Сол к?рсетілген ролик бойынша ?з ?мірлерімен байланыстырып,ойларын орта?а салу.
?ке ?лыны?,шеше ?ызыны? жан д?ниесіне ??іліп,жан сырын аша білсе баланы? ?мірге деген сенімі к?шейе т?сері аны?.
??рметті ата-ана !
Сіз ?ткен к?нмен емес на?ты ?мірмен,б?гінгі к?нмен ?мір с?ретін адам болса?ыз,сонымен бірге,Сіз ерте?ге де сеніммен ?арайтын адам болса?ыз,б?л жадынама бала?ызбен жылы ?арым-?атынасты са?тау?а к?мектеседі.
1.Сізді? бала?ыз бен отбасы?ыз-?мірі?іздегі е? басты ??ндылы? екенін ?мытпа?ыз!
2.Отбасы сізден еш?айда ?ашпайды деп ойлама?ыз, оны «содан кейін» ?арастыру?а болатын ма?ызды істер ?атарына жат?ызба?ыз.
10.К?нделікте ба?асын ?ана емес,б?гінгі к?ннен ал?ан ?сері мен жолдастарымен байланысында?ы к??іл-к?йі жайлы да с?растыры?ыз.
11.Аз болса да уа?ыты?ызды оны? достарымен танысып,араласу?а ж?мса?ыз.
12.Кеші?ізді теледидар к?ру,ма?ынасыз телефонмен с?йлесулер, кір жуу мен ?й жинау?а кетіре бермей бала?ызбен е? ма?ызды, е? ?ымбат м?селелер жайында ??ша?тасып отырып ??гімелесе?із.
13.Бала?ызды жан-жа?ты ба?ыла?ыз,оны? ішкі жан д?ниесімен танысы?ыз,кешігіп ?алма?ыз!
14.?йге кешігіп келгені?із немесе орындама?ан у?де?із ?шін баланы сыйлы? ?перумен алдама?ыз: уа?ыт ?те келе ол Сізді емес,сыйлы?ты ?ана к?тетін болады.
15.Бала?ызды ?йде жа?ын адамдарды тоса білу д?ст?ріне ?йреті?із.
М?мкін,б?л-?демі,ж?рекке жылы салт ретінде к?рінер:?стелдегі ?демі салфеткалар,хош иісті тама?,жа?сы музыка ж?не ?йге кіріп келе жат?ан
?ке мен Шеше.Уа?ыт ?те келе осындай д?ст?рді ?алыптастыр?ан
ата-аналар ?здеріні? есейген балаларын ??гімелесу ?шін осылай к?тіп отыратын болады.
17.Ол Сізді ??ша?та?ысы келгенде одан безбе?із,?ол сілтеме?із,сізді ??ша?ына алу?а м?мкіндік бері?із.Б?л о?ан к?ні бойына жа?а кездесулер,?зіне сенімділік,эмоционалды? ?уат береді.Баланы б?л м?мкіндіктен айырма?ыз!
Просмотр содержимого документа
«Т?рбиедегі ата-ананы? ролі»
Ата-аналарға арналған психопрофилактикалық жұмыс
Тақырыбы: Тәрбиедегі ата-ананың ролі
Мақсаты: Бала ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы,бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты іс екендігіне назар аударып,ата-аналарды мектеппен ынтымақтастыққа шақыру.Балалық-ата-аналық өзара қарым-қатынастардың жетілдірілу қажеттігін қалыптастыруға әрекет ету.
Көрнекілігі: Сауалнама бланктері
«Жақсы ата-ана болу оңай ма?» ата-аналарға арналған жадынама
Релаксациялық әуен
Слайд
Барысы
Жиналыс басталғанға дейін ата-аналар тақырыпқа бағытталу үшін ақырын, баяу ойнап тұрған әуен және презентация слайдтар көрсетіледі,жайғасады.
Тренинг : «Танысу»
Ата-аналар өз есімдерін және есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды сөз айтады.
