?йге берілген тапсырманы с?раймын. О?ушылар?а ?ткен саба?ты ?алай ме?гергенін бай?ау ?шін бірнеше с?ра?тар ?оямын
б) Жа?а саба?ты т?сіндіру:
??рмалас с?йлем екі я одан да к?п жай с?йлемдерден ??ралады.Ат?аратын ?о?амды? ?ызмет жа?ынан жай с?йлем мен ??рмалас с?йлем бір: екеуі де ойды (бірі – жала? ойды,екіншісі – к?рделі ойды) білдіреді, ойды жары??а шы?арады, оны бас?алар?а білдіреді, сол ар?ылы ?о?ам м?шелеріні? ?зара т?сінісу ?ызметін ат?арады.С?йлемні? бір-бірінен ?згешеліктері оларды? сырт?ы ??рылыстары мен ішкі мазм?ндарында болады.
??рамы жа?ынан ал?анда, жай с?йлем жеке с?здерден ??ралады. Б?л – жай с?йлем мен ??рмалас с?йлемні? бір-бірінен ма?ыналы? ?згешелігі – жай с?йлемні? жеке бір ойды білдіріп, ??рмаласты? к?рделі ойды білдіруінде.
Жай с?йлемдер: З?л?ия келген ж?мысын баяндап отыр.Оны? алдында бірнеше хаттар жатыр.
??рмалас с?йлем: Бас?арма м?жілісінен шы?ып, мамыт п?теріне ?арай беттеп келе жатты.
Екі немесе одан да к?п жай с?йлемдерден ??ралып,к?рделі ойды білдіретін с?йлемдерді ??рмалас с?йлем дейміз.
??рмалас с?йлемні? ??рылысына ?арай 3 т?рі бар: салалас ??рмалас с?йлем,саба?тас ??рмалас с?йлем ж?не аралас ??рмалас с?йлем.Оларды? ерекшеліктері т?мендегідей:
Т?рі
Ереже
Салалас ??рмалас с?йлем
??рамында?ы жай с?йлемдерді? баяндауыштары тияна?ты болып,?зара те? д?режеде (салаласа) байланысады.
Саба?тас ??рмалас с?йлем
Жай с?йлемдерді? ал?аш?ысыны? баяндауышы тияна?сыз болып,екінші с?йлемге ба?ына (саба?таса) байланысады.
Аралас ??рмалас с?йлем
Кемінде ?ш с?йлемнен ??ралып,бір-бірімен салаласа да,саба?таса да байланысады.
Жатты?умен ж?мыс:
130-жатты?у. Жай с?йлем ??рмалас с?йлемдерді б?лек-б?лек к?шіріп жазып, ерекшелігіне то?талы?дар.
131-жатты?у. Берілген жай с?йлемдерден ??рмалас с?йлем ??рап жазы?дар. О?и?а ?алай ая?талады деп ойлайсы?дар.
Та?тамен ж?мыс: Та?та?а бірнеше с?йлемдерге сатылай кешенді таладау ж?ргізеді.
Білімді бекіту: ?тілген та?ырып?а байланысты бірнеше с?ра?тар ?оямын. Т?сінбеген с?ра?тарына жауап беремін.
Просмотр содержимого документа
«??рмалас с?йлем туралы т?сінік »
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:а) Білімділік: Құрмалас сөйлем жайлы түсінік бере отырып, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізу, білімдерін бекіту.
ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.
б) тәрбиелік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету,сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары элементтерін пайдалану, сұрақ-жауап, жаттығу
Сабақтың көрнекілігі: кестелер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын
тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралады.Атқаратын қоғамдық қызмет жағынан жай сөйлем мен құрмалас сөйлем бір: екеуі де ойды (бірі – жалаң ойды,екіншісі – күрделі ойды) білдіреді, ойды жарыққа шығарады, оны басқаларға білдіреді, сол арқылы қоғам мүшелерінің өзара түсінісу қызметін атқарады.Сөйлемнің бір-бірінен өзгешеліктері олардың сыртқы құрылыстары мен ішкі мазмұндарында болады.
Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке сөздерден құралады. Бұл – жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен мағыналық өзгешелігі – жай сөйлемнің жеке бір ойды білдіріп, құрмаластың күрделі ойды білдіруінде.
Жай сөйлемдер: Зұлқия келген жұмысын баяндап отыр.Оның алдында бірнеше хаттар жатыр.
Құрмалас сөйлем: Басқарма мәжілісінен шығып, мамыт пәтеріне қарай беттеп келе жатты.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып,күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз.
Құрмалас сөйлемнің құрылысына қарай 3 түрі бар: салалас құрмалас сөйлем,сабақтас құрмалас сөйлем және аралас құрмалас сөйлем.Олардың ерекшеліктері төмендегідей:
Түрі
Ереже
Салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып,өзара тең дәрежеде (салаласа) байланысады.
Сабақтас құрмалас сөйлем
Жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып,екінші сөйлемге бағына (сабақтаса) байланысады.
Аралас құрмалас сөйлем
Кемінде үш сөйлемнен құралып,бір-бірімен салаласа да,сабақтаса да байланысады.
Жаттығумен жұмыс:
130-жаттығу. Жай сөйлем құрмалас сөйлемдерді бөлек-бөлек көшіріп жазып, ерекшелігіне тоқталыңдар.
131-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрап жазыңдар. Оқиға қалай аяқталады деп ойлайсыңдар.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге сатылай кешенді таладау жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.