2-ж?ргізуші:Ал?ыс айту,ризашылы? білдіру жайында мына м?ліметке назар
аударайы?шы.
Б?гін-Ал?ыс айту к?ні (Thanksgiving Day).К?нні? халы?аралы? д?режесі жо?,м?ны А?Ш ж?не Канада халы?тары ?араша айыны? ?рб?р т?ртінші бейснбісінде атап ?теді.К?з алды?ыз?а америкалы? ба?ытты отбасыларды? дастархан басында жиналып,д?мді б?ліштерімен к?рке тауы? етін жеп отыр?ан с?ті келді ме?Алайда, б?л мереке дастарханмен ?ана шектелмейді.Мерекені? ешбір дінмен байланысы жо?,адамдар тек ?ана ?рбір к?н сайын не ?шін рахмет айту керек екендігін ойланады.Атаулы к?н ал?аш рет 1621 жылы а?ылшынды? колонистерді? бастамасымен тойлан?ан.?ыс мезгілі ?те ауыр болып,адамдар ашты??а ?шыра?анды?тан губернатор Уильям Бредфорд ?ол астында?ыларды? к??іл –к?йін к?теру ?шін Ал?ыс айту к?нін белгілейді.Айналада?ы бас?а да к?ршілер б?л д?ст?рді жылы ?абылдап,?а?арлы ?ысты аман-есен ?ткереді.Рахмет айту к?ніні? басты нышандарыны? бірі-т?йе??с.Себебі,а?ылшынды? колонистер мерекені ал?аш тойла?анда орманда атыл?ан 4 т?йе??сты жеген екен.
1-ж?ргізуші:Кейіннен, я?ни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Ал?ыс айту к?нін «?лтты? мереке» деп жариялайды.Б?л к?ні барлы? отабсы міндетті т?рде дастархан басына жиналып,туыстарына жа?сылы? жасау?а асы?ады,
жа?ындарын ?уанту ?шін т?рлі тосын сыйлар ойлап табады.?алада?ы метроларда ерекше ?стелдер орнатылып,адамдар а?ша,азы?-т?ліктерін ?айырымдылы??а ?келіп ?ояды.XVII ?асырдан келе жт?ан ?р т?рлі киімдерді киген т?р?ындар шеруге шы?ып,думанды кештер ?йымдастырады.
?рине,мереке бізді? менталитетке сай емес деушілер табылар.Дегенмен, жылды? бір к?нінде не ?шін рахмет айту керек екенімізді ойлана ж?рсек арты? етпейтін секілді.К?птеген адамдар материалды? жа?ынан толы? ?амтамасыз етілген болса да, ал?ыс айта білмегені ?шін рухани кедей болып ?алып жатады.
2-ж?ргізуші:Ал б?л мейрам бізге ?алай жетті?
1-ж?ргізуші:Б?л мейрамды е? ал?аш «Б?бек» ?орыны? президенті Сара Алпыс?ызыны? ?олдауымен ?аза?станны? айтулы мерекелеріні? біріне айналды. Міне,осы с?ттен бастап 1 наурыз-Ал?ыс айту мерекесі болып ?абылданды.
-Ал енді мені? ал?ыс айтуымды к?тіп отырсы?дар,міне сендерге.,-дейді де ?атыгез ?гіз сол бая?ы ?рекетіне ?айта басып,?оларды тым-тыра?ай ?уалап ж?гіріп кетеді.
Просмотр содержимого документа
«"1 наурыз-ал?ыс айту к?ні" Мерекелік шара»
Тақырыбы: «1-наурыз» Алғыс айту күніне орай ұйымдастырлыған мерекелік
шара
Мақсаты:Оқушылардың «алғыс», «сыйластық» құндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту,үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін,сыпайылық қарым-қатынасын дамыту,әдептілікке,кішіпейілділікке,ізеттілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі:интербелсенді тақта,слайд,оқушылардың сурет көрмесі
1-жүргізуші:Армысыздар құрметті оқушылар,ұстаздар,осы мерекелік шараға жиналған барша қауым!Бүгін 1-наурыз -Алғыс айту күніне арналған мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!
Анаға-өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге-қорған болғаны үшін,
Далаға-гүлдер мен көк шалғыны үшін,
Сөзге –жанды жылытатыны үшін,
Күнге-шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға-қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа-құшағы мен жақсылығы үшін,
Әжеге-ыстық алақаны үшін,
Суға-тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге-махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа-жылулығы үшін,
Ұстазға-білім бергені үшін...
Р А Х М Е Т!!!
2-жүргізуші:Алғыс айту,ризашылық білдіру жайында мына мәліметке назар
аударайықшы.
Бүгін-Алғыс айту күні (Thanksgiving Day).Күннің халықаралық дәрежесі жоқ,мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбәр төртінші бейснбісінде атап өтеді.Көз алдыңызға америкалық бақытты отбасылардың дастархан басында жиналып,дәмді бәліштерімен күрке тауық етін жеп отырған сәті келді ме?Алайда, бұл мереке дастарханмен ғана шектелмейді.Мерекенің ешбір дінмен байланысы жоқ,адамдар тек қана әрбір күн сайын не үшін рахмет айту керек екендігін ойланады.Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған.Қыс мезгілі өте ауыр болып,адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Бредфорд қол астындағылардың көңіл –күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді.Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап,қаһарлы қысты аман-есен өткереді.Рахмет айту күнінің басты нышандарының бірі-түйеқұс.Себебі,ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған 4 түйеқұсты жеген екен.
