| Мұғалімнің аты- жөні | Шакенова Жанипа Тұрақбайқызы | №4 Ю. А. Гагарин атындағы орта мектеп. |
| Пәні | Ана тілі | 2 сабақ | Күні | 16.10 |
| Сабақ атауы | Сұлтанмахмұд Торайғыров Арыстан мен Тышқан |
| Сілтеме | Ана тілі оқулығы – С.Рахметова, Т. Әбдікәрімова,Р. Базарбекова, интернет сайты –Яндекс |
| Жалпы мақсаттар | Мысалды таныстыру арқылы ондағы астарлап берілген ойдың мәнін ашу. Қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу. Сыни ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту. |
| Оқыту нәтижелері | Жаңа тақырыпты толық меңгереді. Пәнге деген қызығушылықтары артады. Өз беттерімен бірігіп жұмыс жасап үйренеді. |
| Негізгі идеялар | Оқушылардың өмірдегі білегеніне сүйену, оқушының ойлау сөйлеу мәнерін қалыптастыруға ықпал жасау. |
| Тапсырма | Сұлтанмахмұд Торайғыров туралы мәлімет – интернет сайты - Яндекс |
| Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: |
| Уақыты: | Мұғалім іс-әрекеті: | Оқушы іс - әрекеті: |
| 1130 – 1215 1. 3 минут | 1. Ұйымдастыру Психологиялық дайындық. Ойын: «Мен сізді.. таныстырғым келеді» | 1.Жинақталу Оқушылар бір – бірі туралы мәліметті жазып алып, бір –бірін таныстырады. |
| 2.5 минут | 2. Өткен сабақты пысықтау. «Ара мен Шыбын» мысалы бойынша 5 сұрақ дайындап келу Ара мен Шыбынды салыстыра сипаттап жазу. | 2. Оқушылар дайындап келген сұрақтарын бір – біріне қояды. Салыстыра сипаттап жазып келген жазбаларын сипаттайды. |
| 3. 15 минут | 3. Жаңа сабақ 1) С. Торайғыров туралы қысқаша мәлімет. 2) Мысал өлеңмен танысу. | 3. С.Торайғыров туралы мәліметпен өздері танысады. Шумақтарын оқып талдау,топ басшылары өзге оқушыларға түсіндіреді. |
| 4. 5 минут | 4. Диалог әдісі бойынша жұмыс 4 топқа бірдей сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар қойылады. Мысалдан адам бойындағы қандай мінез – құлықтар байқалады? Арыстанның сөзінен оның қандай мінез – құлқын байқауға болады? Ары қарай не болады деп ойлайсың? | Сұрақтарға ауызша жауап береді. |
| 5. 2 минут | Сергіту сәті «6,9 санын жазу» | Оң қолмен 6 санын, сол аяқпен 9 санын, сол қолмен 9 санын, оң аяқпен 6 санын жазады. |
| 6. 5 минут | Топтық жұмыс 1-2 топ: Арыстанды сипаттайды 3-4 топ: Тышқанды сипаттайды. | А3 қағаздарына топтастыру стратегиясын пайдаланып, тапсырманы топпен орындайды. |
| 7. 3 минут | Жұппен жұмыс Мысалды бөліктерге бөлу. Әр бөлікке ат қойып, дәптерге жазу. | 2-3 оқушыдан жұптасып жұмыс жасайды. Мысалды бөлікке бөліп, ат қояды, баяндайды. |
| 8. 2 минут | Сөздік жұмыс Зиян – залал, зақым. Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті. | Бұрын естімеген, түсініксіз сөздің мағынасын жазып алады. |
| 9. 3 минут | Өзіндік жұмыс Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін аңғаруға болатынын кестеге жазу. | С. Торайғыров жөнінде не білесің? | Арыстан қандай? | Тышқан қандай? | | | | | | Оқушылар кестені өз бетімен орындайды. |
| 10. 2 минут | Қорыту. Бағалау Стикерге сабақтан алған әсерлерін, сабақ туралы пікірлерін жазу. | Топ басшылары бағалау парақшаларын тапсырады, қорытынды баға қойылады. Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазу. Түсінбеген сұрақтары болса жазады. |
| Дереккөздер мен жабдықтар: А3 қағаз, фломастер, оқулық, дәптер, бор, тақта, мультимедия және т.б. |
| Кейінгі тапсырмалар мен портфолио деректері | Арыстан мен тышқан туралы материал жинақтау, суретін салу. Сұлтанмахмұд Торайғыров туралы шағын кітапша жасақтау. |
| Кейінгі оқу | «Арыстан мен Тышқан» мысалын жатқа айту. Мысал мазмұнына сәйкес келетін мақал – мәтел іздеу. |
| Сабақты талдау | Тәжірибеде өткізген сабағым талдау арқылы мынадай қорытындыға келдім. Оқушыларға сыни ойлауға сұрақтарды көбірек дайындау қажет. Оқушыларды көбірек сөйлеуге дағдыландыру. |
| Тәжірибелік сабақты бағалау | Автор туралы мәлімет ала алды ма? Мысалдың мазмұнын түсінді ме? |
| Сабақ бойынша өзгертулер | Топқа сурет құрастыру арқылы бөлінуді үйренді. Жұптасып жұмыс жасау дағдылары дамыды. |