Сол көрсетілген ролик бойынша өз өмірлерімен байланыстырып,ойларын ортаға салу.
Әке ұлының,шеше қызының жан дүниесіне үңіліп,жан сырын аша білсе баланың өмірге деген сенімі күшейе түсері анық.
Құрметті ата-ана !
Сіз өткен күнмен емес нақты өмірмен,бүгінгі күнмен өмір сүретін адам болсаңыз,сонымен бірге,Сіз ертеңге де сеніммен қарайтын адам болсаңыз,бұл жадынама балаңызбен жылы қарым-қатынасты сақтауға көмектеседі.
1.Сіздің балаңыз бен отбасыңыз-өміріңіздегі ең басты құндылық екенін ұмытпаңыз!
2.Отбасы сізден ешқайда қашпайды деп ойламаңыз, оны «содан кейін» қарастыруға болатын маңызды істер қатарына жатқызбаңыз.
3.Өз балаңызға неліктен жұмыста таң атқаннан кеш батқанша жүру қажет екендігін түсіндіріңіз.
4.Балаңызды жұмысыңызбен таныстырыңыз.Ол сізбен бірге жұмыс істейтін адамдар үшін Сіздің орныңыз бөлек екенін сезінсін.
5.Өз жұмысыңызды балаңызға жаман жағынан көрсетпеңіз.Сізді жұмыстан күтіп отырғанда балаңыз жаман көңіл-күймен келетініңіз туралы ойламау керек.
6.Балаңызға өзіңіздің жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз туралы айтып отырыңыз.
7.Үйге келгеннен кейін балаңызбен қарым-қатынас барынша жиі болуын қамтамасыз етіңіз.
9.Балаңызбен әңгімелесуді көңілді түрде жүргізуге тырысыңыз.
10.Күнделікте бағасын ғана емес,бүгінгі күннен алған әсері мен жолдастарымен байланысындағы көңіл-күйі жайлы да сұрастырыңыз.
11.Аз болса да уақытыңызды оның достарымен танысып,араласуға жұмсаңыз.
12.Кешіңізді теледидар көру,мағынасыз телефонмен сөйлесулер, кір жуу мен үй жинауға кетіре бермей балаңызбен ең маңызды, ең қымбат мәселелер жайында құшақтасып отырып әңгімелесеңіз.
13.Балаңызды жан-жақты бақылаңыз,оның ішкі жан дүниесімен танысыңыз,кешігіп қалмаңыз!
14.Үйге кешігіп келгеніңіз немесе орындамаған уәдеңіз үшін баланы сыйлық әперумен алдамаңыз: уақыт өте келе ол Сізді емес,сыйлықты ғана күтетін болады.
15.Балаңызды үйде жақын адамдарды тоса білу дәстүріне үйретіңіз.
Мүмкін,бұл-әдемі,жүрекке жылы салт ретінде көрінер:үстелдегі әдемі салфеткалар,хош иісті тамақ,жақсы музыка және үйге кіріп келе жатқан
Әке мен Шеше .Уақыт өте келе осындай дәстүрді қалыптастырған
ата-аналар өздерінің есейген балаларын әңгімелесу үшін осылай күтіп отыратын болады.
17.Ол Сізді құшақтағысы келгенде одан безбеңіз,қол сілтемеңіз,сізді құшағына алуға мүмкіндік беріңіз.Бұл оған күні бойына жаңа кездесулер,өзіне сенімділік,эмоционалдық қуат береді.Баланы бұл мүмкіндіктен айырмаңыз!
18.Есіңізде сақтаңыз! Бүгінгі күн балаңыздың Сізбен қарым-қатынасынан айырсаңыз,қартайғанда өзіңізбен қарым-қатынасын үзесіз деген сөз!
Есте сақтаңыз:бумерангтың қайта айналып келетін қасиеті бар!
Сіздің ата-аналық бақытыңыз өзіңізбен әрқашан бірге болсын!