Просмотр содержимого документа
«Мектептегі кезекшілік»
сын: 6
Сабақтың тақырыбы: Мектептегі кезекшілік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, сөйлемдер құрау, әңгімелеуге жетелеу.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Кезекшіге сұрақ: Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?
Қазір қай жыл мезгілі? Ауа райы қандай? Үйге қандай тапсырма берілді?
Оқыту мақсаты:оқушыларды кезекші міндеттермен таныстыру, еңбексүйгіштікке баулу, бір-біріне деген сыйластық, сыпайыгершілік сезімдерін дамыту
Сабақтың міндеттері:
Кезекшінің негізгі міндеттермен таныстырып,өмірде қолдана білуге баулу.
Кезекші туралы айтып, оның атқаратын жұмыстар түрлеріне тоқталып, қолдана білуге үйрету.
Оқушыны еңбексүйгіштікке, бір-біріне деген сыйластық сезіміне тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: кезекші міндеттерін біледі, мәтінмен жұмыс жасай алады.
I. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
II. Жаңа түсінікті қалыптастыру:
Сөздікпен жұмыс.
кезекші – дежурный су құйды – полил
сүртті – вытер ашты – открыл
кең – просторный жарық – светлый
қамтамасыз ету – обеспечить талап – требование
«Кезекші» деген сөзді қалай түсінесіңдер. Ассоциацияларын жасаңдар.
мейірімді құрметті тәртіпті
Кезекші
қымбат
жақсы
әдепті
қарым - қатынас
Балалар, сендердің сыныптарында кезекші бола ма?
- Иә, біздің сыныпта кезекшілер болады.
- Олар не істейді?
- Олар сыныпқа ертерек келе ме?
- Өте жақсы. Дұрыс, балалар. Бүгін біз кезекші сыныпта қандай міндет атқарады екенін білеміз.
1- тапсырма. Кезекшілердің міндеттерімен танысып, өз ойларыңды қосуға болады.
Мектептегі кезекшілердің міндеттері:
* Оқушылардың тәртібін қадағалау;
* Санитарлық талаптарды сақтау.
Ол үшін барлық сабақтар аяқталғаннан кейін кезекшілер өз орындарын кезекші мүғалімге тапсырады. Кезекшілік соңында мектептерде оқушыларға арналған қорытындылау жиыны өткізіледі. Мектепте күн сайын оқу кабинеттері мен сыныптар жуылып тұрады. Сөрелер, парталар, шкаф, үстел, орындықтардың шаңы сүртіледі.
Айына бір рет толықтай тазалық жұмыстары жүргізіледі.
2- тапсырма. Ережелерді оқы. Сөйлемдер құрап жаз.
Қоңырау кезінде сыныпта болу, сыныпқа тәртіп қамтамасыз ету,мұғалімге сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, сабақ біткеннен кейін сыныпты жинақтау; санитарлық талаптарға сай жағдайларды сақтау
3- тапсырма. Берілген етістіктерді бүйрық райға қойып, сөйлемдер құраңдар.