Просмотр содержимого документа
«Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы»
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №2 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ходжабергенова Жибек Илясовна
Пәннің аты: математика
Уақыты: 21.11.2016 ж
3 «В» сынып
Мұғалімі: Ходжабергенова Жибек Илясовна
Сабақтың тақырыбы
Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы
Сабақтың мақсаты
Оқушылар тік төртбұрыштың (шаршының) ауданының формуласын пайдалана отырып ауданды табумен танысады.Кестелік көбейту мен бөлуге берілген есептерді шығарады. Есептер шешу арқылы ойлау қабілеті дамиды.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын табуды үйренеді. Көбейту мен бөлуді орындауда ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастырады.
Ресурстар
Дидактикалық материалдар, кесте, суреттер
Дерек көздері
Математика оқулығы 3 сынып, дидактикалық –әдістемелік құралдар
Оқыту әдісітері
Дамыта оқыту технологиясы, ойын, көрнекілік, сұрақ - жауап.
Іс-әрекет барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз
Оқушылар мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Тұсаукесер
Сұрақ –жауап
-Мынау қандай фигура?
-Шаршы дегеніміз не? -Шаршының барлық бұрыштары қандай?
Сұрақтарға жауап береді.
- Шаршы
- Шаршы – төрт қабырғасы тең фигура.
-Шаршының барлық қабырғасы тең тік төртбұрыш .
Негізгі бөлім
№1 Ауызша Әр фигураның ауданын қалай табуға болатынын түсіндір. Әр фигураның ауданын неше квадрат сантиметр?
№2
а) Тік төртбұрыштың ауданын тап.
ә) Шаршының ауданын тап
№3 Әр фигураның қабырғалары неше сантиметр?
Әр фигурада неше қатар шықты?
Әр фигурада неше баған шықты?
№4
Ш: Ұзындығы – 3 см
Ені – 2 см
S - ?
Ш: Ұзындығы – 3 см
Ені – 3 см
S - ?
Сергіту сәті №5 Есепті шығар
Ш: Шу каналы – 82 км ←
Көксу каналы -? 21 км ұзын | ←
Басқара каналы -? 55 км қысқа |
№6
Бекіре ¼ - 20 кг
Бекіре -?
Шығармашылық тапсырма
10 таяқшаның неше ұшы бар? Он жарым таяқшаның ше? Он үш жарым таяқшаның ше?
Әр фигураның ауданын қалай табуға болатынымен танысады.