Пішім бөлшегіне контур жүргізіп, тігіске қосымша кеңдігін көрсету.
Тігіс кеңдігі сызығымен бұйым бөлшегін пішу.
Шалбардың алдыңғы жартысын өңдеу
Бүйір қиықтарын тізе деңгейінде түзу сызыққа дейін созу. Пайда болған селкілікті бүктеме сызығына қарай жая үтіктеу.
Адымдық қиықтарды тізе деңгейінде түзу сызыққа дейін созу. Пайда болған селкілікті бүктеме сызығына қарай жие үтіктеу.
Бүйір қиығын мықын деңгейінде жие үтіктеу.
Созылып кетуден сақтау үшін күлте сызығын жия үтіктеу.
Келесі жағын өңдеуді дәл осындай тәртіпте жүргізу.
Шалбардың артқы жартысын өңдеу
1,2,3, Алдыңғы жартысы қалай өңделсе, дәл сол сияқты өңделеді.
Ортаңғы қиықтарды тарту, пайда болған селкілікті бүгілме сызығына жия үтіктеу (қиғаш жіп бойынша қатты созу шалбардың барлық моделінде ортаңғы тігістің айырылып кетуіне соқтырады).
Келесі жағынан өңдеуді қайталау, қиықтардың қонымдылығын тексеру.
Бүктемелерді жатқыза үтіктеу.
Шалбарды көктеу.
ЫЖӨ-ден кейін бүйір және адымдық қиықтардың сәйкес келуін бірінің үстіне бірін қойып тексеру; шалбар бөлшектерін үстелдің үстіне қиықтарын түйістіріп қойып, балақ, тізе деңгеййінде, отыру тұсында жаңа бақылау белгілерін қою.
Бүкпелерді көктеу.
Белгілерді қоса, белгіленген сызық бойымен бүйір тігістерін түйреу және көктеу: сол жақ шетінен түймелікке тілік қалдыру.
Адымдық қиықтарды түйреу және көктеу.
Қиықтарды және адымдық тігісті қоса, ортаңғы тігіс сызығы бойымен шалбардың оң және сол жақ жартысын түйреу және көктеу.
Белгіленген сызық бойымен шалбар балағын бүгіп көктеу.
Белдікті қосып көктеу.
Шалбарды бірінші рет шақтап көру тәртібі
Шалбарды қию, түйреуіштерді көлденең немесе ұшын төмен қарата қадап, түймелікті түйреу.
Шалбарды дене бітімде күлте сызығымен отыратын шығыңқы тұс дәл ортасына келетіндей етіп жазып тегістеу.
Барлық деңгей бойынша шалбардың көлемін анықтау бел, мықын, тізе, балақ.
Шалбардың ұзындығын және отыру сызығының тереңдігін тексеру.
Бүктеменің дұрыс отырылуын тексеру.
Белдіктің орналасуын тексеру.
Қорытынды нұсқау
Әр оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, кемшілік жіберген жеріне 21 кестені пайдаланып түзету енгізуіне көмектесу.