
 Праздник - ...(мереке) Снег - ...(қар)
 
 Медленно – баяу Много - көп
 Пешком -...(жаяу) Трава - ...(шөп)
 
 Поэт – ақын Гусь - қаз
 Близко - ...(жақын) Лето – жаз
 
 
  3- тапсырма. «Көктем » тақырыбына сурет бойынша бес сөйлем құрастыру. 
  Топ болып бірігіп жұмыс істеу. 
 
  4 – тапсырма.Сөзжұмбақты шеш! (Допты жерге қағып, жүгіріп барып сөзді шешу) 
  2а сыныбы. 
  
   Клей - желім 
  Два - екі 
  Книга - кітап 
   Часы – сағат  
  Пять – бес 
   Хлеб - нан 
   Мел - бор 
  Ластик - өшіргіш 
 
 
 
 
 
 2б сыныбы 
  Мяч – доп 
  Стол - үстел 
   Месяц – ай 
  Птица – құс 
  Семь – жеті 
  Солнце – күн 
  Пять – бес 
  Восемь – сегіз 
 
 
 
 
 
 
 4 – тапсырма. «Әріпті тап!» 
 
 2а сыныбы. 
 С...мкеде к...тап, сыз...ыш, жел...м, ...штағ...ш, ...орап, к...нделік бар.
 Керекті әріптер:  ө,і, ғ, і, ұ, ы, қ, ү.
 
 2б сыныбы. 
 Әж...м қыз...ылт к...к, күлг...н т...сті гүлдерд... жақс... к...реді.
 Керекті әріптер : е, ғ, ө, і, ү, і, ы, ө.
 
 5 – тапсырма.Топ басшылар сайысы. 
 Топ басшылар отырып – тұрып берілген тақырыпқа қатысты кезек – кезек сөздер айтады. Кімнің сөздік қоры мол, сол оқушы жеңіске жетеді!
 1.Жеміс – жидек атауларын кезек – кезек айту.
 2.Оқу құралдарын атау керек.
 
 Қорытынды:  Бүгінгі 2 сыныптар аралығындағы дене шынықтыру пәнімен біріктіре өткізген жарыс - ойын сабағымыз аяқталды. Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.