КММ «Қарқаралы қаласындағы ЖББ №2 Ә.Ермеков орта мектептің» оқу ісінің меңгерушісі
  Іс-әрекеттің зерттеу тақырыбы: Қалай оқу керектігін үйрету арқылы оқушылардың ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
    |   9 А сынып   |  
  |   Пәні: Қазақ тілі   |  
  |   Пән мұғалімі: Т.М.Бекова     |  
  |   Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау   |  
  |   Сабақтың мақсаты: мамандық тақырыбын кеңейту,осы тақырыпта пікір алмасуға үйрету,танымдық білімді толықтыру,грамматикалық тапсырмалар арқылы ережелерді пысықтау.   |  
  |   Табыс критерийлері:белсенділік таныту,тапсырмалардың мазмұны негізінде өз ойларымен бөлісу,талдау түрлерін пысықтау   |  
  |    Кұтілетін нәтижее: оқушы болашақ таңдауы арқылы өзіне және қоғамға тигізер пайдасы жайлы ойланады..Ой қорытындысын шығарады.   |  
  |   Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Жұппен жұмыс. Шығармашылық жұмыс. Диалогтік оқыту. Ашық сұрақтар.   |  
  |   Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, технология , кәсіптік бағдар, информатика   |  
  |   Көрнекілігі: АКТ,бейнекөрсетілім, стикерлер,үлестірмелер , маркерлер.     |  
  |   Мұғалім міндеті: сын тұрғысынан ойлауға үйрету ,оқушылардың қабылдауын, түсінуін жеңілдету,диалог жүргізуге дағдылау.   |  
 
         |   Ойлау деңгейі   |    Мақсаты   |    Күтілетін нәтиже   |    Ашық сұрақтар  Тапсырмалар     |    Мұғалімнің әрекеті  Әдіс-тәсілдері   |    Оқушының әрекеті  Оқу үшін бағалау   |  
  |   Білу   |    Ашық сұрақтарға жауап беруге үйренеді   |    Оқушы өз ойын жеткізеді   |    - Қазақ халқы қандай жағдайда қателеспеуі керек деген?  - Қазіргі таңда жастар қандай мамандықтарды игергісі келеді?  - Неліктен қолдарында қос-қос дипломдары бар жастар көбінесе жұмыссыз жүреді?   -Сондай жағдайға тап болмас үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?   -Не себепті қоғамға пайдалы мамандықты таңдау керек?   -Көрсетілімнен қандай ақпарат алдыңдар?   |    Суреттердегі мамандықтар бойынша топқа бөлу.   Сабақтың мақсатымен,  табыс критерийлерімен  таныстырған соң көрсетілімге назар аудартамын.  Көрсетілім бойынша оқушы пікірін тыңдаймын  Диалогтік оқу   |    -Белгілі бір шешім қабылдауға әрекеттенеді.  -диалог жүргізеді,өз пікірімен бөліседі       |  
  |   Түсіну   |    Тапсырма мазмұны негізінде өз ойларымен бөліседі   |    Белсенділік танытады   |    Тапсырма. Үлестірмедегі сөйлемдерді оқып, «келісемін +» немесе «келіспеймін -» деп жауап беріп, жауаптарыңды негідеңдер.   |    Оқушы жауабын тыңдау , бір-біріне құрметпен қарауға , жауаптарын тыңдауға , талқылауға жағдай жасау   |    Оқушы жауаптарын негіздейді,өз пікірін дәлелдейді  Бірінің жауабын бірі «бағдаршам» арқылы бағалайды   |  
  |   Қолдану   |    Грамматикалық тақырыптар негізінде білім дәрежесін бақылау   |    Грамматикалық тақырыптар бойынша білімдерін пысықтайды   |     Тапсырма . Үлестірмедегі сөйлемдерді мағыналық жағынана сәйкестендіріңдер,  синтаксистік,  талдау жасаңдар.   |    Жұппен жұмыс жүргізуге жағдай жасайды       |    Ізденеді, талдайды, ойланады, айтады.       |  
  |   Талдау   |    Жаңа тақырып негізінде диалог құруға дағдылану   |    Теориялық білімді тәжірибеде қолдана біледі   |    Есте сақта!    Екі жағдайда қателесуге болмайды: жар таңдағанда және мамандық таңдағанда.  Морфологиялық талдау жасаңдар.   |    Жеке жұмыс     |    Тақтада,дәптерде морф. талд. жасайды.   |  
  |   Жинақтау   |    Ойын жинақтайды, ой бөліседі.   |    Өзіндік ұстаным қалыптасады   |    1)Бүгін сабақта біз нені түсініп, нені үйрендік?  2) Тағы не білгім келеді?   |    Топпен жұмыс     |    Өз ойын жеткізе алуы қажет.       |  
  |   Бағалау   |    Өз көзқараста-рын ортаға сала алады.Пікір-болжам айтады.   |    Ой қорытынды-сын шығарады.   |    Рефлексия стикерге:сабақтың екі ұнаған сәтін ,бір ұсыныс жаз.  Неліктен  «Істің жаманы болмайды,жаман іскер болады» дегенді қалай түсінесің? Өз ойыңды жазып кел.   |    Өздік жұмыс     |    Оқушы әрі қарай ізденеді.  Стиктерге пікір жазу арқылы сабақтағы өз әрекетін зерделейді, баға береді   |