Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан. Төрт түлік малға түйе,жылқы,сиыр,қой ешкң жатады.Малды кисе киім,мінсе –көлігі,ішсе-сусыны,тұтынса –бұйымы болған.Малды қадірлеп,әрқайсысының иесі,мал атасы бар деп,түйені-Ойсылқара,сиырды-Зеңгібаба,жылқыны-Қамбарата,қойды-Шопаната,ешкіні-Сексеката деп атаған. Төрт түлік малдығ төлдері бота,бұзау,құлын,қозы,лақ деп аталады..
-Кәне, кімнің анасы балаларын қалай еркелетеді екен?(қозым,ботам,құлыным т.б.)
Неге « ботақаным» дейді,себебі бота қандай әдемі болса,баласы да анаға сондай сүйкімді.
Әр мал өз төлдерін қалай сүйеді екен, тыңдайық.
3.Малдардың төлдерін сүюі туралы тақпақтар оқу.
Қой сүйеді баласын « қоңырым» деп,
Ештеңені білмейтін « момыным» деп.
Ешкі сүйеді баласын « лағым»деп,
Тастан-тасқа секірген «шұнағым»деп.
Сиыр сүйеді баласын « торпағым» деп,
Қараңғыға баспаған « қорқағым» деп
Жылқы сүйеді баласын « құлыным» деп,
Тұлпар болып жүгірер « жұрыным» деп.
Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,
Жаудыраған көзіңнен «тоташым»деп.
4. Өздік жұмыс.
Кеспе әріптермен жұмыс.
5.Төлдерді қалай шақырады? (Дискіден тыңдау)
Сергіту сәті. «Төлдер.»
6.Ертегі тыңдау.
7.Шығармашылық тапсырма
Y.Бекіту.
Ойын: «Ненің төлі?»
Глоба ағашына жапырақтар жапсыру
1.Сұрақтарға жауап алу:
-Балалар, төрт түлік туралы не біліп, не үйрендіңдер?