Ше?бер болып т?р?ан о?ушылардан бір о?ушы?а м??алім жа?а саба? бойынша с?ра? ?ояды. С?ра??а жауап берген о?ушы келесі о?ушы?а с?ра? ?оя отырып ?сынады. Осылай барлы? о?ушыны ?амту барысында ?рмекші торы ?алыптасады;
1. Егер етістікті? со??ы дыбысы и, й дыбыстарына ая?талса -у ж?рна?ы ?алай жал?анады?
V. О?ушыларды? берген жауаптарына карай білімдерін ба?алаймын.
VІ. ?йге тапсырма: 1.«Ту?ан жерім – т??ырым» та?ырыбында т?йы? етістіктерді ?атыстыра отырып эссе жазып келу.
2. Ережені жаттау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока на тему "Т?йы? етістікті? емлесі."»
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістіктің емлесі.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға тұйық етістік туралы түсінік, олардың жасалуы мен тұйық етістіктің емлесі жайлы толық мәлімет беру.
2.Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: оқушыларды ата - баба кәсібін құрметтеуге, алдына мақсат қоя білуге, еңбек сүйгіштікке, халқын, елін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, ой бөлісу.
Кім жылдам? Бір минутта кім қанша сұраққа жауап береді?
1. Етістік дегеніміз не?
2. Қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Етістіктің құрамдық түрлерін атаңыз?
4. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын атаңыз?
5. Табыс септіктегі сөзді қажет ететін етістікті атаңыз?
6. Сабақты етістік дегеніміз не?
7. Етістер нешеге бөлінеді? Атап беріңіз.
8. Өздік етістің жұрнақтарын ата?
9. Есімшенің жұрнақтарын ата?
10. Көсемшенің жұрнақтарын ата?
11. Тұйық етістік дегеніміз не?
12. Тұйық етістік қандай жұрнақ арқылы жасалады?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
- Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз.
«Ой шақыру».
У дыбысы қандай дыбыс?
Дұрыс айтасыңдар у дыбысы дауысты да дауыссыз да болып келеді.
Ал, емле дегеніміз не? Емле – сөздердің дұрыс жазылуы.
Ендеше тұйық етістіктің емлесіне тоқталайық.
Тұйық етістіктің емлесі.
1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауысты болып жалғанады: бар-у, кел-у, отыр-у т.б.
2. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады: ойна-у, сөйле-у, т.б.
3. Дауысты ы, і дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы
жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і дыбыстары түсіріліп жазылады. Айтылғанда -у дыбысы сөздің құрамына еніп, дауысты дыбыс болып есептеледі.Мысалы:оқы+у– оқу, тасы+у – тасу, т.б.
4. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы
жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға, қ дыбысы ғ-ға, к дыбысы г-ға айналып кетеді. Мысалы: ақ+у – ағу, кеп+у – кебу, т.б.
Есіңде сақта!
1.И, й, йы, йі дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы –ю болып жалғанады. Мыс: ки+у – кию, жой+у – жою, байы+у – баю т.б.
2. У дыбысына аяқталатын етістіктерге –у жұрнағы жалғанғанда, екі –уу әрпі қатар жазылады: (жүкті) бу+у – буу, (сиырды) сау+у
Дәптермен жұмыс.
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма:
1. 261-жаттығу. Мына сөздерге тұйық етістіктің -у жұрнағын жалғап жазыңдар.
2. «Ойлан, тап?!» тапсырмасы. Тұйық етістік жалғанған сөздің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?
Ері+у = еріу, еру Төк +у = төку, төгу
Оқы+у = оқыу, оқу жай+у = жайу, жаю
Жекі+у = жекіу, жеку жи+у = жиу, жию
Жап+у = жапу, жабу тый+у = тыю, тыйю
Кеп+у = кепу, кебу жу+у = жуу, жу
Жақ+у = жағу, жақу қу+у = қу, қуу
3.«Ішіне сыртына» әдісі. Бұл әдісті қолдану себебім, оқушылардың ойын анықтап бір жүйеге түсіру. Тақырыпқа қатысы барын ішіне, қатысы жоғын сыртқы бағанға жазып ажырату тапсырылады.
Тұйық етістікті сөздерді ішіне, тұйық етістіктің жұрнағы жалғанбаған сөздерді сыртына жазыңдар.
Иә, туған жерге жету үшін екі аяғың қандай қажет болса, қазақ тілінің дәрежесінің жоғары болуына тұйық етістіктің де қосар үлесі зор.
IV. Сабақты бекіту.
«Өрмекші торы» әдісі арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
Шеңбер болып тұрған оқушылардан бір оқушыға мұғалім жаңа сабақ бойынша сұрақ қояды. Сұраққа жауап берген оқушы келесі оқушыға сұрақ қоя отырып ұсынады. Осылай барлық оқушыны қамту барысында өрмекші торы қалыптасады;
1. Егер етістіктің соңғы дыбысы и, й дыбыстарына аяқталса -у жұрнағы қалай жалғанады?
V. Оқушылардың берген жауаптарына карай білімдерін бағалаймын.
VІ. Үйге тапсырма: 1.«Туған жерім – тұғырым» тақырыбында тұйық етістіктерді қатыстыра отырып эссе жазып келу.