|  Ұйымдастырушылық ізденістік |  -Қазір жылдың қай мезгілі?  - Күз неше айдан тұрады?  - Күзді неге «жомарт күз »деп атайды?    Ойын : «Табиғат мейірімді ».  Шарты: Сөйлемді бастап беру. Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады.  -Жер-Ана мейірімді ,өйткені ол ......( көкөністер мен жемістерді өсіреді).  -Күн мейірімді ,өйткені ол ......( жарығын, жылуын береді).    Жомарт күз.  Жемісі мол теретін ,  Күз дос екен бізбенен.  Бәрін тауып беретін    Жомарт екен күз деген.  
  
  Күз айында жемістер мен көкөністер піседі.Жемістер бақта өседі, көкөністер бақшада өседі.  -Жемістер мен көкөністерді ата.  Сергіту сәті:( баяу музыка орындалады)  Бастаушы: Күзде ағаш жапырақтары сарғаяды,жел соғады,ағаштар тербеледі, жапырақтар жерге қалықтап түседі.Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады.Тук,тук,тук (дыбыс шығару).Күн жарқырап шықты , біз қуанамыз!  Жұмбақ шешу  Жауып жаңбыр ,жерде сабыр,  Шөп, жапырақ солады.  Айтыңдаршы ,бөбектерім ,  Бұл қай кезде болады?  
  Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?»  Шарты: Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу. (Алма,алмұрт,шие) ағаштары 
 |  
  Сұрақтарға жауап береді. 
 
 
 
 Сөйлемді аяқтайды. 
 
 
 
 
 Жаттайды. 
 
 
 
 
 
 Атайды. 
 
 
 Балалар қимылмен көрсетеді. 
 
 
 Күзде 
 
 
 Тауып іледі. | 
  |  Рефлексия-лық  түзетушілік |  Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады.Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз »деп айтылады.Балалар мектепке барады.Жиын-терін болады. 
 |  
 Өз сөздерімен қорытындылайды. |