Ауылдық округтер тақырыбын, қаратпа сөздер, қыстырма сөздер, одағай сөздерді бекіту және қазақтың үш биітуралы білімдерін молайту.Үш биді ерекше құрметтеп,мақтан тұту керектігін сезіндіру, зат есімнің түрлеріне тоқталу
Күтілетін нәтиже: Өз бетінше жұмыс жасау қабілеттері,оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білуі, жеке тұлғалық қабілеттері дамиды, шығармашыл ізденіске бағытталады, ізденімпаздық ой - өрісін кеңейтеді, сөйлеу мәдениетін дамытады.Оқушылардың ақпарат көздері, тапсырмалар арқылы білімдерін жетілдіреді. Теориялық материалдарды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыланады.
Тәрбиелік: болашақ ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке, елжандылыққа, ұлы билердің өмірін, еңбегін үлгі ете отырып, туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, мейірімділікке, әділдікке, адалдыққа, ерлікке, елінің адал перзенті болуға тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі:ашық, жаңа сабақ,шығармашылық, ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ауызша баяндау, көрнекілік, АКТ,диалогты оқыту, СТО әдістері , топтық жұмыс ,жеке жұмыс
Топқа бөлу үшін әр оқушы өзіндегі өзіндегі сурет бойынша бөлінеді 3 топқа (Төле би,Қазыбек би, Әйтеке би)суреті арқылы (1 мин.)
Үй тапсырмасын тексеру Қаратпа, қыстырма, одағай сөздер
1-тапсырма Проблеманы шешу әдісі бойынша:Балалар, мен қаратпа, қыстырма, одағай сөздер бойынша кластер жасадым, дұрыс па, қате ме білмеймін, тексеріңдер, түзетіңдер, толықтырыңдар (7 мин.)
а) Үй тапсырмасын Шындық- жалған әдісін пайдалану арқылы
сабақты бекіту.
Ә)163- 164 бет «Ауылдық округ» тақырыбы бойынша сұрақтар қоямын (2 мин) Блум таксономиясы (жалпақ сұрақтар әдісі) (Айтылым)
1.Ауылдық округ қандай орган?
2. Ауылдық округ нені қадағалайды?
3. Ауылдық округ нені ұйымдастырады?
Әрбір толық жауапқа келесі топтар қол соғады!!!
ІІІ. Оқушыларға сабақтың мақсатын қойғызу.
ІҮ. Жаңа сабақ: слайд арқылы тақырыпқа шығу.(Айтылым )
Миға шабуыл стратегиясы
2- тапсырма (3 мин)
1.Бұлар кімдер?
2.Би деген кім?
3.Жүз деген сөзді қалай түсінесіңдер?
4.Қазақтың неше жүзі бар?
5.Үш жүздің билері кімдер болған?
6.Билерге тән қандай қасиеттерді білесіңдер?
7. Билердің батырлығы неде?
8.Ал енді бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
9.Сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
Топтың ережесі (Іліп қою)
Ереже:
Уақытты тиімді пайдалану
Тыныштық сақтау
Сөзді бөлмеу
Кезектесіп сөйлеу.
3-тапсырма (7 мин)
Мәтінмен жұмыс.Әр топқа мәтін беріледі. Мәтінмен жұмыс жасалады.(Көрсетімдік оқылым) Мәтіннің 1– бөлігін ДЖИК СО әдісі
1-топ сөздікпен жұмыс жасайды (сөз бен суретті сәйкестендіреді және мәтіннен сол сөздің мағынасын ашатын сөз тіркесін жазады)
2-топ кластер жасайды
3-топ –коллаж жасайды (бір топ өзінің постерін екінші топқа береді, сол топта біреуі түсіндіреді,басқа топтың оқушылары оны тақтада қорғайды)
4-тапсырма (7 мин)
Әр топқа 1 би туралы оқытып, соны арасынан бір оқушы ортаға шығып, сол би болып (1 жақта) өз атынан айтады, шапан киеді.
Рафт стратегиясы
Әр топ оның өмірбаянына байланысты 1 сұрақтан қояды
(Дербестік тілдесім)
Ыстық орындық әдісі арқылы әр топ оның өмірбаянына байланысты 1 сұрақтан қояды ,ортаға шыққан би жауап береді.
Сергіту сәті «Түс терапиясы» (2 мин)
5-тапсырма (7 мин) (Танымдық жазылым)
1-топ
2- тапсырма 167 бет
Берілген мақалдардың ішінен жіктік жалғауы бар сөзді табу, кестеге жазу
Түбір
Жұрнақ
Жалғау
2-топ
3- тапсырма 167 бет
Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді теріп жазу, ажырату
Сөздер
Атау
Ілік
Барыс
Табыс
Жатыс
Шығыс
Көмектес
3- топ
4- тапсырма
3 жұрнақ жалғанған, 3 жалғау жалғанған сөзді тауып, кестеге жазады