| 
 | Оқушыларға арналған шебер-сынып | 
  | Сабақтың тақырыбы: | «Отбасы» | 
  | Жалпы мақсаттар: 
 | Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру;Отбасындағы әке мен ананың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.
 | 
  | Шебер-сыныптың ережелері: | Белсенді болу, сынды көтере білу, өзгені сыйлау, шығармашыл болу, уақытты ұтымды пайдалану, ұйымшыл болу, тәртіпті сақтау | 
  | Күтілетін нәтиже: | Әр бала өз отбасын қадірлеуді, сыйлауды, үлкенді үлгі тұтуды, кішіге мақтан етуді, отбасының бірлігін сақтауды үйренеді. Ата-ананы, отбасын, өмір құндылықтарын құрметтейтін тұлға қалыптастыру. | 
  | Негізгі идеялар: 
 | Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
 Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
 | 
  | Ресурстар: | Интернеттен қосымша материалдар | 
  | Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, флипчарт, маркерлер, стикер, А-4 қағаз, түрлі-түсті қағаздар, қыстырғыштар | 
  | Оқыту әдістері: 
 | Интерактивті оқыту әдістері, СТО, диалогтік оқыту, топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, жеке жұмыс | 
  | Дерек көздері: 
 | 
 | 
  | Тапсырмалар: | Сұрақ-жауап, салыстыру, ассоциация   
 | 
  | Шебер-сыныптың барысы | 
  | Мұғалім әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Уақыты   | 
  | Жағымды психологиялық азуал туғызу.   | 
 | 3 мин | 
  | Ой қозғау: «Отбасы» (мұғалім оқушыларға «отбасы» деген сөзге қандай ассоцияция туындайтынын сұрайды) | Оқушылар «отбасы» деген сөзге ассоциация құрайды, өз ойларын ортаға салады, бір-бірлерінің ойын тыңдайды | 2 мин | 
  | Топтастыру: «Әке», «Ана», «Бала» (мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша сыныпты үш топқа бөледі) | Оқушылар тәттілер арқылы үш топқа бөлінеді | 2 мин | 
  | Топтық таныстырылым (мұғалім топ мүшелерін өз топтарын таныстырып өтуін сұрайды) | Үш топ арнайы берілген уақытта топты таныстырып шығу керек | 5 мин | 
  | Мағынаны тану: «Отбасы» (мұғалім бүгінгі сабақтың мағынасын түсіндіріп өтеді) | Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту | 10 мин | 
  | Топ жұмысы: ”Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені” (мұғалім оқушыларға топ жұмысының барысын түсіндіріп өтеді) | Берілген тапсырманы оқушылар флипчартқа орындайды, өз ойларын ортаға салу, қорғау, баяндау   | 5 мин | 
  | Сергіту сәті: «То не э проблема» (мұғалім оқушыларды сергіту сәтіне шақырады) | Оқушылар «То не э проблема» сергіту сәтіне билейді, бойларын сергітеді, көңіл-күйлері көтеріледі | 2 мин | 
  | Шығармашылық тапсырма: «Осындай біздің отбасы» (мұғалім оқушыларға тақырып бойынша өлең шығаруды ұсынады) | Оқушылар берілген тапсырма бойынша топпен бірлесіп өлең шығарады, бір-бірлерін тыңдайды, оқиды | 3 мин | 
  | Отбасылық коллаж   (мұғалім оқушыларға «отбасылық коллаждың» жасалу жолы және маңызын түсіндіріп өтеді)   | Топ берілген тапсырма бойынша өздерінің отбасылық суреттерін флипчартқа безендіреді, түсіндіреді, қорғайды | 5 мин | 
  | Кластер толтыру:   1-топ: “Отбасындағы қыз баланың міндеттері”2-топ: “Отбасындағы ұл баланың міндеттері”
 3-топ: “Отбасындағы ата-ананың міндеттері” (мұғалім топтарға тапсырмаларды бөліп береді)
 | Берілген тапсырма бойынша оқушылар топта бірлесе отырып флипчартқа берілген тапсырманы орындайды, қорғайды | 5 мин | 
  | Синквейн: «Отбасы» (мұғалім оқушыларға бес жолды өлеңді құрастыруды ұсынады) | Берілген тапсырма бойынша әр бір оқушы «отбасы» деген сөзге бес жолды өлең құрастырады, оқиды, іледі | 2 мин | 
  | Эссе хат: “Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя” (мұғалім оқушыларға эссе хат жазуын сұранады) | Оқушылар берілген тақырыпқа эссе хат жазады | 5 мин | 
  | Кері байланыс:   | Бүгінгі сабақтан алған мағлұматтары туралы кері байланыс орнатады | 2 мин | 
  | Рефлексия   | Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, кір қыстырғышпен іледі | 1 мин |