І.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен амандасып,кезекші арқылы оқушыларды түгендеу,
ІІ.Өткенді еске түсіру. Оқушылардан үй тапсырмасын тест сұрақтарына жауап жазу арқылы тексеру.
Үй жұмысын қорытындылау үшін берілетін сұрақтар.
1. «Қыз Жібек» жырының біз оқыған нұсқасын кім бастырып шығарды?
2. «Қыз Жібек» қай ғасырдың еншісіне тиісті?
3. Нақты деректеріңді айтыңдар.
4. Жағалбайлы жұрты қазір қай жерлерде бар?
ІІІ.Жаңа сабаққа дайындық.
Топ болып отырған оқушылардың тобымен танысып,сұхбаттасу.
ІҮ.Жаңа сабақты түсіндіру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Академик М.Әуезов «Қазақтың өткеннен қалған эпостық мұрасының ішінде «Қыз Жібек» жыры асқан көркемдігімен оқшауланып,ерекшеленеді».Осы эпиграф арқылы жаңа сабақтың тақырыбы хабарланады.Сабақтың мақсаты айтылады.
«Қыз Жібек»жыры халқымыздың сүйіп оқитын көркем шығармасы. Неге десеңіз,ол өзінің көркемдік ерекшелігімен оқырманды өзіне баурап алады.Жырдың-идеялық мазмұны,көркемдік сөз саптауы,сюжеті,композициясы,көркемдік айшықтары жағынан басқа жырлардың ішіндегі үздігі.
Жырда қазақтың салт-дәстүрі,тұрмыс-тіршілігі,ерекшелігі,сауда-саттықпен халқымыздың айналыса бастағанын көреміз.Сонымен бірге естірту,жоқтау,қоштасу,жұбату,айтыс,зарлай арнау,сыңсу түрлері кездесчіп,жырдың көркемдей түсуге септігін тигізеді.Жырдың құндылығы оның берілу әдісінде.Көркемдегіш тәсілдеріне келсек,кейіпкер бейнесін ашуда жыршы теңеуді,эпитетті,метафораны,құбылтудан әсірелеу мен кішірейтуді,айшықтаудан зарлай арнауды ұттымды пайдалана білген.
Жыршы халықтың тіл байлығын пайдалана отырып,аз сөзге көп мағына сыйғыза білген.