?Р?К ??рылуы туралы ?ш топ?а ресурстар таратамын. Осы материалдарды о?ып, ?р топтан бір о?ушыдан шы?ып, келесі топ?а ?з ресурстарында?ы м?ліметтерді т?сіндіреді.
2. «Т?ртіп алу» ?дісі бойынша ж?мыс.
?аламтордан ?Р?К ??рылуы жайында м?ліметтермен танысады. ?здеріне ?ажетті деген ма?ызды деректерді д?птерлеріне жазып алады.
Просмотр содержимого документа
«конспект урока на тему "??К ??рылуы"»
1.Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК-нің құрылуы туралы түсінік беру.
3. Міндеттері: 1. Оқушылардың жаңа тақырып төңірегінде білім-білік дағдысын қалыптастыру;
2. Ұлтжандылыққа , отансүйгіштікке тәрбиелеу;
3. Өз ойларын ортада еркін айтып, пікір алмаса алуына баулу.
4. Күтілетін нәтиже:
1. Тақырып бойынша түсініктері қалыптасады,
2. Өзбеттерімен ізденеді, деректермен жұмыс жасай алады.
3.Өзара пікір алмасып, ойларымен бөліседі.
5. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.
6. Ресурстар: АӘД оқулығы, ҚР Конституциясы, заңдары мен қаулылары.
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі .
« Сәлем –сөздің анасы » . (Қолайлы орта туғызу үшін оқушылардың көңіл-күйлеріне назар аудару)
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
2. Үй тапсырмасын пысықтау.
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу. ( «Қыран», «Сұңқар», «Ұшқын» бөлімшелері)
«Сұрақ – меннен, жауап – сізден...» әдісі
1.Оқушылардың әскери дайындығының мақсаты не?
2.Оқушыларға алғашқы әскери дайындық сабағы қандай заңдар мен қаулыларға сүйеніп жүргізіледі?
3.11 сыныпта өтілетін алғашқы әскери дайындық пәні қандай тараулардан тұрады?
( Бөлімше мүшелері топпен берілген тапсырмаларға жауап береді.)
3. Жаңа сабақ .
Жоспары:
Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әскери саясатының ерекшеліктері.
Қазақстан Қарулы Күштерінің тағайындалуы.
1. «Топтастыру» әдісі
ҚР ҚК туралы не білеміз?
Бөлімше мүшелері А4 форматқа өздерінің білетіндерін еске түсіріп, топтастырады. Топпен қорғайды.
2. Презентациядан көрсетілім.
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуы».
4. Жаңа сабақты пысықтау тапсырмалары.
1. «Өкіл» әдісі бойынша топпен жұмыс.
ҚРҚК құрылуы туралы үш топқа ресурстар таратамын. Осы материалдарды оқып, әр топтан бір оқушыдан шығып, келесі топқа өз ресурстарындағы мәліметтерді түсіндіреді.
2. «Түртіп алу» әдісі бойынша жұмыс.
Ғаламтордан ҚРҚК құрылуы жайында мәліметтермен танысады. Өздеріне қажетті деген маңызды деректерді дәптерлеріне жазып алады.
5. Сабақты қорытындылау.
Білемін
Үйрендім
Білгім келеді
Үш топ оқушылары берлген кестені толтырады.
6. Кері байланыс. Бағалау.
«Бағдаршам» түстері арқылы сабақтан алған әсерін көрсетеді.
Оқушыларды бағалаймын.
7. Үйге тапсырма беріледі.
* ҚРҚК құрылуы туралы жан-жақты ізденіп , оқып келу.