А?ерке: ??рметті достар. Біздер жыл сайын с?уір мерекесін тойлаймыз. Міне сол к?н, сол мереке биыл да келіп жетті. ?лкеміз, ?зен мен к?лдеріміз, тау мен ба?шаларымыз ??старды? ?и?уына б?ленді.
Азиза: Сонды?тан да достар сендерді мектебімізді? о?ушылары осы мерекемен ??тты?таймыз. Ендеше мерекемізді бастайы?.
С?т :
С?уір келді,
Тірлікке жан кірді
Ке? дала жасарып, жа??ырды
Бар ??ір ??лпыра бастады,
Т?сіне ??йып ап жа?бырды
Тірлікке жан кірді к?ктемнен
Айнала сай-сала к?кпе?бек,
Ди?анны? ар?асы босады.
?ытымыр ?ысымыз ?тті деп.
А?ерке: Адам мен ??старды? досты?ы сонау, ерте заманнан-а? бастал?ан. Адамды ал?аш рет та?дандырушы ??старды? ?шу ?абілеті бол?ан. Себебі, ертегілерді? к?пшілігінде адам басына ?ауіп т?нген кезде ??т?арушы, жа?сылы? жасап д?улет сыйлаушы Ба?ыт ??сы кездеседі. Сонды?тан да халы? а?ыздарында ?анатты достарымызды айлалы, а?ылды етіп к?рсетеді. ??стар сонымен бірге «дала д?рігері» деп те аталады екен. ??старды? келтірер пайдасы к?п. Ендеше, ??старды «А? к?гешін» ?німен ?арсы алайы?.
?н: «А? к?гешін» Орындайтын: Тугумбавеа Азиза
Азиза : ??старды? адам ?міріндегі ма?ызы туралы ма?ал- м?телдер, а?ыз-??гімелер к?п жылдар бойы на?ыл?а айнал?ан асыл с?здер к?п. Б?л адамны? ??стар?а деген к?з?арасын ай?ындай т?скендей.
Көрнекіліктер: құстар туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, киімдер, т.б.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Сіздерді табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын көктем хабаршысы «Құстар күні» мерекесіне арналған «Құстар- көктем жаршысы» атты ашық тәрбиет сағатымызды тамашалауға шақырамыз.
Ақерке: Құрметті достар. Біздер жыл сайын сәуір мерекесін тойлаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленді.
Азиза: Сондықтан да достар сендерді мектебіміздің оқушылары осы мерекемен құттықтаймыз. Ендеше мерекемізді бастайық.
Сәт :
Сәуір келді,
Тірлікке жан кірді
Кең дала жасарып, жаңғырды
Бар өңір құлпыра бастады,
Төсіне құйып ап жаңбырды
Тірлікке жан кірді көктемнен
Айнала сай-сала көкпеңбек,
Диқанның арқасы босады.
Қытымыр қысымыз өтті деп.
Ақерке: Адам мен құстардың достығы сонау, ерте заманнан-ақ басталған. Адамды алғаш рет таңдандырушы құстардың ұшу қабілеті болған. Себебі, ертегілердің көпшілігінде адам басына қауіп төнген кезде құтқарушы, жақсылық жасап дәулет сыйлаушы Бақыт құсы кездеседі. Сондықтан да халық аңыздарында қанатты достарымызды айлалы, ақылды етіп көрсетеді. Құстар сонымен бірге «дала дәрігері» деп те аталады екен. Құстардың келтірер пайдасы көп. Ендеше, құстарды «Ақ көгешін» әнімен қарсы алайық.
Ән: «Ақ көгешін» Орындайтын: Тугумбавеа Азиза
Азиза : Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы мақал- мәтелдер, аңыз-әңгімелер көп жылдар бойы нақылға айналған асыл сөздер көп. Бұл адамның құстарға деген көзқарасын айқындай түскендей.
Нұрбек : ендеше қанатты достарымыз туралы білетін мақал-мәтелдерімізді ортаға салайық. Яғни мақалды жалғастыру.
