| Тақырып: Қақазқстандағы ұлттар достастығы | Мектеп: № 19 ЖББОМ |
| 09.04.19 ж | Мұғалімнің аты-жөні: Нуритдинова А.А. |
| Сынып: 5 Д | Қатысқандар: | қатыспағандар: |
| Оқыту мақсаты | 1.Қазақша тілдің тапсырмаларды орындату арқылы бірлігі жарасқан қазақ елі жайлы оқушылардың ақпараттық қорын молайту. Жаңа тақырып бойынша шағын мәтіндерді сипаттау арқылы ақпараттық-танымдық құзыреттілігін дамыту Қазақша сөйлеу ұлгілерін қолдану арқылы оқушылардың бойында достық қарым-қатынасты, толеранттылықты қалыптастыру. |
| Сабақ мақсаты/ Күтілетін нәтиже | Барлығы: тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден бірлігі жарасқан ел жайлы негізгі ақпаратты таба алады Көпшілігі: сабақ барысында қысқа мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы қазақ елі жайлы толық ақпарат бере алады Кейбір: тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы сыныптастарымен тілдеседі |
| Алдыңғы білім | Өткен сөздерді сөйлем құрастыруда пайдалана алады |
| Сабақ кезеңдері уақыт өлшемін көрсету, минут | Жоспарланған іс әрекет |
| Мұғалім іс әрекеті | Оқушы іс ірекеті |
| Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді | Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі, Бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады |
| Өткен сабақты тексеру | Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
| Қызығушылықты ояту | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан «Жерұйық» кинофильмінен үзінді көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды: - Балалар, біз қандай фильмнен үзінді көрдік? Фильмдер не туралы айтылған ? Қазақстан халықтары туралы не білесіңдер? Сипаттап айтыңдаршы | Сұрақтарға жауап береді. Қазақ елі жайлы білгендерін айтады, сипаттайды. |
| Мағынаны тану | 1.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаң сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. |
| | 2.Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады | Айтылым. Жазылым. Суреттерді сипаттайды, жауабын жазады Жазылым. Диаграмманы толтырады. |
| | 3.Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады. Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады | Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсінгенін баяндайды Жазылым. Мәтіндегі болымды етістіктерді теріп жазады, болымсыз етістікке айналдырады, сөйлем құрайды Айтылым. Сұрақтарға толық әрі қысқа жауап береді |
| | 4.Сергіту сәті. «Бірлігі жарасқан ел» тақырыбында фотоколлаж дайындатады | Фотоколлаж дайындатады |
| | 5.Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 7-тапсырманы орындатады. Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 8-тапсырманы орындатады | Айтылым. Мәтін құрайдыЖазылым. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны жалғап, сөйлемді жазады |
| Ой толғаныс. | Жеке жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Досына ашықхат жазады |
| Бекіту | Мұғалім оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады | Жағдаяттық тапсырманы орындайды |
| Бағалау | Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады | Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады. |
| Үйге тапсырма | Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау | |
| Рефлексия | Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді. |