Просмотр содержимого документа
«Сын есімні? салыстырмалы шырай ж?рна?ы »
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы туралы түсінік беру, оған қатысты жаттығулар орындату;
Дамытушылығы:Оқушылардың тіл байлығын дамыту, олардың іздену, ойлау, салыстыру, сипаттау қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелілігі: Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру, табиғат анаға, ондағы өсімдіктер мен құстар, аңдар тіршілігіне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Суреттер, слайд
Әдіс-тәсілдері: суретпен жұмыс, «Бәйге» ойыны
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Психологиялық дайындық
Туған тілім-бабам тілім-өз тілім!
Туған тілім-анам тілім-өз тілім!
Туған тілім-далам тілі –өз тілім!
Туған тілім-адам тілім-өз тілім!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
46—жаттығу
Берілген сипаттама бойынша қай құс екенін табу. Бұл құсты сипаттауда сеніңше не жетіспейді?
ІІІ. Өткенді қайталау
«Бәйге» ойыны бойынша ауызша сұрақтарға жауап алу
-Сөз таптары нешеге бөлінеді?
-Сын есім дегеніміз не?
-Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
-Дара сын есім дегеніміз не?
-Күрделі сын есім дегеніміз не?
-Негізгі сын есім дегеніміз не?
-Туынды сын есім дегеніміз не?
-Етістік дегеніміз не?
-Болымсыз етістіктің жұрнақтары қандай?
Жаңылтпашты тез айтып, сын есімдерді тап.
Ала қарға қарға қонды,
Қара қарға жарға қонды.
-Балалар, «Бәйге» ойыны арқылы сын есімнің түрлерін, оның сөз таптарының басқа мүшелерімен байланысуын қайталадық.
Көркем жазу
Б б
Бейбітшілік, Бақыт, білім
ІҮ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.
Оқушыларды топқа бөлу
Әр топ 1 затты сипаттап беру керек
Мысалы:
Кіші не үлкен
(көлемі)
Жақсы
(сапасы) жеңіл ала
(салмағы) (түсі)
Ү. Оқулықпен жұмыс
47-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Асқарға қарағанда Нұ рбол бойшаңырақ. 2. Жанияның тоны ұзындау. 3. Бұл бөлме ана бөлмеден кеңірек. 4.Бағдат көкшіл түсті жиде сатып алды.
48-жаттығу.
Суреттегі иттерді салыстырып сипатта.
Құраған сөйлемдерінен сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағын табу. -дау, -деу, -дай,-дей, -тау т.б.
Сергіту сәті
Мынау- менің жүрегім,
Бәрі осыдан басқарған.
Мынау- басым ақылды,
Бәрін өзі атқарған.
Мынау –менің оң қолым,
Мынау –менің сол қолым,
Бәрін өзі жасаған.
49-жаттығу
Берілген сын есімдерді негізгі және туынды сын есімдерге ажыратып, екі бағанға бөліп жаз.