Просмотр содержимого документа
«??ра? туралы жалпы т?сінік. »
Құрақ туралы жалпы түсінік
Жанат РЕШ
№226 гимназия
Әйтеке би кенті, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы
Сабақтың мақсаты: құрақтардың түрлерімен таныстыру, қарындашпен эскизін жобалау, құрақтың тарихына кеңінен тоқталу, құрақ құрауға керекті құрал-жабдықтармен таныстыру.
Білімділік мақсаты: құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру, жалпы көрпе-жастықтың қажеттілігіне тоқтаул;
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ұлттық бұйымға қызығушылығын арттыру, жаңа сабақ барысында,сұрақ қою арқылы қарындашпен эскиз сыздыру, матаның түрлерімен таныстыру арқылы олардың ой-өрісін дамыту, репродукциялық материалдармен жұмыс жасату;
Тәжірбиелік мақсаты: ұмытылып бара жатқан ұлттық мұраларды еске түсірі, жалқаулықтан аулақ болып, ерінбеуге, шебер болуға баулу. Құрақ құрай білі өнері арқылы өмірге қабілеттілікті тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, құрақ жайлы альбом, түрлі түсті маталар (драп, сукно,барқыт, мақта маталары), жіңішке ине, мата түріне сәйкес жіп түрлері (мақта, жібек, синтетикалық жіптер), ұшы сүйір қайшы, басы дөңгелек жіңішке түйреуіштер, қалам, бор, сабын, щаблондар (үшбұрышты, төртбұрышты, әр түрлі өлшемдер) улгілерді қатты картондардан жасаға болады.
Сабақтың типі: аралас, сарамандық және теориялық.
Пәнаралық байланыс: сызу, тарих, геометрия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) тақтаны ұйымдастыру-бес минут
ә) партаны ұйымдастыру-екі минут
б) үй тапсырмасын сұрау-он минут
в) жаңа сабақ түсіндіру-жиырма-жиырма бес минут.
Құрақ-мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Құрақты қазақ халқы тек төсеніш ретінде ғана емес, сонымен бірге сәндік үшін жастық бетіне де салған. Құрақ Қазақстанның барлық облыстарына тән өнердің түрі. Геометриялық білімді арнайы қу орнынан алмасада, шеберлер түрлі сәнді құрақтарды соншалықты дәлдікпен құрай білген. Сәндікпен қоса үнемділікті де ұмытпаған. Үй жиһаздарының бірі-құрақ көрпе, көрпеше ата-бабамыздың дәстүрлі төсеніші болған. Тұрмысымызға көрік беретін сәнді бұйым болғандықтан шеберлер бар өнерін салған. Қолдорба, керме, аяққап, сандық жапқыш көрпеге құрақ құрап салған. Шебердің ой қиялынан түрлі құрақ түрлері шыққан: үшбұрышты, ромбик, жапирықша, жұлдызша, т.б.
Құрақтың тарихына кеңінен тоқталу.
Құрақтың тұрмысқа алатын орны мен оның түрлері.
Сарамандық жұмысты ұйымдастыру:
а) оқушыларға жалпы тапсырма беру;
ә)оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасау.
Талдау жұмысы (10 минут).
а) жаңа сабақ бойынша жалпы сұрақ қою.
ә)салыстырмалы түрде бағалау.
Үйге тапсырма беру, сабақты қорытындылау.
Сарамандық жұмысты ұйымдастыру.
Сыныптағы оқушыларды түгендеу, кезешіні тағайындау. Партаны ұйымдастыру, артық заттардың болмауын ескертіп, сол жаққа қажетті құралдарды, керекті материалдарды орналастыру, оң жаққа дәптер, қарындаштар мен өшіргішті қою.
Оқушыларға жалпы тапсырма.
Жалпы сұрақ қойып, құрақтың эскизін салдыру, топқа бөліп жұмысты ұйымдастыру.
Оқушыларға жеке тапсырма. Оқушылардың сызған эскизі мен жасаған жұмысын жандарына барып бақылау, жеке-жеке сұрақ қою, юілмеген сұрақтарына жауап беріп үйрету.
Талдау жұмысы.
Жаңа сабақ бойынша жалпы сұрақ қою.
- құрақ дегеніміз не?
Құрақ-мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі.
- құрақтың тұрмыста алатын орны, құрақ қандай бұйымдарға салынады?
Тұрмыстық бұйымдарға – көрпе, жастық, дорба, жапқыштардың бетіне сән беру үшін әртүрлі құрақ салған.
Оқушылардың жұмыстарын салыстыру арқылы бағалау. Жіберген кемшіліктерін ескеріп, түсінбегенін түсіндіріп үйрету. Сабақты қорытындылау.
Құрақ-адамды үнемділікке үйретеді. Кішкентай мата қиындысынан сәнді зат жасау өмірге қабілеттілікке тәрбиелейді. Кез келген жайғдайдан шығу да құрақ өнерін жақсы меңгеріден ұшталады. Десек қателеспейміз.
Өз қолдарыңмен жасаған бұйым әрқашан да ыстық болады. Сондықтан уақыт тауып жиі-жиі тігінмен, құрақ құраумен айналысыңдар.
Есейіп, ақыл тоқтатып өмірге араласқанда, өз беттеріңше өмір сүргенде үйлесімділік, төзімділік, тосыннан шешім қабылдау, шапашаңдық, еңбекқорлық сияқты қасиеттер өте қажет болады, осы қасиеттердің ұшқыны еңбек сабағында, еңбек етуде қалыптасады, уақыт қайталанбайды, уақытты босқа өткізуге болмайды.
Үйге тапсырма: құраққа керек құрал-жабдықтарды, мата қиындыларын келесі сабаққа ұмытпай әкелулерін тапсыру. Әдебиеттерден құрақ туралы білімдерін жетілдіру.