Просмотр содержимого документа
«Мектептегі буллинг: себептері мен салдары»
Мектептегі буллинг: себептері мен салдары
Буллинг – мектепте балалардың бір-біріне қарсы жасайтын агрессиясы, қысым көрсетуі. Ол бірнеше түрге бөлінеді: сөзбен мазақтау, физикалық ұру, әлеуметтік шеттету, кибербуллинг.
Буллингтің себептері:
- Үйдегі жағдай: Баланың отбасында түсініспеушілік, ата-анасының шамадан тыс қатаңдығы немесе керісінше, бақылаусыздығы буллингке себеп болуы мүмкін.
- Өзін-өзі бағалаудың төмендігі: Кей балалар өзіне сенімсіз болып, басқаларды қорқыту арқылы өз позициясын қорғауға тырысады.
- Құрдастар арасындағы бәсекелестік: Кейде достық қарым-қатынас орнату қиындықтары буллингтің себебі болады.
- Психологиялық қиындықтар: Қорқыныш, қызғаныш, ашуланшақтық сезімдері көрініс табуы мүмкін.
- Мектептегі жағымсыз атмосфера: Педагогтардың немесе әкімшіліктің буллингке назар аудармауы.
Булингтің түрлері:
- Сөзбен ренжіту (қорлау, мазақ ету)
- Физикалық қысым (ұру, итеру)
- Әлеуметтік шеттету (дос болмау, ойынға қоспау)
- Кибербулинг (әлеуметтік желіде қорлау)
Буллингтің салдары:
- Психологиялық жарақат: Балаларда стресс, үрей, депрессия пайда болуы мүмкін.
- Оқу мотивациясының төмендеуі: Қорқу салдарынан оқуға құлшыныс азаяды.
- Әлеуметтік шеттету: Құрдастарымен араласудан бас тарту, жалғыздық.
- Денсаулыққа әсері: Ұйқы бұзылысы, бас ауруы, ас қорыту проблемалары болуы ықтимал.
Қорытындылай келгенде,Буллинг – мектептегі үлкен мәселе. Оны жою үшін ата-ана, мұғалім және психолог бірге жұмыс жасауы қажет. Барлық балаларға қауіпсіз, қолдау көрсететін орта жасау – басты міндетіміз. Осы орайда «Буллингке жол жоқ» деп үндеу парағын жариялаймыз. Үндеу парағы төмендегідей үлгіде болды.