Капсюльде жасыл ?а?ты? болмауы,капсюльді? о?сауыт т?біні? бетінен шы?ып т?рмауы;
?рыс патрондарыны? арасында жатты?у патрондарыны? болмауы тексеріледі.
Барлы? б?лінген патрондар ?ойма?а тапсырылады.Егер патронда ша?,тат,жасыл ?а? н/е тот т?р?ан болса,оларды ??р?а? таза ш?берекпен с?рту керек.
Автоматты /пулеметті/ атыс?а дайындау
Автоматты /пулеметті/ атыс?а дайындау- оны? атыс кезінде то?таусыз ж?мыс істеуін ?амтамасы? ету ?шін ж?ргізіледі.
Автоматты /пулеметті/ ату?а дайындау кезінде:
Автоматты /пулеметті/ б?лшектенген т?рде ?арап,тазалап,майлау;
Автоматты /пулеметті/ жинал?ан т?рде ?арау;
О?жатарларды ?арау ?ажет.
Автомат (пулемет) б?ліктері мен механизмдерін д?рыс ?арап к?тсе, ол ?за? уа?ыт сенімді де кідіріссіз ж?мыс істейді. Алайда механизмдерді? ластануы, б?ліктерді? тозуы ж?не ??ыпсыз ?сталуы, о?сауыттарды? жарамсызды? салдарынан атыс кезінде кідірістер болуы м?мкін.
Атыс кезінде бол?ан кідірісті, е? алдымен ?айта о?тау ар?ылы т?зеп к?ру керек. Б?л ?шін бекітпе жа?тауын т?т?асынан ?стап, тез кейін тартып барып босатып жіберу керек те, атысты жал?астыру керек. Егер кідіріс ?айталанса, оны? себебін аны?тап, кестеде келтірілген ?дістерді? бірімен жою керек.
Кідіріс ж?не оны? сипаты
Кідірісті? себебі
Кідірісті жою ?дісі
О?сауытты? берілмеуі.
Бекітпе алды??ы жа?дайда, біра? атыс болмады-о?ты?та о? жо?.
О?жатарды? ластануы немесе а?аулы?ы.
2. О?жатар ілгішіні? а?аулы?ы.
Автоматты (пулеметті) ?айта о?тап, атысты жал?астыру. Кідіріс ?айталан?анда о?жатарды алмастыру.
О?жатарды? бекітпесі а?аулы болса, автоматты ж?ндеу шеберханасына жіберу.
Б?рауыш ж?не ?а??ыш автоматты (пулеметті) б?лшектеу ж?не жинау кезінде ?олданылады. Б?рауышты? ?шында?ы ойы? ?арауылды б?рап кіргізу ж?не шы?ару ?шін, ал б?йіріндегі ойы?ы тазала?ышты с?мбіге бекітуге арнал?ан. Б?рауышты пайдалану?а ы??айлы болу ?шін, ол пеналды? б?йір са?ылауына ?ойылады. ???ы арнасын тазалау кезінде б?рауыш пенал?а с?мбі басыны? ?стінен салынады.
Пенал тазала?ышты, с?рткішті, б?рауышты, ?а??ышты са?тау ?шін ?ызмет етеді. Ол ?а?па?пен жабылады. Пенал ???ы арнасын тазалау ж?не майлау кезінде с?мбі жал?астыр?ышы ретінде, ?арауылды б?рап енгізу ж?не шы?ару кезінде б?рауышты? т?т?асы ретінде ж?не газ т?тігіні? жап?ышын б?рау ?шін ?олданылады.
Бір мойынды майла?ыш майдан са?тау ?шін ?ызмет етеді, ол о?жатар?а арнал?ан с?мке ?алтасында болады.
О?тізер о?сауыттарды тасу?а ж?не о?жатарды о?сауыттармен жедел ?амтамасыз етуге арнал?ан. О?тізерде 15 о?сауыт болады.
Оны? екі ?тпе са?ылау серіппесі болады.
