Екінші ауысымда,саба? басталады, ?й тапсырмасын с?рады,
Тапсырмалар орындады, жа?сы т?сіндіреді,
Ма?ан ?найды,
М?тін бойынша ж?мыс. 7 мин
Саба?та
Мен биыл алтыншы сыныпта о?имын. Біз екінші ауысымда о?имыз. Саба? са?ат бір жарымда басталады. Бірінші саба? ?аза? тілі саба?ы. Саба?та апай менен ?й тапсырмасын с?рады. ?й тапсырмасынан «бес» деген ба?а алдым. Саба?та ?те ?ызы?ты тапсырмалар орындады?. Апай саба?ты жа?сы т?сіндіреді. Ма?ан ?аза? тілі саба?ы ?найды.
М?тінді о?ушылар?а о?ып беремін ж?не ?ыс?аша мазм?нына т?сінік жасаймын. Содан кейін о?ушыларды? ?здеріне о?ыт?ызамын:
Топ-топпен о?у
Тізбекпен о?у
Мазм?ндау.
Суретпен ж?мыс. 2 мин
О?ушылар?а та?тада берілген сурет бойынша ша?ын ж?мыс жасату.
Просмотр содержимого документа
«Открытый урок на тему САБА?ТА»
Жоспар. 6 «в» сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сабақта.
Грамматикалық тақырыбы: Етістікті қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың етістік бойынша алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, пән бойынша білім - біліктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру, өз ойларын тиянақты, жүйелі, нақты жеткізуге баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, ізгілікке, ұйымшылдыққа, табиғаттың сұлулығын түсінуге, шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азаматты тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Әңгімелеу, ізденушілік ойын.
Көрнекілігі: компьютер, сызбалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі: 3 мин
Оқушыларды түгендеу, әнұранды жатқа айтқызу.
Оқушы назарын сабаққа аудару, яғни оқушылармен тілдік ортаға ену.
- бүгін нешесі?
- сыныпта кім жоқ?
- қазір қандай сабақ?
- қазақ тілі нешінші сабақ?
- қазақ тілі қандай тіл?
- үйге қандай тапсырма берілді?
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Етістік ережесін пысықтап шығу: 5мин
1.Етістік деген не ?
2.Қандай сұраққа жауап береді ?
3. Етістік тұлғасына қарай қалай бөлінеді?
4.Құрамына қарай нешеге бөлінеді ?
5. Тұйық етістік нені білдіреді?
6. Етістіктің неше шағы бар?
7.Асан кітап оқыды. (етістікті табу)
Ережені пысықтап болғаннан кейін осы берілген сұрақтардың орнына «Сабақта» деген сөз шығады. Бұл бүгінгі біздің өтілетін сабағымыздың тақырыбы.
Жаңа сөздікті түсіндіріп болғаннан кейін, сөздік дәптерлеріне жаздыртып қойдырамын.
Жаңа сөздермен жұмыс сөз тіркестерін құрастыру арқылы 2 мин жүргізіледі.Сөз тіркестері ауызша құрастырылады.
Екінші ауысымда,сабақ басталады, Үй тапсырмасын сұрады,
Тапсырмалар орындады, жақсы түсіндіреді,
Маған ұнайды,
Мәтін бойынша жұмыс. 7 мин
Сабақта
Мен биыл алтыншы сыныпта оқимын. Біз екінші ауысымда оқимыз. Сабақ сағат бір жарымда басталады. Бірінші сабақ қазақ тілі сабағы. Сабақта апай менен үй тапсырмасын сұрады. Үй тапсырмасынан «бес» деген баға алдым. Сабақта өте қызықты тапсырмалар орындадық. Апай сабақты жақсы түсіндіреді. Маған қазақ тілі сабағы ұнайды.
Мәтінді оқушыларға оқып беремін және қысқаша мазмұнына түсінік жасаймын. Содан кейін оқушылардың өздеріне оқытқызамын:
Топ-топпен оқу
Тізбекпен оқу
Мазмұндау .
Суретпен жұмыс. 2 мин
Оқушыларға тақтада берілген сурет бойынша шағын жұмыс жасату.
Яғни, оқушылардың сабақта тақырыбына арналған білім-біліктерін қадағалауда шағын әңгіме арқылы сұхбаттасу.
Тақтамен жұмыс. 6 мин
Тақтада берілген сөйлемдермен қалай жұмыс жасау керек екендерін түсіндіріп, бірнеше оқушыны тақтаға шақырамын.
Тапсырма: қажетті сөздерді дұрыс қойып, сөйлемдерді толықтырып жазу.
Мен биыл __________ сыныпта оқимын.
Біз ________ ауысымда оқимыз.
_______ сабақ қазақ тілі сабағы.
Сабақта апай менен ___ _____________сұрады.
Сабақта өте қызықты _____________орындадық.
Апай сабақты _______ ____________.
Маған _______ ____ сабағы ұнайды.
Қажетті сөздер: қазақ, тапсырмасын, екінші, тапсырмалар, жақсы, бірінші, түсіндіреді, алтыншы, үй, тілі.
Ойын: Қоржынды сыйлық. 5 мин
Бұл ойында оқушыларға үш қоржын сыйлыққа берілмекші. Ол үшін сыйлыққа ие болу мақсатында, әр қоржынның өз тапсырмасы бар.
1-ші қоржын:
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Біз нешінші аусымда оқимыз?
Қазақ тілі нешінші сабақ?
2-ші қоржын:
Сабақта апай сенең не сұрады?
Сабақта нелер орындадыңдар?
Апай сабақты қалай түсіндіреді?
3-ші қоржын:
Саған қандай сабақ ұнайды?
Дәптермен жұмыс. 3 мин
Тапсырма: сөйлемді етістіктермен толықтырып оқып, көшіріп жаз.
Сабақ сағат бір жарымда _________.
Сабақта апай менен үй тапсырмасын ______ .
Апай сабақты жақсы ___________.
Маған қазақ тілі сабағы _____________.
Сабақтың қорытындысы. 3 мин
Оқушыларға берілген класстер бойынша сұрақтар қоя отырып, сызбаны толықтыру, алған білімдерін қорытындылап шығу.