Просмотр содержимого документа
«?ол?нер тарихы. Ілмек бізбен то?у техникасы»
Қызылорда обылысы.Қармақшы ауданы
№121 орта мектеп
Технология пәні мұғалімі: Көбекова Гулмира
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қолөнер тарихы. Ілмек бізбен тоқу техникасы
Сабақтың мақсаты: Адам өміріндегі тұрмыс қажеттілігінен туындаған еңбек құралдары арқылы қол еңбегінің пайда болуы туралы түсіндіру
Қолөнер бұйымдарын дайындау технологиясының бірізділігін меңгерту үшін жағдай жасау.
Міндеттері: Оқушылардың білім қорларын, іскерлік дағдыларын молайту,
Күтілетін нәтиже: Қолөнер тарихы жайлы мағлұмат алады . диалогтік қарым қатынас барысында оқушының сөйлеу дағдысы қалыптасады .Іске машықтану арқылы іскерлігі, икемділігі, ойлау, есте сақтау қабілеті артады, ұқыптылыққа, эстетикалық талаптарды орындай білуге, өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыланады
Дерек көздер: «Мектептегі технология» әдістемелік журналы, ғаламтор желісі,
Сабақтың түрі: Білім, біліктілігі мен іскерлігін қалыптастыру.
Қолданылатын әдіс—тәсілдер: АКТ,диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау.
Тапсырмалар: деңгейлік сұрақтар, , топтық жұмыс, сарамандық жұмыс
Сабақтың жабдықталуы: АКТ( слайд, бейнеролик), қолөнер бұйымдары. оқу құралдары, жұмыс құралдары( тоқыма жіп, ілмек біз)
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
І Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпқа жағымды ахуал туғызу, сандар арқылы топқа бөлу, топбасшысының міндетімен таныстыру
Топқа бөлінеді
ІІ Өткенді қайталау
«Ойлан, есіңе түсір»
Бағалау
ІІ Үй тапсырмасы
1.Өткен сабақты қайталау үшін деңгейлік сұрақтар беру
1.Бөлме гүлдерінің
қандай түрлерін білесің?
2.Бөлме гілдерін қалай көбейтеді?
3.Пәтердегі бөлме
өсімдіктерін орналастыру
тәсілдерін атаңдар.
4.Өсімдіктерді немен
қоректендіреді ?
5.Пәтер интерьері дегенді
қалай түсінесің?
6.Адам өмірінде өсімдіктер
қандай рөль атқарады?
7 Бөлме гүлдерін күту
үшін не істеу керек?
8. Бөлме гүлдерінің қандай
қасиеттерін білесіңдер?
Сұрақтың деңгейіне қарай ұпай сандармен бағалау
2.Сарамандық жұмыстың орындалуын тексеру
Оқушылардың дереккөздері арқылы жинақтаған білімдерін зерделеу
Қолөнер дегеніміз не?
Қолөнер қалай пайда болды ?
Еңбек құралдарының ең ежелгі түрі неден жасалды ?
Тұрмыс қажеттілігі нені талап етті ?
Сарамандық жұмысқа дайындығын тексеру
Өткен сабақ бойынша сұрақтарға жауап береді,
Оқушылар сарамандық жұмыстарының орындалу технологиясын таныстырады
Сұрақтарға жауап береді.
ІІІ Жаңа сабақ
Мағнаны тану
«Қай шебердің кәсібі»
Қолөнер тарихы жайлы түсінік беру
Топтық тапсырма беру
Бірлесіп жұмыс жасайды
Сарамандық жұмыс
Жұмыс орнын ұйымдастыру.
Сарамандық жұмыстың түрімен таныстыру
Техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру
Бейнеролик арқылы тоқу жұмысына нұсқау беру
Сарамандық жұмыс түрімен танысады. Техника қауіпсіздік ережелерімен танысады . бейнеролик көреді.Көріністегі нұсқау бойынша жұмыс жасайды.
Қорытындылау
1.Қолөнер дегеніміз не?
2.Қолөнердің қандай түрлерін оқып білдіңдер?
3. металды және асыл тастарды өңдеп бұйым жасайтын шеберді кім дап атайды?
4.Геометриялық фигураларды қиюластыру қай шебердің кәсібі?
5.Мал жүнін өңдеу кандай қолөнердің түрін ойлап табуға себеп болды?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Бағалау
Үйге тапсырма
1.Оқушының білімен сарамандық жұмыстарды игеру деңгейіне қарай бағалау.
Тоқу жұмысын қайталау арқылы қол дағдысын қалыптастыру .