Қиядағы қызыл түлкіні Ит иесі үшін алады.
Қияннан соққан бүркіт алады. Бүркіт жемі үшін алады.
Ат бегі —аттың тұяғына қарар Екі сұңқар таласса,
Құс бегі — құстың қияғына қарар Бір қарғаға жемтүсер.
Құстың бәрі сұңқар болмас, Сұңқар орманға тартар,
Аттың бәрі тұлпар болмас. Тұлпар қорғанға тартар
Альбина:
Құстар тойын құттықтап
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап, құттықтап
Біз оларды қорғаймыз.
Азиза:
Кербез құстар әнімен,
Келді міне сәнімен
Қос көгершіннің биіне
Қол соғайық сүйсіне
Би: «ақ көгершін биі».
Ақерке: Енді құрметті достар, құстар жөнінде викториналық сұрақтарға жауап берейік.
Сәт:
Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
Құстың негізгі мекенін атаңдар? (ұя)
Қай құста мүлдем ұя болмайды? (көкек)
Құстардың неше түрі бар? (2. Жабайы және үй)
Алдымен қай құс қайтады? (қараторғай)
Құйрығы аша құс? (қарлығаш)
Жылтырға үйір құс? (сауысқан)
Орман емшісі? (тоқылдақ)
Жыртқыш құс? (лашын)
Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)
Азиза: Көкте ұшқан құстардың қиқуланған, тыраулаған, шиқылдаған дауыстары естіледі. Құстардан қандай дауыстар естиміз. Соны көрсетейік.
Көктің даусын келтір -кукук
Пингвиннің қимылын келтір
Қарғаның даусын келтір - қар, қар
Үйректің қимылын келтір
Ақерке: Құстарға байланысты көптеген жұмбақтар да бар, енді соларды шешіп көрейік.
Арайлым:
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктем жұлдыз аққандай (қарлығаш)
Орманда жоғары
Ағашқа қонады
Тұмсығын балғағып
Тоқ-тоқ соғады (тоқылдақ)
Өзі сақ, өзі ұсақ
Шықылықтап тұрмайды
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс? (сауысқан)
Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес,құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым (Жапалақ)
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс? (үкі)
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді (Қараторғай)
Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді (Көкек)
Азиза: Құстар біздің досымыз. Сондықтан да ата-бабамыз құстарды қадірлеп құрметтеген. Оны біз балаларына құстардың атын қойып, батыр ұлдарын сұңқарға, әнші қыздарын бұлбұлға, сұлу қыздарын аққуға теңегендерінен біле аламыз.
1. Құстардың атын қойған қандай кісі аттарын білеміз? (Аққу, Тоты; Қарлығаш, Қарлыға, Лашын, Торғай, Бүркіт, Көгершін)
2. Елімізді жаудан қорғап ерлік көрсеткен қыран бүркіттей қандай батырларды білесіңдер? (Бөгенбай, Қарасай, Қабанбай,т.б)
3. Ал, бұлбұлша сайрайтын қандай әншілерді білесіңдер? (Б. Төлегеновна, Р. Рымбаева, М. Есқалиева, К. Байсейітова)
4. Балалар біз құстар туралы жазылған өлең, ән білеміз бе?(«Бозторғай», «ақ көгершін», «Аққулар», «Құстар қайтып барады»).
Ақерке: Қазір Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» әнін орындайтын .
Азиза: Балалар, онда біз бейнероликтен құстарды тамашалайық:
Ақерке : Құрметті достар, көктем жаршысы адамзаттың досы жыл құсын әрдайым осылай қарсы алайық, оларға әр уақытта қамқоршы болайық. Келген көктеміміз, жаңа жылымыз құтты болсын.
Азиза: Әрқашанда аспанымыз ашық болсын, елімізде бейбітшілік болсын. Ақ көгершін-өздерін білесіңдер, тыныштықтың, бейбітшіліктің белгісі. «Қос қарлығаш» әнін сіздерге шашу етіп сыйлаймыз.
Осымен «Құс- көктем жаршысы» атты мереке аяқтаймыз.