?з Отанын, елін, ту?ан жерін ??рметтеуге т?рбиелеу, с?йіспеншілік сезімін ояту.
К?рнекіліктер: интер. та?та, асы?, тест, ?нтаспа.
?діс-т?сілдер: с?ра?- жауап, ??гімелеу, диалог, ?здік ж?мыс, топпен ж?мыс т.б.
Саба?ты? т?рі: сайыс саба?ы
Саба?ты? барысы:
І. ?йымдастыру кезе?і:
1. Амандасу. О?ушыларды т?гендеу.
2. ?н?ранды орындау.
3. Саба?ты? та?ырыбы мен ма?сатымен таныстыру.
Білуіміз керек: р?міздерді, тіл туралы, салт-д?ст?рлерді, ?аза?станны? тарихын ...
Игеруіміз керек: ?ойыл?ан с?ра?тар?а толы? жауап беру, с?йлемдерді д?рыс ??растыру, ?з ойай?аларынды еркін жеткізе білу т.б.
Б?гін ?здерін бай?ап отыр?ан боларсыздар екі топ?а б?лініп, сайыс саба?ын ?ткіземіз. І-топ «Б?ркіт» тобы, ІІ- топ «Т?лпар» тобы. Алдарымызда к?ріп отыр?ан жеті санды?. Осы ??пия санды?тарымызды? ішінде тапсырмалар бар, санды?тарды ашып, тапсырмаларды орындаймыз. 7 санды? ал?ан себебім, ?йткені 7 ?аза? хал?ыны? ?асиетті саны болып есептеледі ж?не біз 7 мектепте о?имыз. Ал сайысымызды бастайы?. Б?рін белсенді ?атысып отырыныздар.
Санды?ты ашпас б?рын проблемалы? с?ра? ?ойылады. Отаншыл болу ?шін ?р азаматты? бойында ?андай асыл ?асиеттер болу керек? Осы с?ра??а саба?ты? со?ында жауап бересіздер.
2 тапсырма. «Жеті ж?ртты? тілін біл, жеті т?рлі ?ылым біл» деген с?з бар.Б?л ?те ??нды ке?ес. Сыныптастарына полиглот болу ?шін не істеу керек жайында ?андай ке?ес бере аласы?дар?
Просмотр содержимого документа
«Мені? Отаным-?аза?стан. »
Тақырып: Менің Отаным-Қазақстан.
Мақсат: «Менің Отаным -Қазақстан» модуліндегі тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
Сөздік қорын молайту, ой-өрісін, танымдылық қабілетін қазақша ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.
Өз Отанын, елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, сүйіспеншілік сезімін ояту.
Көрнекіліктер: интер. тақта, асық, тест, үнтаспа.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап, әңгімелеу, диалог, өздік жұмыс, топпен жұмыс т.б.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
2. Әнұранды орындау.
3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Білуіміз керек: рәміздерді, тіл туралы, салт-дәстүрлерді, Қазақстанның тарихын ...
Игеруіміз керек: қойылған сұрақтарға толық жауап беру, сөйлемдерді дұрыс құрастыру, өз ойайқаларынды еркін жеткізе білу т.б.
Бүгін өздерін байқап отырған боларсыздар екі топқа бөлініп, сайыс сабағын өткіземіз. І-топ «Бүркіт» тобы, ІІ- топ «Тұлпар» тобы. Алдарымызда көріп отырған жеті сандық. Осы құпия сандықтарымыздың ішінде тапсырмалар бар, сандықтарды ашып, тапсырмаларды орындаймыз. 7 сандық алған себебім, өйткені 7 қазақ халқының қасиетті саны болып есептеледі және біз 7 мектепте оқимыз. Ал сайысымызды бастайық. Бәрін белсенді қатысып отырыныздар.
Сандықты ашпас бұрын проблемалық сұрақ қойылады. Отаншыл болу үшін әр азаматтың бойында қандай асыл қасиеттер болу керек? Осы сұраққа сабақтың соңында жауап бересіздер.
ІІ. Қайталау кезеңі:
1 сандық. (Тіл)
«Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ» дейді Н.Назарбаев. Бәріміз елбасымызбен келісеміз.
1 тапсырма. Сұрақтарға жауап беру:
Сенің ана тілің қай тіл?
Сен қандай шетел тілдерін білесің?
Шетел тілінде көркем әдебиеттер оқисың ба?
Қанатты тілдер, афоризімдер білесің бе?
2 тапсырма. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» деген сөз бар.Бұл өте құнды кеңес. Сыныптастарына полиглот болу үшін не істеу керек жайында қандай кеңес бере аласыңдар?
1 кеңес ...
2 кеңес...
3 тапсырма. «Тілді білсең мақалдап айт, мақал- сөздің, тілдің көркі». Келесі тапсырма мақалдарды аяқтаңдар.
Шешеннің тілі- ... (ортақ)
Ырыс алды -... (ынтымақ)
Бірлік бар жерде - ...(тірлік бар)
Бірлік еткен озар-... (бірлеспеген тозар)
Өнер алды-... (қызыл тіл)
Шешен сөз бастар- ... (батыр қол бастар)
4 тапсырма. Мақалды қалай түсінесіңдер? Өз сөздерімен түсіндіру.
«Уәде алтыннан да қымбат» 1топ.
«Тиыннан теңге құралады» 2 топ.
5 тапсырма. Сөзжұмбақты шешіп, келесі сандыққа түсеміз.
Сөзжұмбақты шешсеңіздер келесі тапсырманың тақырыбын білесіздер.
Сұрақтар:
Халық ауыз әдебиеті (мақал)
Тудың көгілдір түсі ненің белгісі? (аспан)
Высотный деген аудармасы қалай? (зәулім)
Өте сирек кездесетін ерекше алғыр аң (барыс)
Қазақ халқы қандай халық? (қайырымды)
Қазақстанның қаласы (Семей)
Қазақстан Республикасының Бірдей бір заңды төлем құралы (теңге)
Ел ертеңі кім? (жастар)
9. Қазіргі кезде әрбір жас адам нені игеруге ұмтылу керек? (мамандық)
2 сандық. (Қазақстан)
Қазақстан картасы бойынша монолог құрастыу.
3 сандық. (Президенттің жолдауы).
Президенттің жолдауы
Біздің президент Қазақстан халқына 2030 жылға арналған жолдау жасады. Сол жолдауда не деген? Сызба бойынша әңгімелеу.
4 сандық (Астана).
1) Қазақстан туралы білесіңдер. Ал астана туралы не айта аласыңдар? Сұхбаттасу.
2)Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
5 сандық. Ту- ол ҚР мемлекет белгілерінің бірі. Тудан басқа қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?
1 тап. Оқушылар ҚР елтаңбасын бөліктерін жинап, әңгімелеу.
2 тап. Синоним сөз. табу. Антонимдер:
Сыйлау –құрметтеу биік -аласа
Татуласу-достасу кең -тар
Намысқор-намысшыл бай -кедей
Болашақ –келешек пайда-зияң
Байлық –қазына
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
6 сандық (Салт дәстүр). Үй тапсырмасы.
«Әр елдің салты басқа. Қазақ халқы өз салт-дәстүрлерімен бай халық. – Қандай қазақ халқының салт- дәстүрлерін білесіңдер?» (Оқушылар, әр топ өз дайындап әкелген салт-дәстүрлерін көрсетеді). 1 топ- «Қырқынан шығару», 2 топ «Шашу».
7 сандық (Отаншыл).
Проблемалық сұрақтарға жауап беру.
Отаншыл болу үшін әр азаматтың бойында қандай асыл қасиеттер болу керек?