1-жүргізуші:Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Алғыс айту күнін «Ұлттық мереке» деп жариялайды.Бұл күні барлық отабсы міндетті түрде дастархан басына жиналып,туыстарына жақсылық жасауға асығады,
жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады.Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып,адамдар ақша,азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды.XVII ғасырдан келе жтқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып,думанды кештер ұйымдастырады.
Әрине,мереке біздің менталитетке сай емес деушілер табылар.Дегенмен, жылдың бір күнінде не үшін рахмет айту керек екенімізді ойлана жүрсек артық етпейтін секілді.Көптеген адамдар материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені үшін рухани кедей болып қалып жатады.
2-жүргізуші:Ал бұл мейрам бізге қалай жетті?
1-жүргізуші:Бұл мейрамды ең алғаш «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының қолдауымен Қазақстанның айтулы мерекелерінің біріне айналды. Міне,осы сәттен бастап 1 наурыз-Алғыс айту мерекесі болып қабылданды.
2-жүргізуші:Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
-Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы,көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі.
1-жүргізуші: Адам өзінің ризашылығын,алғысын қандай сөздермен білдіреді?
Ризамын,рахмет,көп жаса,бата беру, т.б.
2-жүргізуші:Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
Үлкенге құрмет,кішіге ізет,қайырымды істерде,жетім-жесірге қамқорлық жасағанда т.б.
1-жүргізуші: Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Дүние жүзінде алғыс айту сөзін басқа тілдерде айтып көрейікші.
2-жүргізуші:Көп рахмет!Ендігі кезекті осы мерекелік шарамызға арналған шағын көрінісімізді қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:Көрініс қазақтың ұлттық ертегісінен алынған «Қаталдықпен білдірген алғыс»
Баяғы заманда бір байдың мыңғырған малы болыпты.Малдарын әдеттегідей малшыларға бақтырып жүрген екен.Бірақ малдың ішінде бір өгіз өте дөрекі болған екен.Көзіне көрінген малдың барлығын мүйізімен сүзіп жүрген екен.Әдеттегідей бадаға кеткен сәтте сол дөрекі өгіз байқаусызда бір шұңқырға түсіп кетеді.Қанша шұңқырдан шығаға әрекеттеніп еді,бәрібір шыға алмады.Амалсыз шаға алмаған соң,көмекке шақырудың амалын істеп айқай басты.Оны естіген малшы қойлармен бірге көмекке келеді.Қуанғанна өгіз:
-Маған көмек берсеңіздерші,сіздерге шексіз алғысымды білдіремін,бұдан былай ешбір малға залалымды тигізбеймін,-дейді.
- Бұл өгіз қанша иілсе де,біз оған көмек бере алмаймыз,себебі ертең-ақ әлә залалды әрекеттеріне басады,-деп қойлар сенімсіздік танытады.
Бірақ малшы өгізді жалғыз тастап кетуге қорқады,себебі өгіз байдың малы болғандықтан,өгіздің құнын төлеуге шамасы жоқ.Сонда малшы:
-Қойлар, бұл өгізді жалғыз қалдырмайық,себебі мұндай ауыр күн кез-келгеннің басына түсуі мүмкін,-дейді.
Осы сөзді жадына ұстап,қойлар малшының сөзіне келісім береді.
-Жарайды,дегеніңіз болсын,-дейді қойлар.
Сол сәтте «жұмыла көтерген жүк ауыр» дегендей,малшы мен қойлар бірігіп,өгізді ары тартқылап,бері тартқылап,әрең дегенде шұңқырдан шығарып алады.
-Ал енді менің алғыс айтуымды күтіп отырсыңдар,міне сендерге....,-дейді де қатыгез өгіз сол баяғы әрекетіне қайта басып,қоларды тым-тырақай қуалап жүгіріп кетеді.
1-жүргізуші:Балалар,осы ертегіден не ұқтыңдар?
2-жүргізуші:Өгіздің істеген әрекеті дұрыс па?
1-жүргізуші:Осы ертегіде кімнің әрекеті сендерге ұнады?
2-жүргізуші:Өгіз не үшін өзінің дөрекі әрекетіне басты?
1-жүргізуші:Оқушылар өздерінің алғыс,ризашылық туралы өз өлеңдерін оқиды.Үлкендерден бата алу.Ортаға Қыдыр атаны шақырамыз.
Рахмет! Рахмет! Балаларым
Жасың ұзақ болсын!
Таудай болып өс!
Ешкімнен кем болма!
Бақытты бол!
Білімді бол!
Өнерлі бол!
Арманыңа же!
Жасың жүзге толсын!
Еліңнің қорғаны бол!
Еліңнің таудай азаматы бол!
Ал балалар,алғыс айту,ризашылық білдіру жайында бір-бірлеріңе алғыс айтыңдар.
Бүгінгі мерамға қатысқандарыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз!!!