Просмотр содержимого документа
«Диктант «Апа» 8 сынып»
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Диктант «Апа»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Өтілген материалдар бойынша білімдерін пысықтау.
2. Дамытушылық: Жалпы сауаттылықтарын дамыту.
3.Тәрбиелік: Ананың құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: диктант жазу
Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, жатқа жазу
Көрнекілігі: диктанттар жинағы
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3. Оқушыларға сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
ІІ. Оқушыларды бақылау жұмысын жүргізуге әзірлеу.
А) Жазу құралдарын дайындату.
Б)Тақтаға бүгінгі күн мен диктант тақырыбын жазғызу.
ІІІ.Бақылау жұмысының мәтінімен таныстыру.
А) мәтін ішінде жазылу қиын сөздерді тақтаға жазу.
Б) қиын сөздерді сұрау.
В) диктант жазуға әзірлеу.
Г) диктант жазу шартымен таныстыру (шарт бойынша бір сөйлем үш рет оқылады: басында, жаздыру барысында және қайталап).
Е) Мәтін жаздырып біткен соң, қателерін тексеру үшін және бір рет толығымен оқылады.
Ж) Дәптерлерін жинау.
З) Үйге тапсырма беру.
Л) Бағалау.
Диктант мәтіні:
Апамның мінезі қызық. Әлі күнге шейін айналып-толғанып, өбектеп жүргені. Менің ер жетіп, ересектер қатарына қосылып, ерте тұрып, кеш жатқанымда жұмысы да жоқ. Басым жастыққа тиіп, көзім ұйқыға кетісімен маңдайымнан иіскеп, шашымды сипап, қасымнан шықпайды. Кейде оянып, көзімді ашпастан ұзақ жататынмын. Ана мейірімінің таусылар, сарқылар шегі болмайтын да шығар. Әр еміренуі сонау кеудемнің түпкірінде ұйып қалған балалық шақтың елжіреуін қайта қоздатып кететін. Екі-үш ұлдан жалғыз қалған «қоңыр қозысы» болғаныма өзімді кінәлі санаймын ба, жұрт алдында қабақ түйсем, осындай оңаша шақта алақан иісін құшарлана сіміріп, шексіз қуанышқа бөленем. Ана алақанына жетер не бар екен. Ана мейірімін алмастырар құдірет бар ма екен!
Бүгін де апамның маңдайыма тиген жұп-жұмсақ еріндерінің лебімен күліп ояндым. Әкем жұмысқа кетіп қалыпты. Асығыс атып тұрдым. Апам үстел үстіне тағамдарын жасап жүр. Далаға шықтым. Өткір жарық көзге шағылысып, тік қаратар емес. Күн арқан бойы көтеріліп қалыпты.
Үйге кіріп, апамның бәйек болғанына қарамастан, түрегеп тұрып суық еттен қарбытып бірер асадым да, ораулы түстік тағамымды қолтығыма қысып, жұмысқа кеттім. (С.Сматаев, 145 сөз.)