Балаларбізбүгінгі сабағымыздытоппенбөлініпөткіземіз.Еңалдымен көңіл күйімізді көтеріп алайық.Бірінші «Алғырлар» тобынан бастайық.
Қуанамын мен де,
Қуанысың сен де,
Қуанайық достары
Арайлап атқан күнге
Келесі «Білімділер»тобы
Біз бақытты баламы
Ойнап,білім аламыз.
Сауат ашу пәнінде,
Оқып,жазу жазамыз.
Өте жақсы.Келесі топ «Тапқырлар»
Мен де,жақсылық,
Сен де жақсылық.
Мен де мейірім,сенде мейірім
Мен де доспын,сенде доссың,
Бәріміз доспыз.
Тамаша.Көңіл күйіміз көтеріліп қалды,енді үй тапсырмасын қайталап алайық.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
-Біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-Өдыбысы.
-Ол қандай дыбыс?
-Дауысты
-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
-Екіге.Жуан және жіңішке.
Енді менәр топқа тапсырмалар беремін.Дұрыс орындаған топ бір жұлдызшадан алып отырады.Сабақ соңында қай топта жұлдызша көп сол топ жеңімпаз атанады.
1-топқа. «ө» дыбысынан басталатын сөздер айту.
2- топқа.Кітапта жаттаған мақалдарды айту.
3- топқа. «Бөпешім» тақпағын жатқа айту.
3.Жаңа сабақ.Сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырамын.Бүгінгі өтетін дыбысымыз жұмбақтың шешуіндегі сөздің басында естіледі.Кәне, тауып көрейік.
Қызып кетсе табаны,
Көзін қысып қалады.Ш:Үтік.супетін көрсету.
Баласын ертіп соңынан,
Сүңгіп, жүзіп үйретті.
Су жұқпайтын тонына,
Кім білмейді ..........? үйректі.Үйректің суретін көрсету.
Сөздің алдында қандай дыбыс естіліп тұр?
-Ү дыбысы.Ендеше осы Үдыбысымен танысамыз.Бәріміз Ү деп айтайық.
Ү-Ү-Ү .Ү дыбысын айтқанда ерінді алға созып айтады, сондықтан бұлдыбысты дұрыс айту керек.
Ү дыбысы дауысты,жіңішке дыбыс.Кім маған «ү» дыбысынан басталатын сөздер айтады(бірнеше сөздер айтқызып, сөздіңқай жерінде келіп тұрғанын талдату.)
Тіл ұстарту жаттығуы:
Үз,үз,үз,
Суда еркін жүз.
Ендіқолымызбен ауада «ү»дыбысын жазып көріп қолымызды жаттықтырамыз.
Сабақты қортындылау:-Біз қандай дыбыспен таныстық?
-Ол қандай дыбыс?
Әр топқа «ү»дыбысынан басталатын үш түрлі сөз беріп,дыбыстық,талдау жасату.1-топ «үйшік»,2-топ «үміт»,3- топ «үйрек».(дұрыс орындаған топқа жұлдызша беру,әр топтың жұлдызшасын санау)
Сабақты бағалау:Бүгінгі сабаққа бәріңде өте жақсы қатыстыңдар.