?дісі: ой ?оз?ау, с?ра?-жауап, топтастыру, талдау.
К?рнекілігі: Абай суреті, саба? кезе?дері (слайд).
Саба?ты? барысы.
І. ?йымдастыру. О?ушылармен амандасу, саба??а ?атысын, о?у ??ралын тексеру.
ІІ. ?й тапсырмасын с?рау.
?ызы?ушылы?ты ояту “Кім жылдам?”
1. Абай кім? 2. ?ашан. ?ай жерде, д?ниеге келген? 3. Абайды? шын есімі кім? 4. Абайды? ?андай ?ле?дерін білесі?дер? 5. ?андай ?ндерін білесі?дер? 6. ?анша ?ара с?зі бар?
7. ?лы а?ын туралы жазыл?ан роман-эпопея ?алай аталады? 8. Оны? авторы кім? 9. ?н туралы жазыл?ан ?андай ?ле?дері бар? 10. 31 ?ара с?зі не туралы?
Топтастыру ?дісі
Ма?ынаны тану.
ІІІ. Жа?а саба?.
- О?ушылар, біз б?гін Абай а?ынны? “?семпаз болма ?рнеге” ?ле?імен танысамыз. Б?л ?ле?інде а?ын ?нерге, білімге, биік адамгершілік ?асиеттерге баулиды. Адам баласына ?айрат пен а?ыл, ?ділет пен мейірім ?атар керек ?асиеттер екенін жырына ар?ау етеді. ?ділет пен мейірім болмаса, адам баласы алды-жалын, арты – м?з болып ?айда барарын білмейді. Пайда іздеп, ма?тан?а салынбау керектігін, ?зімде бар деп біреуден арты? болудан, ?ыз?анша?ты? ?асиеттен аула? ж?ру туралы ой айтады.
ІV. О?улы?пен ж?мыс.
“?семпаз болма ?рнеге” ?ле?ін м?нерлеп о?ыту.
?ле? мазм?ны жайлы о?ушыларды? ой-пікірін ты?дау.
1. ?семпаз болма ?рнеге ?нерпаз болса?-ар?алан дегенді ?алай т?сінесі?дер?
2. А?ын ?андай жа?сы ?асиеттер туралы айтады?
3. “Алды?-жалын, арты? – м?з” деген ?ле? жолдарын ?алай т?сінесі?дер?
Просмотр содержимого документа
«?семпаз болма ?рнеге»
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”
Сабақтың мақсаты: ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін нақтылау, қазақ поэзиясының асқар биігі Абайға, оның шығармашылығына құрмет, мақтаныш сезімдерін туғызу.
Міндеті: білімділік-өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу түсіндіру; дамытушылық-оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, көркем сөз оқуын дамыту; тәрбиелік- адамгершілікке, өнер-білімді меңгеруге, өлеңді мәнерлеп оқуға тәрбиелеу.
Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, топтастыру, талдау.
Көрнекілігі: Абай суреті, сабақ кезеңдері (слайд).
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын, оқу құралын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Қызығушылықты ояту “Кім жылдам?”
1. Абай кім? 2. Қашан. Қай жерде, дүниеге келген? 3. Абайдың шын есімі кім? 4. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? 5. Қандай әндерін білесіңдер? 6. Қанша қара сөзі бар?
7. Ұлы ақын туралы жазылған роман-эпопея қалай аталады? 8. Оның авторы кім? 9. Ән туралы жазылған қандай өлеңдері бар? 10. 31 қара сөзі не туралы?
Топтастыру әдісі
Мағынаны тану.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Оқушылар, біз бүгін Абай ақынның “Әсемпаз болма әрнеге” өлеңімен танысамыз. Бұл өлеңінде ақын өнерге, білімге, биік адамгершілік қасиеттерге баулиды. Адам баласына қайрат пен ақыл, әділет пен мейірім қатар керек қасиеттер екенін жырына арқау етеді. Әділет пен мейірім болмаса, адам баласы алды-жалын, арты – мұз болып қайда барарын білмейді. Пайда іздеп, мақтанға салынбау керектігін, өзімде бар деп біреуден артық болудан, қызғаншақтық қасиеттен аулақ жүру туралы ой айтады.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
“Әсемпаз болма әрнеге” өлеңін мәнерлеп оқыту.
Өлең мазмұны жайлы оқушылардың ой-пікірін тыңдау.
1. Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң-арқалан дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ақын қандай жақсы қасиеттер туралы айтады?
3. “Алдың-жалын, артың – мұз” деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
4. “Пайда, мақтан, мінін ұрлап, бәйге, жасыру,” сөздерінің мағынасын ашыңдар?
5. Осы өлеңде нақылға айналып кеткен қандай өлең жолдары бар?
V. Дәптермен жұмыс. “Пайда, мақтан, бәйге, жасыру” сөздерінің синонимін тауып, дәптерге жазу.
Ақыннң нақылға айналып кеткен өлең жоладарын дәптерге түсіріп алу.
Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
Өлең 6 шумақтан, әр шумақ 4 тармақтан құралған.
Шалыс ұйқаспен жазылған.
Ә-сем-паз // бол-ма// әр-не-ге 8 буын а)
Ө-нер-паз // бол-саң// ар-қа-лан, // - // б)
Сен/-де бір // кір-піш // дү-ние-ге, // - // а)
Ке-ті-ген // тап та //бар қа-лан! // - // б)
VІ. Сөздікпен жұмыс.
Шапқат (шапағат) - мейірім, жәрдем, көмек.
Ез (езбе) – мезі етуші, мыжыма.
VІІ. Үйге тапсырма. 1. Өлеңді жаттау; осы тақырыпқа ой толғау жазу