Б?рамас??па о?жатарды о?сауыттармен жабды?тау кезінде оны о?тізермен жал?астыру ?шін ?ызмет етеді. Оны? т?менде – о?жатар мойынны? тиісті са?ылауына кіретін екі б?рамасы; жо?арыда – о?тізер мен тіреу ?шін екі ?тпе са?ылауы болады, олар о?тізерді? ?оз?алысын шектейді.
4.Жа?а та?ырыпты бекіту: 10 минут. IV тарау. § 4. с?ра?тары.
Просмотр содержимого документа
«"Автоматты / пулеметті/ тексеріп ?арау ж?не оны ату?а дайындау".»
Алғашқы әскери дайындық сабағының
жоспары.
Сабақтың тақырыбы:Автоматты / пулеметті/ тексеріп қарау және оны атуға дайындау.
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға автоматты / пулеметті/ тексеріп қарауына оны атысқа дайындауына жалпы түсініктеме беру.
2.Атыс кезіндегі кідірістердін пайда болу себептер туралы, жалпы мәлімет беру арқылы окушылардың білімдерін арттыру;
3.Өз ісіне деген жауапты болуға, мұқияттылыққа окушыларды баулу;
Әдіс: Әңгімелеу, сұхбаттасу.
Уақыт: 45 минут.
Өткізілетін жер: алғашқы әскери дайындық бөлмесі.
Нұсқаулар мен әдістемелер:алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау.
Материалдық қамтамасыз ету:алғашқы әскери дайындық кітабы.Плакаттар.
Сабақ барысы:
1.Сапқа тұру.Взводты екі қатарлы сапқа тұрғызу. Взвод командирінен рапорт қабылдау. Оқушы сырт келбетін тексеру.5 минут.
2. Үй тапсырмасын тексеру: 10 минут.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 15 минут.
Автоматтың /пулеметтің/ атуға жарамдылығын,тазалығын,майдың сапасын тексеру ж/е автоматты атысқа дайындау үшін автоматты,керек-жарақтарды ж/е оқжатарды тексеріп қарау жұмыстары жүргізіледі.
Жауынгерлер мен сержанттар автоматты /пулеметті/:
күн сайын
сабаққа шығар алдында,күзетке түсер алдында,ұрыс жағдайында- күніне бірнеше рет,жауынгерлік міндетті орындау алдында;
тазалау кезінде тексеру керек.
Автоматтың /пулеметттің/ қалыпты жағдайда бұзатын негізгі ақаулары мыналар:
қарауыл майысқанда н/е соғылғанда,бір жағына төменгі н/е жоғарыға қарай орнына қарама –қарсы жаққа ауытқиды.
Ұңғы майысқанда-оқтар ұңғының ауыз жағындағы қайырма жағына ауытқиды.
Ұңғы арнасының қажалуы,ойық өрістері бұрыштарының дөңгеленуі мен тозуы,көздек тақташа,қарауыл,дүм тербетілуі-мұның барлығы оқ шашырауын көбейтеді.
Жауынгерлер мен сержанттардың автоматы /пулеметті/ тексеріп қарау тәртібі
Күнделікті қарау кезінде:автоматтың /пулеметтің/ барлық бөліктерінің болуына көз жеткізіп,сыртқы бөліктерінде таттың,балшықтың,сондай-ақ майысу,сызат түскен ж/е механизмдердің қалыпты жұмысын бұзуы мүмкін басқа да зақымдардың болуын;ағаш бөліктерінде жарылған,бұзылған жерінің болмауы,сүмбінің бекітілуінің беріктігін тексеру керек.
Ұрыстық патрондарды қарау
Ұрыстық патрондар атыс алдында,күзетке түсу кезінде ж/е командир бұйрығы бойынша тексеріледі.
Капсюльде жасыл қақтың болмауы,капсюльдің оқсауыт түбінің бетінен шығып тұрмауы;
Ұрыс патрондарының арасында жаттығу патрондарының болмауы тексеріледі.
Барлық бүлінген патрондар қоймаға тапсырылады.Егер патронда шаң,тат,жасыл қақ н/е тот тұрған болса,оларды құрғақ таза шүберекпен сүрту керек.
