Просмотр содержимого документа
«К?з- береке,к?з-мереке »
Күз-береке,күз-мереке
1-жүргізуші:Армысыздар мейірімді тәрбиешілер,құрметті ұстаздар,оқушылар.Табиғат-күллі тіршіліктің атаулының қуатты қонысы,алтын ұя бесігі,құт берекесі.Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше.Күз адам баласына молшылық,береке әкелетін кезең.
2-жүргізуші:Күзде егінді жинап алатын ата-бабаларымыз күз мерекесін тойлап отырған.Сол дәстүрді жалғастыра отырып «Күз мереке-күз береке»атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:Кешімізді бастауыш сынып оқушылары өздерінің дайындаған тақпақтарымен ашады.
1-оқушы: Жайдары күз,жарқын күз
Аяулы күз,алтын күз
Дәнге толып ен далам
Дариядай шалқар кұз
2-оқушы:Мерейлі күз,мырза күз
Сыйлығыңа ырзамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз
3-оқушы:Күнде көрсе толғанар
Бұлтты көрсе шамданар
Қысты қазір жолатпа
Тола түссін қамбарлар
4-оқушы:Көк аспанның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп
Асыл салып жүре бер
Сары көйлегің желбіреп.
2-жүргізуші:Енді мерекемізді одан ары жалғастырайық.Келесі кезекте бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салатын кез келді.
1-жүргізуші:Рахмет балалар барлықтарың да өнерлі,білімді балалар екенсіңдер.Барлықтарыңа рахмет.
2-жүргізуші:
Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын
Көңілді серіппелі күйін ашсын
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып,құлақ салыңыздар
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар.
1-жүргізуші:Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп
Көңілсіз қалары хақ бір серпілін
Осылай бәрі-бәрі болып жатса
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.
1-жүргізуші:Ары қарай кешімізді «Күз ханшайымы мен күз ханзадасы»
Біздің сайысымыз 5-9сынып оқушылары арасында өтеді.
Сайыс бес бөлімнен тұрады.
1.Кел танысайық
2.Өз өнерін көрсету.
3.Қас-қағым сәт.(күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап беру)
4.Күзгі ханзада мен күз ханшайым(күзгі сән үлгілерін көрсету)
5.Күз сыйы(Жасаған жұмыстарын көрсету)
2-жүргізуші:
Күз мейрамы құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға
Әділқазылар алқасымен таныстырып,кетейінші осы отырған баршаңа дей келе құрметті көрермендер әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.
2.
3.
4.
1-жүргізуші:Біздерде ойын-сауық басталады
Тамаша ән айтылып,би билейді
Қошеметтеп қол соғып отырайық
Ұмытамыз күні-бойы шаршағанды.
2-жүргізуші:Аққудай әдеміміз,сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып
Еріксіз өзімізне қаратамыз-деп байқауымызға қатысатын үміткерлерімізді ортаға шақырамыз.Бүгінгі балымыздың үміткер ханзадалары мен ханшайымдары.
1-жүргізуші:Қош келдің көрермен
Бүгінгі мынау кешке
Отырыңыз қол соғып
Шат күлкіге бөлене
Көбейді құт –береке
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке
«Алтын күзді»тойлаймыз.
2-жүргізуші:Ендеше,құрметті көрермендер қатысушыларға сәттілік тілей отырып,алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық.Ол үшін ханзадалар жеребе тартса дейміз.
1-жүргізуші:Құрметті көпшілік көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердім.
Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық»үміткерлердің өздерін таныстыруы.
(«Кел,танысайық» бөлімінің бағасын берсеңіздер).
Әділқазыларға сөз.
2-жүргізуші:Асыл тастан,өнер жастан шығады деп дарынды.
Халық айтса қалт айтпас,
Әрқашан да нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден.
өнермен танысайық
Тілекші боп көңілден.Ортада сайыскерлеріміздің «өз өнерлерін»таныстырайық.
Енді әділ қазы алқаларына сөз беремін.
1-жүргізуші:
Күз келді,хан мен ханшайым
Өткізді күзгі бал айын.
Ағызар сөйлеп сөз майын,
Ал ханымыз ақылды.
Барша жұртты шақырды,
Би де билеп ән айтты.
Қуаныштан шалқыды.
Ханзада мен ханшайымымызды өз өнерлерін көрсетіп болса,үшінші бөлім «Қас-қағым»сәтке кезек берейік.
«Жапырақ тер»ойыны арқылы ұйымдастырылады.Алдарыңыздағы жапырақтарды таңдап сондағы сұрақтарға жауап беріңдер.
1.А.Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?
Ә.Жұмбақты шеш.
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл,
Түссе сары.
2.А.Күз мезгілінің неше айы бар,қандай-қандай?
Ә. Жұмбақты шеш
Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
3.Мақал –мәтелді жалғастыр.
Еңбек түбі........
Еңбек етсең ерінбей.......
4.Нан дастарханға қалай келеді?
5.Бес жеміс-жидекті атаңыз.
2-жүргізуші:Әділқазылар бағасын берсе.
Бүгінгі кеш өтіп жатыр кезегімен
әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен.-деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған «Күзгі ханзада мен ханшайымды» күзгі сән үлгісінде ортаға шақырамыз.Ендеше,қол соғып,қошеметтеп отырайық.
Әділқазыларымыз не айтар екен?
1-жүргізуші:
Көрсетеді өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып,
Мерекелік күзгі сыйды жасапты,
Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп. «Күз сыйы»бөліміне қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын.Жәнеде әділқазылар алқасы қарап,бағалап жіберсе.
2-жүргізуші:Жеңістер мен жеңілістерден тұратын,
Өмір-күрес,жеткіземе мұратын,
Жеңбедім деп,жеңілдім деп ренжімегін.
Қатысу да бір жеңіс,
Жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз алда талай сайыстар бар.
Өнерлерің өрлей берсін,қайыспаңдар.
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-дей отырып, «Күзгі ханзада мен ханшайым»байқауының нағыз ханзада мен ханшайымын жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз.
1-жүргізуші:Құрметті көрермендер!Жеңімпаздарға биік шыңдарды бағындырып,қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып,кешімізді осымен тәмамдаймыз.