Просмотр содержимого документа
«Математика п?нінен "Онды?тармен ж?не бірліктермен санау" атты та?ырыпта саба? жоспары »
Сабақтың тақырыбы: Ондықтармен және бірліктермен санау
Сабақтың мақсаты: Ондықтар мен бірліктер 1. Ондық, бірліктер ұғымдарын кеңейте отырып, есептердің әр түрін құру және шығару тапсырмаларын еске түсіре отырып, есептер шығару. 2. 1- сыныпта алған білімдерін одан әрі дамыта отырып, логикалық ойлау өрістерін кеңейту; 3. Сауаттылыққа, жылдам әрі дұрыс есептеуге, дұрыс ойлай білуге үйрете отырып, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, т.б.
Көрнекілігі: суреттер
Қосымша материалдар: дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды сабаққа дайындау.
Өткенді сыныптағы материалдарды көрнекі құралдар арқылы еске түсіру
Жаңа сабақ:
Психологиялық тренинг: Көңілді жаттығулар жасату
Кітаппен жұмыс:
№1 есеп: Берілген сурет бойынша саната отырып, ондық, бірлік ұғымдарын таныстыру
(суретте неше жолақша бар екенін табу)
Бір жолақша - бір ондықты білдіреді.
ондық
- Бір шаршы бір бірлікті білдіреді.
Бірлік
- Соңғы жолақша барлығы неше шаршыдан құрастырылған? Оның нешеуі жасыл, нешеуі көк түсті?
№2 есеп: ауызша орындату
Берілген тапсырма бойынша сандарды санату. Бір таңбалы сандарды өсу ретімен, екі таңбалы сандарды кему ретімен жаздыру.
0, 2, 5, 7, 9.
80, 60, 40, 30, 10. (жазылмай қалған – 100 саны. Неліктен жазылмады?- деген сұраққа жауап алу)
Тақтамен жұмыс:
№ 3 есеп: Есепті оқып талдап, салыстырту, шығарту:
Нұржан – 10 жас - ? жас үлкен Нұржан – 10 жас
Айдар – 7 жас Айдар – 7 жас - ? жас кіші
Сергіту сәті:
Өздік жұмыс:
Тақтадағы суреттер бойынша есептер құрап шығару
Бекіту:
1. Дидактикалық материалдармен жұмыс
2. Сұрақтарға жауап алу:
- Бірліктерге неше таңбалы сандар жатады? Оларды ата.
- Ондықтар неше таңбалы сандар? Олар қай саннан басталып, қай саннан аяқталады?
Қорытынды: КЕЛ, ОЙНАЙЫҚ! «Гүл алаңы»
1+...=
1+...=
1+...=
5+ ...=
2+...=
5+ ...=
5+ ...=
2+...=
2+...=
9
3+...=
4+...=
3+...=
3+...=
10
8
4+...=
4+...=
Шығармашылық тапсырма:
Бірінші қораптағы – жасыл шар, екінші қораптағы – қызыл шар, үшінші қораптағы – көк шар, төртінші қораптағы – сары шар.