| Сынып: 6 « Ә » | Күні: 12.11.2014 жыл | Пәні: Қазақ тілі | 
  | Сабақтың тақырыбы   | Сын есім туралы түсінік | 
  | Сілтеме:  | Күнтізбелік жоспар, оқулық : С. Исаев , К. Назарғалиева, Ж. Дәулетбекова « Қазақ тілі» 6 сынып | 
  | Жалпы мақсаттар: |  Сын есім туралы түсініктерін кеңейту  Сын есімнің белгілерін меңгерту Сын есімге сұрақ қоя білу | 
  | Ресурстар: | Оқулық, интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар. | 
  | Әдіс - тәсілдер | Тәсілі : жеке, жұппен, топпен | Әдісі: АКТ, СТО, диалог | 
  | Оқыту нәтижесі:  | Топқа бөлу барысында жағымды психологиялық ахуал тудырамын. Балалармен бірге топ ережесі құрылады. Тақырыпқа теориялық талдау жасалады. Оқушылар жекелеме,жұппен,топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қортындылайды, бағалайды. | 
  | Дерек көздер | Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер. | 
  | Сабақтың барысы  | Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушының іс – әрекеті | 
  | 
 
 Ұйымдастыру кезеңі: |  
 1 мин | Шаттық шеңбері «Жүректен жүрекке» мұғалім бірінші тілек білдіреді | 
 Оқушылар тілекті бір-біріне жалғастырып,тілек айтады | 
  |  
 6 мин | Топқа бөлу – әртүрлі суреттер таратады, топ ережесін құрады, тақтаға плакат іліп, оқушылар дан: -Топпен жұмыс істеу үшін топ мүшелері қандай ережелерді сақтау керек? т.б. сұрақтар қояды.Алдағы уақыт та осы ережелерді басшылыққа алып,топтық жұмыс жасайтындарын айтады.   | Оқушылар ұқсас фигуралармен бірігіп 2 топ құрайды, әр топ тапсырма бойынша : топ ережесін топта талқылап, талдап, плакатқа топтар кезектесіп жазады. 
  Топтар : Жемістер, Көліктер,     | 
  | 
 
 
  Қызығушылы  ғын ояту: 
 |  
  
  
 10 мин | Интерактивті тақтаға «Қайталау–оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады. 10 10   20 20    30 30  Бағалау үшін :        
  береді. | Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды. 10 – Зат есім дегеніміз не ? 10- Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? 20 – Зат есімнің қандай түрлері бар ? 20 – Деректі зат есім дегеніміз не ? 30 – Дерексіз зат есім дегеніміз не ? 30– Сөз таптарының реті қандай ? 
 | 
  | 
 Мағынаны ажырату 
 Жаңа тақырып |  
  
  
 15-20 мин | Жаңа тақырыпты топтық жұмыс арқылы тақырыпты ашады. Постер құрады. 
 І топ ІІ топ  
 
 
 
 
 
 
 
 Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап, білім, білік дағдыларын анықтап, кері байланысқа шығады. 
 |  Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады.Өзгелерді тыңдай отырып , өз білімін толықтырады. Ізденеді. І топ : І жағдай - Сын есімнің ережесін шығарады  Заттың сынын, сипатын, сапасын, түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады. ІІ топ: І жағдай - Сын есімнің белгілерін атайды. Заттың түр -түсін, көлемін, дәмін, иісін, аумақтық, салмақтық белгісін анықтайды.    І топ . ІІ жағдай- Сөздерді сын есімдермен байланыстырып жазады. 128-жаттығу. Салқын, терең, әдемі, жеңіл, ұзын, қатты. Мысалы: Салқын су. IІ топ . IІ жағдай.   Өлең жолдарындағы сын есімдерді табады. 129-жаттығу Бағалау : Бірін – бірі бағалайды   | 
  | Сергіту сәті | 3 мин | Тізбектеліп сын есімдерді атау | 
  | Ой - толғаныс | 
  5 мин | Әр топқа деңгейлік тапсырмаларды тест түрінде беріледі.  Сын есімдерді пайдалана отырып мәтін немесе өлең құрастыру | Оқушылар критерий арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды, топ жетекшісін топ мүшелерінің бірі бағалайды.  Критерий      | № | Критерий | Балл |   | 1. | Мәтінде сын есімнің болуы |  3 |   | 2. | Сын есімді мағынасына сай қолдану |  3 |   | 3. | Нәтижесі |  3 |        | 
  |  Бағалау |  1  мин |  Постерлер астына смайлик жапсыру арқылы топтар ақылдасып,басқа топтарды бағалады.Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын бағалайды.Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады. | 
  |  Рефлексия |  
 |  Стикер таратып, оқушылар пікірін білдіреді. | 
  |  Үй жұмысы |  1мин |  131 -жаттығу. Сын есімдерді тіркескен сөзімен бірге қосып жазу |