Автоматты /пулеметті/ атысқа дайындау
Автоматты /пулеметті/ атысқа дайындау- оның атыс кезінде тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасық ету үшін жүргізіледі.
Автоматты /пулеметті/ атуға дайындау кезінде:
Автоматты /пулеметті/ бөлшектенген түрде қарап,тазалап,майлау;
Автоматты /пулеметті/ жиналған түрде қарау;
Оқжатарларды қарау қажет.
Автомат (пулемет) бөліктері мен механизмдерін дұрыс қарап күтсе, ол ұзақ уақыт сенімді де кідіріссіз жұмыс істейді. Алайда механизмдердің ластануы, бөліктердің тозуы және ұқыпсыз ұсталуы, оқсауыттардың жарамсыздық салдарынан атыс кезінде кідірістер болуы мүмкін.
Атыс кезінде болған кідірісті, ең алдымен қайта оқтау арқылы түзеп көру керек. Бұл үшін бекітпе жақтауын тұтқасынан ұстап, тез кейін тартып барып босатып жіберу керек те, атысты жалғастыру керек. Егер кідіріс қайталанса, оның себебін анықтап, кестеде келтірілген әдістердің бірімен жою керек.
Кідіріс және оның сипаты
Кідірістің себебі
Кідірісті жою әдісі
Оқсауыттың берілмеуі.
Бекітпе алдыңғы жағдайда, бірақ атыс болмады-оқтықта оқ жоқ.
Оқжатардың ластануы немесе ақаулығы.
2. Оқжатар ілгішінің ақаулығы.
Автоматты (пулеметті) қайта оқтап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанғанда оқжатарды алмастыру.
Оқжатардың бекітпесі ақаулы болса, автоматты жөндеу шеберханасына жіберу.
Оқсауыттың кептелуі.
Оқсауыт оғымен ұңғының оқталатын бөлігіне тірелген, жыл- жымалы бөліктер ортаңғы жағдайда тоқтаған.
Оқжатардың ақаулығы.
Бекітпе жақтауының тұтқасынан ұстап тұрып, кептелген оқсауытты алып тастап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанса, оқжатарды ауыстыру.
Атылмай қалу.
Бекітпе алдыңғы жағдайда, оқсауыт оқтықта, шүріппе босатылған - атыс болмады.
1 Оқсауыттың жарамсыздығы.
2. Соққыштың немесе соққыш-ағытқыш механизмнің ақаулы-ғы; ластануы, майдың қатып қалуы (соққыштың капсюльді соқпауы немесе бәсең соғуы).
3. Соққыштың бекітпеде кептеліп қалуы.
Автоматты (пулеметті) қайта оқтап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанса, соққыш пен соққыш-ағытқыш механизмді қарап тазалау; бұзылған, тозған болса, автомат жөндеу шеберханасына жіберіледі.
Соққыш бекітпеден ажыратылып, бекітпедегі соққыш астындағы саңылау тазаланады.
Оқсауыттың алынбай қалуы.
Оқсауыт оқтықта, кезекті оқсауыт оған оғымен тірелген, жылжымалы бөліктер ортаңғы жағдайда тоқтаған.
1.Оқсауыт лас немесе оқтық ластанған.
2.Лақтырғыштың немесе оның серіппесінің ластануы не ақаулығы.
Бекітпе жақтауының тұтқасын кері тартып оны артқы жағдайда ұстай тұрып, оқжатарды бөлшектеп, тірелген оқсауыт алынады.
Бекітпе немесе сүмбімен оқсауыт оқтықтан шығарылады. Кідіріс қайталанса, оқсауыт пен оқтық тазалануы керек.
Лақтырғышты қарап, тастан тазартып, атысты жалғастыру. Лақ-тырғыш-ақаулы болғанда, автомат жөндеу шеберханасына жіберіледі.
Оқсауыттың шағылыстыр-ылмауы. Оқсауыт ұңғы қорабынан лақтырылмай, сонда бекітпенің алдында қалған немесе бекітпе арқылы қайтадан оқтыққа жіберілген.
