Просмотр содержимого документа
«Дауысты дыбыстар 5-сынып»
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі
2.Сыныбы:5
3.Күні, айы, жылы: 3.03.2016ж
4.Тоқсан: ІІІ
5.Мұғалім:Шайхина Ж.С.
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: тіліміздегі дыбыстардың,соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру.
2.Тәрбиелік: орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жақсылыққа,ізгілікке тәрбиелеу,тіл құдіретін сезіне білуге,сөз мағынасын келістіре отырып,оларды дұрыс қолданып,дәл түсінуге тәрбиелеу
Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Осы дауыстыларды тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке, жақтың қатысына қарай ашық және қысаң, еріннің қатысына қарай еріндік және езулік деп үш топқа бөлінеді. Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстар жуан дауыстылар дейміз. Олар: а,о,ұ,ы,у. Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дейміз. Олар:ә,ө,ү,і,е,э,и,у. У дыбысы айтылуына қарай әрі жуан, әрі жіңішке дауыстылар тобына жатады. Жақтың кең ашылуы арқылы ашық дауыстылар жасалады. Олар: а,ә,о,е,ө,э. Жақтың тар ашылуы арқылы қысаң дауыстылар жасалады. Олар: ы,и,і,у,ұ,ү. Езудің кейін тартылуы арқылы езулік дауыстылар жасалады. Олар: а,е,ә,ы,і,и,э. Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы еріндік дауыстылар жасалады. Олар: о,ө,ұ,ү,у.
4.Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру.
1-тапсырма. Мына сөздердің ішінен жуан дауысты у дыбысы бар сөздерді бір бағанға, жіңішке дауысты у дыбысы бар сөздерді екінші бағанға теріп жазу.
Үлгі: жуан у дыбысы: ТАНУ, ҚАЗУ. Жіңішке:ТІГУ, КӨРУ:
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбыстарды қойып көшіріңдер.
Үлгі: Әл...де б...лса с...лқын, б...рл...қ ж...рд... қ...р б...с...п ж...т...р. Әлі де болса салқын, барлық жерді қар басып жатыр.
5."Топтастыру"
241- жаттығу. Мына сөздердің ішінен жуан У дыбысы бар сөздерді бір бағанға,
жіңішке У дыбысы бар сөздерді екінші бағанға теріп жазыңдар.
Ашу, білу, қазу, сену, жазу, қу, беру, ілу, жолығу, кезу, сызушы, жу, көну, қону. 240-жаттығу. Мына жұмбақтарды шешіп, жуан дауысты сөздер мен жіңішке дауысты сөздерді ата.