І. ?йымдастыру кезе?і: С?леметсі?дерме, балалар! ?азір бізде математика саба?ы. Математика о?улы?ымызды, керекті ??рал-жабды?тарымызды алып, о?ушы ережесіне сай отырамыз. Саба?ты? ?раны: «Математика – ?лкен патшалы?. Санды?ты ашып, сырын ??!»
Психологиялы? дайынды?: - Балалар, бізде б?гін ерекше к?н, Бізге б?гін ?она?тар келді. Б?ріміз амандасып, ?зімізді? а?жар?ын к?лкімізді сыйлайы?.
Просмотр содержимого документа
«?ткенді пысы?тау . 3 сынып»
Күні: 30.10.2015ж
Пәні: Математика
Сабақ тақырыбы: Өтілген материалды бекіту
Мақсаты: Көбейту кестелерін және оған сәйкес бөлу жағдайларын қолдану дағдыларын пысықтау.Ауызша есептеу дағдыларын есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, қиялын дамыту. Математика пәніне қызығушылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пәндік нәтиже:оқушылар көбейту кестелерін және оған сәйкес бөлу жағдайларын қолдануды үйренеді, өтілген есеп түрлерін шешуді үйренеді.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдерме, балалар!Қазір бізде математика сабағы. Математика оқулығымызды, керекті құрал-жабдықтарымызды алып, оқушы ережесіне сай отырамыз. Сабақтың ұраны: «Математика – үлкен патшалық. Сандықты ашып, сырын ұқ!»
Психологиялық дайындық: - Балалар, бізде бүгін ерекше күн, Бізге бүгін қонақтар келді. Бәріміз амандасып, өзіміздің ақжарқын күлкімізді сыйлайық.
II. Мақсат қою кезеңі:
«Доп қағып алу» ойыны
Өткенді қайталау: Балалар бүгін бізде қайталау сабағы ,өткенді қайталап, көбейту және бөлу кестесін қайталап жіберейік .
7*7 63:9 25:5
6*4 45:9 30:5
5*8 72:8 81:9
III.Үй тапсырмасын тексеру
(234-225)*(9-9)=0 9*9+(2*9+1)=100 8*4+9*4=68
(240-200):8=5 (999-990)*8 =72 7*8-9*3=83
9*(543-540) =27 8*(45-41) =32 8*8-7*8=8
IY.Білімін жан-жақты тексеру
Топтарға тапсырма:
Үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктейміз
1-топ 543 =500+40+3
652=600+50+2
2-топ 431=400+30+1
264=200+60+4
3-топ 738=700+30+8
685=600+80+5
4-топ 958=900+50+8
128=100+20+8
5-топ 434=400+30+4
365=300+60+5
Оқулықпен жұмыс
1.Есеп
9*9=81 9*7=63 8*9=72 7*8=56
56:8=7 54:9=6 36:9=4 63:7=9
Топтан бала шығартып айту
2.Есеп
Топқа беру
а) Асханаға 72 л өсімдік майы әкелінді. Сегізден бір бөлігі бауырсақ пісіруге жұмсалды. Қанша литр май қалды?
Болғаны:72л
Жұмсалғаны:1\8 бөлігі
Қалғаны:?
Шешуі:72- (72:8)=72-9=63 Жауабы: 63л
ә)Гүл сатушы 35 таушымылдық гүлінен 5 гүлшоғын жасады.56 таушымылдық гүлінен ол осындай неше гүлшоғын жасайды?
Таушымылдық : 35 таушымылдық
Жасағаны :5 гүлшоғы
Таушымылдық:56
Жасаганы: ?
Шешуі:56:(35:5)=56:7= 8 Жауабы:8 гүлшоғы
б) 6 түйме үшін 30 теңге төленді. 50 теңгеге осындай қанша түйме сатып алуға болады?
Шешуі: 50:(30:6) :5=10 Жауабы:10 түйме
Тақтамен жұмыс /Есепті талдап жазады/
Cергіту сәті:
« Кім жылдам? » ойыны
3.Есеп Кестені пайдаланып, тура теңдік және теңсіздіктер құрастыр
321+129
328-258
160-90
150+40
240-50
53+367
98+102
900-450
Tеңдік Теңсіздік
321+129=900-450 321+129328-258
160-90=328-258 160-90
240-50=150+40 98+102150+40
+ * --
-- * +
5-топқа беру
4.Есепті шығар. Қанша кері есеп ойластыруға болады.
а) Саябақта әрқайсысында 9-дан 2 қатар қайың және 15 шырша өсіп тұр. Саябақта барлығы қанша ағаш өсіп тұр?
Қайын: 9-дан 2 қатар
Шырша:15
Барлығы:?
Шешуі: (9*2)+15=18+15=33 Жауабы:33 ағаш
Кері есеп:
Барлығы:33 ағаш
Қайың:9- дан 2 қатар
Шырша:?
Шешуі:33-(9*2)=15 Жауабы: 15 шырша
ә) Асханада әрқайсысы 5-тен 4 қатар үстел қойылған. 3 үстелді алып кеткенде, қанша үстел қалды?