Просмотр содержимого документа
«Математика п?ні "Тура ж?не кері санау" саба? жоспары »
Павлодар облысы
Май ауданы
Жұмыскер ауылы
Қазан жалпы орта білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Кайдарова Самал Амангельдиновна
Пән: математика
Сабақтың тақырыбы: Тура және кері санау
Сабақтың мақсаты: Тура және кері тәртіппен 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тез, әрі сенімді түрде санауды үйрету, алғашқы 10 натурал санның ретін меңгерту; Баланың тілін, ойын, танымдық қабілетін дамыту.
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, түсіндіру,
Көрнекіліктер: әр түрлі суреттер, әліппе дәптер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалармен амандасу
Балалардың сабаққа қажетті оқу құралдарын даярлату.
1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарын еске түсірейік.
0-ден 10-ға дейін тура санау.
10-нан 0-ге дейін кері санау.
1-ден 10-ға дейін реттік санау.
10-нан 0- ге дейін кері санау. (реттік)
Сандардың көршілерін атау.....
Тақтаға 10-ға дейінгі сандар қатары ілінген.
Ал, енді бірге тура және кері тәртіппен санаңдар.
Балалар бізге бүгін қонаққа бауырсақ ертегісінің кейіпкерлері келіпті. Ал сендер бауырсақ ертегісін білесіңдерме?
балалар бауырсақты құтқару үшін, қоянның, аюдың, қасқырдың, тұлкінің шарттарын орындау керекпіз.
Олай болса тақтадағы әр кейіпкерлердің тапсырмаларын орындап бауырсақты құтқарайық
№1 тапсырма. Қоянның тапсырмасын орындайық
№2 тапсырма. Аюдың тапсырмасы
№3 тапсырма. Қасқырдың тапсырмасы
Сергіту сәті
№4 тапсырма.Түлкіннің тапсырмасы
Балалар сендер қоянның, аюдың, қасқырдың, тұлкінің тапсырмаларын орындап бауырсақтты құтқарып қалдыңдар. Сол үшін сендерге бауырсақ алғысын айтып жұлдызша сыйлайды.