Ма?саты: 8-наурыз мейрамы туралы т?сінік беру,ана?а деген меірімді, с?іспеншілікті арттыру, аналар туралы ?ле? шума?тарын о?уда м?нерлі, сауатты, ана? о?и алу?а машы?тандыру.О?ушыны ізгілік ,инабаттылы?, сыйласты?, адамгершілік сия?ты ?асиеттерге т?рбиелеу.
К?некілігі: Аналар туралы ?анатты с?здер, шарлар,аналар фото суреттері,шиырмалар,плакаттар.
Барысы:
М??алім: ??рметті кона?тар,асыл анлар, ?стаздар ж?не ?ыздар.Б?гін бізде ?лкен мереке. Ол аналар?а арнал?ан «Айналайын,а? Анам!» деп аталып отыр?ан ашы? т?рбие са?аты. Б?л саба? 8- наурыз халы?аралы? ?йелдер к?ніне байланысты аталып отыр. ??рметті анала, мейрамдары?ыз ??тты болсын! ?р жан?я?а тынышты?, денсаулы?, аманды? тілейміз.
??рметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді ?мірге ?келген даналарды.
Себебі Ана деген асыл жан гой,
Ойлауменен істелік ?р ?адамды.
1-о?ушы: Еліммен бірге тілегім,
?зі? деп со?ар ж?регім.
Жат?а айта білемін
Елімні? ?н?ранын.
(?н?ран орындалады)
М??алім : 1910 жыл 8- наурызда Данияны? астанасы Копенгагенде бол?ан социалистерді? халы?аралы? II конференциясында Клара Цеткинні? ?сынысы бойынша халы? аралы? ?йелдер к?ні белгіленді.Ол ал?аш рет германияда, Австияда, Швейцарияда , Данияда 1911 жылдан бастап мерекеленді.
Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты. "Айналайын а? Анам!" »
Айналайын, ақ Анам!
Мақсаты: 8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру,анаға деген меірімді, сүіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анақ оқи алуға машықтандыру.Оқушыны ізгілік ,инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
Көнекілігі: Аналар туралы қанатты сөздер, шарлар,аналар фото суреттері,шиырмалар,плакаттар.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті конақтар,асыл анлар, ұстаздар және қыздар.Бүгін бізде үлкен мереке. Ол аналарға арналған «Айналайын,ақ Анам!» деп аталып отырған ашық тәрбие сағаты. Бүл сабақ 8- наурыз халықаралық әйелдер күніне байланысты аталып отыр. Құрметті анала, мейрамдарыңыз құтты болсын! Әр жанұяға тыныштық, денсаулық, амандық тілейміз.
Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі Ана деген асыл жан гой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
1-оқушы: Еліммен бірге тілегім,
Өзің деп соғар жүрегім.
Жатқа айта білемін
Елімнің Әнұранын.
(Әнұран орындалады)
Мұғалім : 1910 жыл 8- наурызда Данияның астанасы Копенгагенде болған социалистердің халықаралық II конференциясында Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша халық аралық әйелдер күні белгіленді.Ол алғаш рет германияда, Австияда, Швейцарияда , Данияда 1911 жылдан бастап мерекеленді.
-Сәлеметсіңдер ме? Құрметті аналар, ұстаздар, қыздар, бүгңнгң төл мерекелеріңіз құтты болсын, әр жанұяға шаттық тілеймін.
Көктемде құстар сайрайды,
Жерде гүлдер жайнайды.
Алақайлап балалар,
Мәз болысып ойнайды.
Ана деген қандай адам?
Дильнас :Ана дегеніміз – өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ана -
тіршіліктің көзі ,үлкен тағдыр,махаббат пен шабыттың нәрі.
Нариман: Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке шығарады.
Дильназ: Ана- өмір гүлі. Ана деген сөз барлық халықтың тілінде жылы естіледі.
Айым: Ана десе әр баланың тілегі ақ, мейірімі ұшан- теңіз.Анамыздың көңілі шат ,жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз.
Дильнас: Ана – сұлулықты, жарасылымдықты, көріктілікті, барша игілікті бойына сіңірген тұлга.
Нариман: Ана- әлемдегі ең сұлу , ең мейірімді, ең қамқор адам.
Дильназ: Ана- әр үйдің алтын қазыгы.
Айым: Ана ақылды болса, бала дана болады.
Мұғалім :Ұлы ақынды да ,ойшыл данышпанды да, ел басқарған ел ағасында, ғалымды да өмірге әкеліп, әлпештеп өсіріп, ақ сүтімен нәр берген –ана.
Ана- ұстаз,ана- дәрігер,
Ана- ғалым ана ақын
Ана- өмір қайраткері.
Ана- жазушы.
Ана- қоғам қайреткері.
Ән: «Ана туралы жыр ».
( аналар жайында өлең- жырлар)
Айым: Ана деген - асылы ғой даланың,
Ана деген- сағынышы баланың
Бұл өмірге қуашышпен нұр төкен
Бас иеміз алдында ананың
Дильнас:Анашым,ортамызға келсең күліп,
Болады алатаудай еңсем биік
Балалық қарызымды өтеймін бе
Әлемнің жақсылығын берсем жиып
Нариман:Ана- біздің күніміз,
Ана - біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Дильназ:Мәпелейсің мені, анам
Қолындағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.
Нариман:Аялаған, саялаған,
Бар бақытым, берекем.
Апатайым ,құттықтаймын,
Бұгін сенің мерекең.
Айым:Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір- бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Дильнас :Қуанышқа бқленетін халықпыз
Ана сыйлау- дәстүріміз, салтымыз.
Жыл құсындай әр көктемде келетін
Құтты болсын 8- наурызымыз!
Дильназ :Сіздерден өсер балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
Сұрақ: Менің анам қандай?
Ән: «Анашым ».
Би
Қорытынды: (Қонақтарға сөз беріледі)
Құрметті аналар, ұстаздар, қыздар бүгінгі сынып оқушыларының «Айналайын,ақ Анам! » атты тәрбие сағаты аяқталды.Ұлы Аналардан тәрбие алған жас ұрпақ- келешек тәуелсңз елдің жарқын болашағы. Дендеріңіз сау, отбастарыңыз аман болсын!- деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.