Просмотр содержимого документа
«М.Жумабаев «Са?ындым», «?ыскы жолда"»
Келісемін:
Мерзімі
20.01.2016ж
Сыныбы: 5«В»
Пәні: қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Мухамадиева Т. Б.
Тақырыбы:
М.Жумабаев «Сағындым», «Қыскы жолда».
Мақсаты:
М.Жумабаев «Сағындым», «Қыскы жолда» өлеңдері туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1. Білімділік: Мағжан Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу, өлеңнің мазмұнын, идеясын ашу, мәнерлеп оқыту. Өлеңнің көркемдік қуатын оқушылар санасына жеткізу
2. Дамытушылық: Оқушылардың қабылдауын, танымын, белсенділігін арттыра отырып, өз бетімен оқуға үйрету, сөйлеу тілін дамыту.
3. Тәрбиелік: Өлеңдегі табиғат суреті арқылы эстетикалық тәрбие беру. Туған жерге, елге
деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оқыту нәтижесі
Табыс критерийлері:
Біз әр оқушыны дарынды деп есептеуіміз қажет.Әр сабақсайын окушының сыни ойлауымен өз пікірін көпшілікпен бөлісуге машықтандыру.
Сабақтың түрі:
жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, талдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары
Көрнекілігі құрал жабдығы:
: кітап, суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
1.Оқушының сабаққа дайындығын тексеру
2. Оқушының зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру:
─ Арсен,үйге қандай тапсырма берілді?
Ы.Алтынсариннің «Өзен» мәнерлеп оқу,және «Дүние қалай етсең табылады»
Әңгімесі.
ІI Қызығушылықты ояту сатысы
«Ой қозғау» стратегиясы
«Кім тапқыр?»
Күншығыстан таң келеді, мен келем,
Көк күңіренеді, мен де көктей күңіренем.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,
Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!
─ Арсен, бұл өлең жолдарының авторы кім
ІІІ Жаңа сабақ:
1. Сабақ тақырыбы жазылады
Мағжан Жұмабаев
(1893 - 1938)
«Қысқы жолда» өлеңі
2. Сабақ мақсаты түсіндіріледі.
3. Тірек - сурет (М. Жұмабаев)
4. «Топтастыру» стратегиясы
Педагог қоғам қайраткері
ақын Мағжан журналист
публицист, ағартушы аудармашы
М. Жұмабаев – жүрегі от, рухы биік, жалынды ақын.
Балы жасынан зерек болып өскен, Мағжан «Табиғаттың өз тілі бар» дегенге сенетін Соны білуді, үйренуді армандады. Мөлдіріне ұзақ қарап, көл жағасындағы ақ маржан тастарды уыстап алып, иіскеп, көзін жұмып, рақаттанып тұрғаны да шындық.
(апасы Күләндәм, қызы Күлзипаның естеліктерінен)
«Табиғатты Мағжаннан көп, онан артық суреттеген қазақ ақыны кемде - кем шығар»
Ж. Аймауытов
Ақынның табиғат лирикасына арналған бірнеше өлеңдері бар:
Табиғат лирикасы → «Жазғытұрым», «Жазғытұры», «Жазғы таң», «Күз», «Жаз келеді», «Күзді күні», «Қысқы жолда», «Жазғы жолда» Арсен, біз ақынның «Қысқы жолда» өлеңін оқимыз
Миға шабуыл:
«Қыс» деген сөзді естігенде көз алдарыңа не елестейді? Өз ойларын парақшаға бір сөзбен жазу.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Оқушылар мәнерлеп оқиды
─ Балалар, өлең сендерге ұнады ма? Несімен ұнады? Қандай әсер алдыңдар?
Өлеңде қай жыл мезгілі суреттелген? Қазір жылдың қай мезгілі?
Өлеңде қазақ ауылындағы қыс мезгілі суреттеледі. Табиғаттағы өзгерістер, қысқы боранның суреті, қазақтың сар даласындағы қыс суреті, оның адамға, жолға қаупі бейнеленген.
Өлеңді оқып отырғанда боранның дауысын естіп, денеміз тоңып, жалғыз атты жолаушыны жылы үйге кіргізіп алғымыз келеді.