 
Етістіктің шақтарын қайталау 
     
Психологиялық дайындық 
Қайырлы күн достым, 
Қайырлы күн болсын, 
Сейсенбінің әр кезі, 
Сәттілікке толсын, 
Сендердің алар бағаларың, 
Кілең бестік болсын. 
     
-Етістіктің шағы дегеніміз не? 
-Шақтың бірнеше түрге бөлінуі неге байланысты? 
-Осы шақ дегеніміз не? 
-Осы шақтың мағынасы мен жасалуы жолы қандай? 
-Өткен шақ дегеніміз не? 
-Өткен шақтың қандай түрлері бар және олар қалай жасалады? 
-Келер шақ дегеніміз не? 
-Келер шақтың түрлері және жасалу жолдары қандай? 
     
Түсіп қалған етістікті тап, шақ түріне ажырат 
 
 
 
 
 
 
Өлең — сөздің патшасы,сөз сарасы,   
Қиыннан …………………… ер данасы.  
Желсіз түнде жарық ай, 
Сәулесі суда ………..   
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,  
Соқыр-мылқау ……………… тірі жанды.  
     
Сәйкестендір 
Мысалдар 
Осы шақ 
Пісірілді 
Өткен 
Жуынып жатыр 
шақ 
Келер 
Жаздырмақ 
шақ 
Тазаланады 
Жинасты 
Айтқызбақшы 
Ойнады 
     
1-топ 
«Қарадан хан болсам,халқым қалаған болар, 
Айырдан нар болсам,атам жараған болар, 
Көнеден дәурен озса,жасы жетуден болар, 
Көнеден қамқа тозса,дәурені кеткен болар». 
     
2-топ 
Ер жігіт айтпайды. 
Айтса қайтпайды. 
  
Оқи берсең көзің ашылады, 
Отыра берсең, жалқаулық басынады. 
     
3-топ 
Алтау ала болса,ауыздағы кетеді, 
Төртеу түгел болса,төбедегі келеді. 
  
Тіл тас жарады, 
Та жармаса,бас жарады 
     
4-топ 
Гүлі сұлу орманды 
Сусатпағым келеді. 
Жүзі жылы жандарды 
Құшақтағым келеді. 
     
Шығармашылық жұмыс 
     
«Дұрыс»,«Дұрыс емес» стратегиясы 
- Етістіктің шағы төртке бөлінеді. 
- Осы шақ бар, жоқ көмекші етістіктер арқылы жасалады. 
- -ар,-ер,-р мақсатты келер шақ жасайтын жұрнақтар 
- -ды,-ді,-ты,-ті жедел өткен шақ жасайтын жұрнақ 
     
 Сергіту сәті  Ашық айтқанда, маған әлі қиын...  Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат...  Ашық айтқанда, маған ұнамайды...  Ашық айтқанда, мен қуанамын.. . 
     
«Етістіктің шағы» 
     
Үйге тапсырма: 
Етістіктің шақ түрлерін қатыстырып, шағын шығарма жазу. «Мектептес дос», «Кім болам?» деген тақырыптың бірін таңдау. 
Етістіктің шақтары туралы қайталау 
     
1. Бүгінгі сабақта маған____________________қызықты болды. 
2.Маған________________қиындық туғызды 
3. Менің көңіл-күйім___________________