Осыларды? ішінен сізді «б?л-Мен!» дегізетіндей біреуін та?да?ыз.Сонымен сіз та?да?ан фигура?ыз-сізді? негізгі ?стемдік ететін мінез-??л?ы?ызда?ы ерекшеліктерді аны?тау?а м?мкіндік береді.
Психогеометриялы? тест ?дістемесі ар?ылы жасал?ан диагностиканы? д?лдігі – 85%!
Н?с?ау:
Суретте бейнеленген 5 фигура?а ?ара?ыз: квадрат, ?шб?рыш, тік т?ртб?рыш, ше?бер, ирек. Осыларды? ішінен сізді «б?л – Мен!» дегізетіндей біреуін та?да?ыз. ?зі?ізді? форма?ызды сезіні?із. Та?дау ?иын болса, сізге бірінші болып «?ара?ан», к?зі?ізге бірінші іліккен форманы алы?ыз. Оны №1 деп белгілеп жазып алы?ыз. Одан кейін ?ал?ан фигураларды ?алауы?ызша н?мірлік ретімен жазы?ыз.
Жа?ымсызжа?ы: ?мірге аз бейімділік, импульсивтілік, к??іл-к?йіні??згермелілігі, мінезіні???былмалылы?ы, ?стамсызды?ы, экспрессивті(шынды?тык?згеайта салу), дара ж?мысістеуді?натуы, ?а?азбастылы?ты?натпауы, айналысыпж?ргенісіжа?аболудан?алса, ая?ынадейінжеткізбейтастайсалады, финансжа?ынансала?ты?.
ІІІ.С?ра? менен,жауап сізден.
Ата-аналар жиналысында сіз бір ата-ана?а баласы туралы нашар пікір айтты?ыз. Ата-ана баласын жа?тап, м??алімді кін?лалады. «Білім, т?рбие бере алмайсы?дар», - деп ашуланды. Барлы? ата-ана сізге ?арап отыр. ?андай жауап ?айтарасыз, ?андай ?діс-т?сілдер ?олданасыз?
О?ушылар м??алім орынды?ына бор жа?ып ?ой?ан. Сіз бай?амай отырды?ыз да киімі?ізді был?ап алды?ыз. ?андай амал ?олданасыз?
О?ушы сізді? саба?ы?ыздан ?немі ?ашып кетеді. Жетекшіні?, мектеп директорыны? ескертуінен еш н?тиже шы?пады. Мектеп ?кімшілігі о?ушыны ?ызы?тыра алмады? деп сізді кіналады. Бас?а о?ушылар сізді? саба?ы?ыды ?натады. ?лгі о?ушымен ?андай ж?мыс ат?арасыз ж?не ?андай шара ?олданасыз?
Сіз ?йге тапсыра барді?із. О?ушы ?й тапсырмасын реферат т?рінд, о?улы?тан тыс материалмен, ?ылыми деректермен д?лелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз, о?ушы ж?мысын ?алай ба?алайсыз? Білмейтіні?ізді білдірмей ?алукерек пе?
Саба? ?стінде балалар бір келе?сіз іс істеді. Сіз о?ушыны кіналі деп тауып, о?ан ?рыса бастады?ыз. ?атты-?атты с?з айтты?ыз. Бір уа?ытта бас?а бір о?ушы ол істі ?зіні? істегенін мойындады. Ал сіз ашуы?ызды бірінші о?ушы?а к?рсетті?із. Не істейсіз? Бірінші о?ушыдан кешірім с?райсыз ба? Екінші о?ушы?а ?рыса бастайсыз ба?
Сіз б?гін ?андай да бір жа?даймен саба??а дайын емессіз. ?зі?із жас маман бол?анды?тан, жоспарсыз саба? ?ту сізге ?иынды келтіреді. Саба??а келсе?із саба?ы?ыз?а кісі ?атысып отыр. Не істейсіз? Жа?даяттан ?алай шы?асыз?
Психодиагностика
Сіз?андайм??алімсіз?
1.М??алімдік ?ызметке ?алай келді?із?
а) ж?рек ?алауымен
?) кездейсо?
б) лажым жо?ты?тан
Сіз ?шін м??алімні? ж?мысы:
а) керемет ж?мыс
?) к?нк?ріс ?шін
б) бас ?атыру
О?ушыларды? сізді? білімі?ізге к?з?арасы
а) ?те сауатты деп есептейді
?) ?ана?аттанарлы?
б) оларды?к?з?арасындаж?мысым жо?
О?ушыларарасында жарыс болатын болса:
а) міндетті т?рде менен к?мек с?райды
?) кейде
б) ма?ыма м?лде жоламайды
Сізді? саба? ?ту т?сілі?із ?андай?
