Просмотр содержимого документа
«М.Дулатов «?ыс» ашы? саба? »
«№22 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Қыс». Міржақып Дулатов
Пәні:Әдебиеттік оқу
Сыныбы:2 «Ә»
Мұғалім:А.С. Мамырбекова
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Қыс. М. Дулатов. Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра түсінуге жағдай туғызу.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: мәтін мазмұнын түсініп оқуға, өзіндік ой түйіндей білуге үйрету.Өткен тараудан алған білімдеріне өзіндік ой топшылау жасауға мүмкіндік беру.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: оқушылардың шығармашылық қиялын, сөздік қорын молайту, танымдық қабілетін арттыру. Тұлғалық нәтиже: табиғат ананың кез келген мезгілін жылы қабылдауға,табиғат құбылысын зерделей білуге,аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд. Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
«5»болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнерменен өрістеп,
Өсе берсін санамыз
ІІ Өткенге шолу
-Балалар,біз қандай тарауды аяқтадық?
-Неткен сұлу,неткен көркем,осы менің туған өлкем
Ақын ,жазушылардың шығармаларын еске түсіру.
Бұл бөлімнен қандай ой түйдің?
IIІ.Жаңа сабаққа дайындық.
Қызығушылығын ояту. Сөзжұмбақ шешу.
қ
а
р
қ
о
я
н
м
ұ
з
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
2. Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.
3. Отқа жанбас, Суға батпас.
Аяз қай мезгілде болады деп ойлайсың?
Олай болса балалар айтыңдаршы қандай тарауды бастаймыз деп ойлайсыңдар? ( оқушы жауаптары)
«Қыста талай қызық бар» деген тарауды бастаймыз.
Суретпен жұмыс «Қыс мезгілі »
І айналым сөйлесу стртегиясы ( қыс туралы сөйлемдер құрастырады)
Балалар, бұл тарауда М.Дулатовтың «Қыс» мәтінімен танысамыз
Автор туралы мәлімет беру.Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
М.Дулатов
Қостанай өңірінде туған Ақын,жазушы
«Оян,қазақ» кітабын жазған
Көрме ұйымдастыру
Мәтінмен жұмыс Түртіп алу стратегиясы
1.Мәтінді оқимын
2.Мәтінді талдау
-Қысқы ауа райы қалай суреттелген?
-Қыс мезгілі тағы нелерге жайсыз тиеді? