Ма?саты: 1.О?ушыларды? бір с?ра??а жауап беріп, бірдей т?л?ада айтыл?ан с?здерді? с?йлемні? біры??ай м?шелері болатынын т?сіндіру, біры??ай м?шелерді? ?зіне т?н ерекшеліктеріне сипаттама беру.Дарынды о?ушыларды? ?абілеттерін ай?ындайтын тапсырмалар беру.
2.О?ушыларды? танымын ке?ейту,материалды тез ?абылдауына жол ашу,?з пікірін айту?а т?селдіру,ойлау,есте са?тау ?абілеттерін арттыру.
3. ?з-?зіне сенімділігін арттыру,таби?ат туралы с?йлемдер ар?ылы таби?атты аялау?а баулу.
Міне, адамдар ?р?ашан осындай болу керек екен деп б?гінгі саба?ымызды бастаймыз.
ІІ-?й ж?мысын тексеру кезе?і.
51-жатты?у.С?йлемді к?шіріп жаз. Біры??ай м?шелерді тауып,оларды? біры??ай м?ше екенін д?лелде.
Д?лелдеу ?лгісі. Нанда жерді?,к?нні?,г?лді? иісі бар деген с?йлемдегі жерді?, к?нні?,г?лді? с?здері біры??ай м?ше болып табылады.?йткені б?лар нені?? деген бір ?ана с?ра??а жауап береді,б?рі де иісі деген бастауыш?а ?атысты болып т?р ж?не б?ларды? барлы?ы –зат есімдер,я?ни бір ?ана с?з табынан жасалып т?р.
1. Нанда жерді?, к?нні?, г?лді? иісі бар. 2. Сынып о?ушылары шахматтан, ж?гіруден, ж?зуден бірінші орынды иеленді. 3. А?, ?ызыл, сары шарлар аспанда ?алы?тап ?шты.
Просмотр содержимого документа
«С?йлемні? біры??ай м?шелері .»
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Мақсаты: 1.Оқушылардың бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру, бірыңғай мүшелердің өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама беру.Дарынды оқушылардың қабілеттерін айқындайтын тапсырмалар беру.
2.Оқушылардың танымын кеңейту,материалды тез қабылдауына жол ашу,өз пікірін айтуға төселдіру,ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3. Өз-өзіне сенімділігін арттыру,табиғат туралы сөйлемдер арқылы табиғатты аялауға баулу.
Міне, адамдар әрқашан осындай болу керек екен деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
ІІ-Үй жұмысын тексеру кезеңі.
51-жаттығу.Сөйлемді көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелерді тауып ,олардың бірыңғай мүше екенін дәлелде.
Дәлелдеу үлгісі. Нанда жердің ,күннің,гүлдің иісі бар деген сөйлемдегі жердің, күннің,гүлдің сөздері бірыңғай мүше болып табылады.Өйткені бұлар ненің? деген бір ғана сұраққа жауап береді,бәрі де иісі деген бастауышқа қатысты болып тұр және бұлардың барлығы –зат есімдер,яғни бір ғана сөз табынан жасалып тұр.
1. Нанда жердің, күннің, гүлдің иісі бар. 2. Сынып оқушылары шахматтан, жүгіруден , жүзуден бірінші орынды иеленді. 3. Ақ, қызыл, сары шарлар аспанда қалықтап ұшты.
4. Орманда қайың, тал, терек, үйеңкі , қарағай өседі.
ІІІ-Өткен сабақты пысықтау кезіңі.
-Гүлдің күлтешесі қандай түсті болады?
-Қызыл, сары, ақ түсті болады.
-Бір сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдаршы ?
- Қызыл, сары,ақ.
-Сөздер қандай сөз табымен байланысып тұр?
-Зат есіммен.
-Ондай сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшесі дейміз.
-Енді осы сөйлемнен қандай ереже шығаруға болады?
1- ереже: Бір сұраққа жауап береді.
2- ереже: Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
3- ереже: Бірдей мүше.
Дәптермен жұмыс.
1.Күн ретін жазу
2. Көркем жазу
Дыбыстық талдау жасау, сол сөзге жалғау жалғату.
ІV-Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма
53-жаттығу. Өлеңді нақышына келтіріп оқы.
Жау, жау, жаңбыр ,тағы да,
Дала, тауға көрік бер.
Менің еккен бағымда
Өссін жүзім, өріктер.
Бірыңғай мүшелерді табу
Бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіне назар аудару.Одан не байқадың?
Қосымша бірыңғай мүшелердің әрқайсысына немесе соңғы сөзіне ғана жалғанады:
Өзендер,көлдер – жердің берекесі. Өзен , көлдер-жердің берекесі.
2-тапсырма
54-жаттығу. Жұмбақты оқып,шешуін тап.Жатқа жаз.
Гүл секілді
Қызарады , көктейді.
Күн секілді,
Бірақ нұрын төкпейді.
(күнбағыс)
Берілген өлең бойынша бірыңғай сөйлем мүшелерін табу.
Бірыңғай мүше: қызарады,көктейді- етістік.
3-тапсырма
55-жаттығу. Сызба бойынша сөйлем құрау.
Қызанақ , қияр бақшада өседі.
Айнұр кітап, дәптер әкелді.
Балалар мәтінді оқыды, талдады.
4-тапсырма
56- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелерді тауып , бірыңғай мүше екенін дәлелде.
1.Әркім күрек, сүймен, зембілдерін ала барды.
-Күрек, сүймен, зембіл-не? Деген сұраққа жауап беріп, бастауыш қызметін атқарып тұр.
2. Бүгін Әсел,Айнұр,Сәулелерді кездестірдім.
3. Қаз ,үйректің балапаны өте нәзік болады.
Сергіту сәтін жасату.
5-тапсырма
Қос жазба күнделік.Топпен жұмыс.
Тақтадағы мәтіннен бірыңғай мүшелерді табу.
№
Мәтін
Бірыңғай мүше
1
Серік пен Сәкен театрға бірге келді.
Серік , Сәкен
2
Орманда аю, түлкі,қасқыр және
сілеусіндер кездеседі.
Аю, түлкі,қасқыр, сілеусін
3
Олардың бақтарынан алма, алмұрттың,шие мен шабдалының неше түрін кездестіресің.
Алма,алмұрт, шие, шабдалы
4
Күндіз де, түнде де қар жауды.
6-тапсырма
Театрландырылған «Арыстан мен түлкі» көрініс.
-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
-Ұнады.
-Ертегіде бірыңғай мүшелер бар ма?
-Арыстан, тиін, қасқыр, түлкі.
-Жақсы балалар.
V-Жаңа материалды түсінгенін тексеру.
7-тапсырма
Ой толғаныс .Шығармашылық жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазып, сөйлемді аяқта.
Орманда ..., ... , өмір сүреді.
(Орманда тиін, бұғы, аюлар өмір сүреді.)
... да,... те, ... де -ағаштар.
(Қайың да,терек те, емен де -ағаштар.)
... мен ..., ... пен ... ойнап жүр.
(Сәуле мен Айзат, Айбек пен Мұрат ойнап жүр.)
8-тапсырма
Мұғалім:
-Үйге қосымша арнайы тапсырма берілген: Ең тамаша мақала «Талабыңа нұр жаусын»тақырыбында.