а) о?улы?тан тыс ?ызы?ты материалды жиі пайдаланамын
?) сирек ?олданамын
б) о?улы?пен шектелемін
Сізді? ?ате?ізді озат о?ушы?ыз тапты:
а) ?атені мойындап, кешірім ?тінемін
?) ?ндемей ??тыламын
б) ?зімдікі д?рыс деп, же?істікбермеймін
Сыныптан тыс ж?мысты ?йымдастыруда
а) о?ушылар арасында жиі-жиі жарыстар ?йымдастырамын
-Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар! «Мұғалім-тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан жас маман.Өйткені ел болашағының қалап жатқан жас маман.Өйткені ел болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында. «Тек жоғары сауатты,дарынды,дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады.»-деп Елбасы атап көрсеткен болатын.Мұғалімдікке жас талапкерлерді тарту-қоғамымыздың өзекті мәселесіне айналған еді.Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап,жоғары және орта арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап,ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты,еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілектерімді білдіре отырып,бүгінгі «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» атты психологиялық тренингіне қош келдіңіздер деймін!
І.Сәлемдесу.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық
1.«Бір-бірімізбен амандасайық» Мақсаты: бір –біріне жақын болуға, бір-бірін түсіне білуге, тренингке қатынасушылар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру. І нұсқа: оң және сол жақ көршілеріңізбен құшақтасып амандасамыз. ІІ нұсқа: арқаларыңызды тигізу арқылы ІІІ нұсқа: оң және сол жақ тізелеріңізді тигізу арқылы ІV нұсқа: басыңызды тигізу арқылы
ІІ.Психогеометриялық тест.
Мақсаты:Адамның тұлғалық типін анықтауға мүмкіндік береді.
Осылардың ішінен сізді «бұл-Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз.Сонымен сіз таңдаған фигураңыз-сіздің негізгі үстемдік ететін мінез-құлқыңыздағы ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Психогеометриялық тест әдістемесі арқылы жасалған диагностиканың дәлдігі – 85%!
Нұсқау:
Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен сізді «бұл – Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Өзіңіздің формаңызды сезініңіз. Таңдау қиын болса, сізге бірінші болып «қараған», көзіңізге бірінші іліккен форманы алыңыз. Оны №1 деп белгілеп жазып алыңыз. Одан кейін қалған фигураларды қалауыңызша нөмірлік ретімен жазыңыз.
Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма. Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.
Жағымды жақтары – ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;
Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй», ерегеспе, консерватор, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды созу, сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.
Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету.
Жағымды жағы: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік, тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл;
Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен жақындары аз, қызбалық, атақ-даңққа бағыттылық, шыдамсыздық, өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл аудармау, өз дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз дегеніне жетуде неге де бара алады, өзімшіл, мәртебе, мансапқа бағытталған, ұстамсыз, шыдамсыз.
Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу, проблемадан қорқу…
Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл, дау-дамайдан қашқақтайды;
Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық, пікірін жиі өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық, көңіл-күйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез-құлқына, қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш, жарақаттанғыш, жол апатына түскіш. Төртбұрыштылық – бар болғаны стадия, өтпелі кезең екенін ескер!
Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.
Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» – отбасын, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер – жақсы психолог!
Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік, айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық, саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.
Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар секілді жабық емес, ерекше формада.
Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» – ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі, креативтілік, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен қанаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына деген оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;
Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл-күйінің өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті (шындықты көзге айта салу), дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей тастай салады, финанс жағынан салақтық.
ІІІ.Сұрақ менен,жауап сізден.
Ата-аналар жиналысында сіз бір ата-анаға баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата-ана баласын жақтап, мұғалімді кінәлалады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», - деп ашуланды. Барлық ата-ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс-тәсілдер қолданасыз?
Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да киіміңізді былғап алдыңыз. Қандай амал қолданасыз?
Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кіналады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңыды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?
Сіз үйге тапсыра бардіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінд, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз, оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмей қалукерек пе?
Сабақ үстінде балалар бір келеңсіз іс істеді. Сіз оқушыны кіналі деп тауып, оған ұрыса бастадыңыз. Қатты-қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта басқа бір оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба? Екінші оқушыға ұрыса бастайсыз ба?
Сіз бүгін қандай да бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз. Өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өту сізге қиынды келтіреді. Сабаққа келсеңіз сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз?
Психодиагностика
Сіз қандай мұғалімсіз?
1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?
а) жүрек қалауымен
ә) кездейсоқ
б) лажым жоқтықтан
Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:
а) керемет жұмыс
ә) күнкөріс үшін
б) бас қатыру
Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы
а) өте сауатты деп есептейді
ә) қанағаттанарлық
б) олардың көзқарасында жұмысым жоқ
Оқушылар арасында жарыс болатын болса:
а) міндетті түрде менен көмек сұрайды
ә) кейде
б) маңыма мүлде жоламайды
Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?
а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын
ә) сирек қолданамын
б) оқулықпен шектелемін
Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:
а) қатені мойындап, кешірім өтінемін
ә) үндемей құтыламын
б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда
а) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын