Просмотр содержимого документа
«Досымны? отбасы.Сын есім.»
Сабақтың тақырыбы: Досымның отбасы. Сын есім.
Сабақтың мақсаты:Дамытушылық:Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы өз ойын тілмен жеткізе білуге дағдыландыру екі тілде сөйлеуге машықтандыру. Есте сақтау қабілетін ұлғайту.Сөздік қорын байытып, тілін дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды тәртіпке, достықты бағалауға баулу.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың түрі: проблемалы оқыту.
Стандарт бойынша берілген талап: тіл дамыту, таза, сауатты, сөйлеу,
Қойылған сұрақтарға нақты жауап бере білу. Осы мақсатта оқушылардан білім деңгейлерінің ерекшеліктеріне қарай сұрау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Жаттығу жұмыстарын орындау, дыбысқа талдау, өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс жасау.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастырушы бөлім.
- Сәлеметсіздер ме?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Сыныпта кім кезекші?
- Сабақта кім жоқ?
- Үй тапсырмасы қандай?
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгін балалар, сендермен Досымның отбасыатты тақырып бойынша жұмыс істейміз.
Дос, жолдас деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
-Ол қандай сөздер?
-Синоним сөздер.
-Дос сөзін түрлендіріп айтып көріңдерші. Дос, достық, достасу, достастыру. Менің досыматты тақырып бойынша балалар өз түсініктерін айтады, сөйлемдерді ойын жеткізе сөз тілімен жеткізеді.
Ендеше мына 1-тапсырманы орындайық. Сызба бойынша сөйлем құраңдар.
жолдасым
Менің бар
досым
-Мінезі қандай?
- Отбасы қандай, неше адам бар?
ІҮ. Оқулықпен жұмыс 27 бет 17-18 бет
Жаңа сөздермен жұмыс.
Грамматикалық тақырып.
Сөзжұмбақты шешу.
1. Қандай сұрағына жауап беретін сын есім. (Жақсы)
2. Заттың түсі. (Қызыл)
3. Қандай жолдас болады? (Жаман)
4. Бөлме қандай болады? (Кең)
5. Алманың түсі. (Сары)
6. Қай сұрағына жауап беретін сын есім. (Шеткі)
7. Жем жеп тұрған мал қандай болады? (Семіз)
Балалар қай сөз табы шықты?
Балалар біз қандай тақырыпты өтіп жатырмыз? сын есім.
Сын есім дегеніміз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді?
Диалогпен жұмыс. (2 тапсырма, 17 бет)
Суретпен жұмыс. (4 тапсырма,18 бет)
1 тапсырма, 17 бет. Берілген сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар. Олармен сөйлем құраңдар.
Суретпен жұмыс 4 тапсырма, 27 бет , 18 бет.
Ү. Қорыту
Сенің досың бар ма? Оның аты кім? Ол неше жаста? Нешінші сыныпта оқиды? Ол қалай оқиды?
Сабақты қорыту: үйге менің досым мазмұндау
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңдар. 5 тапсырма 27 бет