Білімділік : балалар?а жаз?ы саяхат туралы т?сінік беріп, жаз туралы ??ымдарын жетілдіру, ?р мезгілді? ерекшеліктерін салыстырып айтып беруге жатты?тыру. С?з тіркестері мен с?йлем ??рау шеберліктерін арттыру. Сурет бойынша ??гіме ??рап айту?а ?йрету;
Просмотр содержимого документа
«Конспектурока на тему" Жаз?ы саяхат" »
Ашық сабақ. Муқанова Гульмира Қадырбекқызы
5 «В» сынып.
Тақырыбы: Жазғы саяхат
Мақсаты:
Білімділік : балаларға жазғы саяхат туралы түсінік беріп, жаз туралы ұғымдарын жетілдіру, әр мезгілдің ерекшеліктерін салыстырып айтып беруге жаттықтыру. Сөз тіркестері мен сөйлем құрау шеберліктерін арттыру. Сурет бойынша әңгіме құрап айтуға үйрету;
Дамытушылық: шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өзін-өзі бағалай білуге жетелеу. Тәрбиелік: басқалардың көзқарасын тыңдап, бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ ( саяхат сабақ).
Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, ой қозғау, пікірлесу, ой түйіндеу.
Көрнекіліктер: АКТ, тірек сызбалар,, «Жаз» тақырыбына байланысты суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Бүгін қай күн?
Мамырдың нешесі? Қазір қай жыл мезгілі?
Көктемнен кейін қай жыл мезгілі болады?
« Адасқан буындар ойыны» .1 слайд. Буынның неше түрі бар?
Буынға бөлу және оның түрін анықтау.
Осы сөздер қай жыл мезгіліне жатады?
Жаз туралы не білеміз? Слайд . Жаз суреті
Сурет бойынша әңгімелесу.
Қай жыл мезгілі? Неге жаз мезгілі деп ойлайсыңдар? Балалар не істеп жүр? Күн қандай?
2.Үй тапсырмасын тексеру. Үйге жаз туралы сурет салып, оны қорғауға тапсырма берілген.
3.Семантикалық қартаны толтыру .
Жазда қайда баруға болады?
4.Бүгінгі тақырыбымыз «Жазғы саяхат».
Балалармен бірігіп сабақтың мақсатын айтамыз.
5.Бәйге ойыны.
1 топ
1. Қазір қай жыл мезгілі?
2. Көктем айларын ата.
3. Жалғаудың қанша түрі бар?
4. -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қандай жалғаулар?
2 топ.
Ең ыстық жыл мезгілі.
Жаз айларын ата.
Қазақ тілінде неше септік бар?
-ым, -ім, -м қандай жалғаулар?
6.Сөздік жұмысы.
саяхат –
шаршадық –
көрдік –
қайттық–
демалдық–
керемет –
өсіп тұр
саяхатшы
Ой шақыру стратегиясы. Слайд.
Жазда балалар қайда болды?
7.Топтарға тапсырма беру.Мына етістіктерді үш шаққа қойып жазыңдар.
1-топ- шомылу
2-топ. демалу.
Мәтінмен жұмыс178 б 2-тап
8.І топ. Мәтінді оқып, талқылап, постерге түсіру, тақтада қорғау.
ІІ топ. Мәтін бойынша
сұрақтар дайындау.
9.Тапсырма Саяхатқа шығу.
1 топ. Астана қаласына саяхат жасайды
2 топ. Ауылға барады.
Балалар өз жұмыстарын қорғайды.
10.Үйге тапсырма беру. Жазда қайда демалғандарын туралы шағын әңгіме жазу.
11.Бағалау. Балалар керекті карточканы таңдап алып өз атын жазады