?з есімдігі ?осарланып та ж?мсалатынын сендер білесі?дер. Сонымен бірге ?з есімдігі ?зі орнына ж?ретін жіктеу есімдігімен ж?не зат есіммен де тіркесіп келіп, бір с?йлем м?шесі болатынын да білгендері?із ж?н.
Просмотр содержимого документа
«?аза? тілінен ашы? саба?: "?здік есімдігі"»
Пән мұғалімі: Тукенова Айгуль Имангалиевна
Сабақтыңтақырыбы: «Өздікесімдігініңтүрленуі»
Сабақтыңмақсаты:(Оқушыларды сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру)
Білімділік: Оқушыларға есімдік туралы, соның ішінде өздік есімдігінің түрленуі туралы теориялық білім беру. Өздік есімдігін есімдіктің басқа түрлерінен ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазуын, сөйлеу мәдениетін дамыту, грамматикалық ұғымдарды меңгеру дағдысын қалыптастыру, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, сабақты түсіндіру, жеке жұмыс, топтық жұмыс, сын-тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары.
· Сыныпты үш топқа бөлу.Әр топ топ басшысын сайлайды, топ басшысына бағалау парақшалары таратылады.
2. Үй жұмысын тексеру. Зымыран сұрақтар
1-топ.Есімдік дегеніміз не?
Есімдіктің мағыналық түрлерін ата.
2-топ. Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Қалай түрленеді?
Сілтеу есімдігі дегеніміз не? Қалай түрленеді?
3-топ. Сұрау есімдігі дегеніміз не? Қалай түрленеді?
Кез-келген сұрау есімдігін алып септе.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Жаңа сабақты түсіндіру барысында
топтастыру стратегиясын қолданамын. «Есімдік» деген сөзді ортаға жазып оған сипаттама беремін.
1. Есімдіктің жеті түрі бар.
2. Есімдіктер түрленеді.
3.Есімдіктер есім сөздердің орнына жұмсалады.
«Мағынаны тану» кезеңі
Мұғалімнің сөзі: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:” Өздік есімдігінің түрленуі”.
«Миға шабуыл» стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ тасталады.Өздік есімдігі туралы не білесіңдер?
Кесте беріледі. Осы кестеге қарап отырып, олар есімдік қалай түрленіп тұрғанын айтады.
Өзім
Өзім
Өзіммін
Өзім
Өзімсің
Өзімнің
Өзімсіз
Өзіме
Өзім
Өзімді
Өзімде
Өзімнен
Өзіммен
Өздік есімдігіне бір ған өз сөзі жатады. Өз есімдігі түбір күйінде ешқашан қолданылмайды. Бұл есімдік тек жекеше , көпше түрде әуелі тәуелденіп, содан соң септеліп,жіктеліп барып қолданылады. Мысалы:өзім,өзің,өзіңіз,өзі,өзіміз өздерің
Өз есімдігі қосарланып та жұмсалатынын сендер білесіңдер. Сонымен бірге өз есімдігі өзі орнына жүретін жіктеу есімдігімен және зат есіммен де тіркесіп келіп, бір сөйлем мүшесі болатынын да білгендеріңіз жөн.
Келіңдер, бірге септейік:1 ТОПҚА – жіктеу, өздік есімдіктерін септеу
2 ТОПҚА – сұрау, өздік есімдіктерін септеу
3 ТОПҚА - сілтеу, өздік есімдіктерін септеу
Ой толғау
Есімдіктерді қатыстыра отырып,
« Өмір үшін күрес» тақырыбында шағын ой толғау жазу.
7.Жаңа сабақты бекіту “Сызба кесте, білім “5”-те”
№
Мысалдар
жіктеу
сілтеу
сұрау
өздік
1.
Мынау
+
2.
Өзінің
+
3.
Мыналар
+
4.
Ол
+
5.
Қайда?
+
6.
Бұл
+
7.
Өзі
+
8.
Сен
+
9.
Соны
+
1.Семантикалық картаны толтырамыз
2.Венн диаграммасы (ассосация)
Сұрау есімдігі мен өздік есімдігінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін көрсетеміз.
Рефлексия
Білемін Білдім Білгім келеді
8.Еңбектерін бағалау.Топ басшылары бағалайды. Топ жұмысын бағалау.Төмендегі бағалау өлшемін қолданып әр бөлімін бағалаңыз. Тобыңыздың әр мүшесі жұмыс жасау керек.
9.Үйге тапсырма:Өздік есімдіктерін қатыстырып, бір кейіпкердің атынан басқа бір кейіпкерге өзіңнің басыңнан өткен қызық оқиғаны келтіріп, хат жазайық!