1.Үйкелуші бөліктердің, газ жолдарының немесе оқтықтың ластануы.
2.Лақтырғыштың ластануы немесе ақаулылығы.
Бекітпе жақтауының тұтқасын кері тарту, оқсауытты лақтырып, атысты жалғас-тыру. Кідіріс қайталанса, газ жолдарын, үйкелуші бөліктерді және оқтықты тазалау; үйкелуші бөліктерді иайлау.
Лақтырғыш ақаулы болса, автоматты жөндеу шеберханасына жіберу.
Бекітпе жағдайының алдыңғы жағдайға жетпеуі.
Қайтарма серіппі сынған.
Серіппені алмастыру (урыс жағдайында серіппенің алдыңғы бөлігін жарақталған ұшымен артқа бұрап, атысты жалғастыру).
Автоматтың (пулеметтің) керек-жарағы.
Керек-жарақ автоматты (пулеметті) бөлшектеу, жинау, тазалау үшін және оқжатарларды оқсауыттармен жедел жабдықтау үшін қызмет етеді. Оған жататындар: сүмбі, сүрткіш, тазалағыш, кірпішек, бұрауыш, қаққыш, бұрмасұқпа, пенал, оқтізер және майсауыт.
Сүмбі ұңғы арнасын, автоматтың (пулеметтің) басқа да бөліктерінің аралары мен қуыстарын тазалау үшін қолданылады. Оның қаққышқа арналған саңылауы бар басы, тазалағышты немесе кірпішекті бұрап кіргізетін бұрандасы болады.
Тазалағыш ұңғы арнасын, сондай-ақ автоматтың (пулеметтің) басқа да бөліктерінің арналары мен қуыстарын тазалау және майлау үшін қажет. Оның ішкі бұранданы сүмбіге бұрап кіргізуге арналған бұрандасы және шүберек не кендірге арналған саңылауы болады.
Сүрткіш ұңғы арнасын ұңғы тазалау ерітіндісімен (ҰТЕ) тазалау үшін қолданылады.
Бұрауыш және қаққыш автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинау кезінде қолданылады. Бұрауыштың ұшындағы ойық қарауылды бұрап кіргізу және шығару үшін, ал бүйіріндегі ойығы тазалағышты сүмбіге бекітуге арналған. Бұрауышты пайдалануға ыңғайлы болу үшін, ол пеналдың бүйір саңылауына қойылады. Ұңғы арнасын тазалау кезінде бұрауыш пеналға сүмбі басының үстінен салынады.
Пенал тазалағышты, сүрткішті, бұрауышты, қаққышты сақтау үшін қызмет етеді. Ол қақпақпен жабылады. Пенал ұңғы арнасын тазалау және майлау кезінде сүмбі жалғастырғышы ретінде, қарауылды бұрап енгізу және шығару кезінде бұрауыштың тұтқасы ретінде және газ түтігінің жапқышын бұрау үшін қолданылады.
Бір мойынды майлағыш майдан сақтау үшін қызмет етеді, ол оқжатарға арналған сөмке қалтасында болады.
Оқтізер оқсауыттарды тасуға және оқжатарды оқсауыттармен жедел қамтамасыз етуге арналған. Оқтізерде 15 оқсауыт болады.
Оның екі өтпе саңылау серіппесі болады.
Бұрамасұқпа оқжатарды оқсауыттармен жабдықтау кезінде оны оқтізермен жалғастыру үшін қызмет етеді. Оның төменде – оқжатар мойынның тиісті саңылауына кіретін екі бұрамасы; жоғарыда – оқтізер мен тіреу үшін екі өтпе саңылауы болады, олар оқтізердің қозғалысын шектейді.
4.Жаңа тақырыпты бекіту: 10 минут. IV тарау. § 4. сұрақтары.
5.Үйге тапсырма: 1 минут. IV тарау. § 4.
6.Қорытынды: 4 минут.
Сабақ жоспарын__________________________________________________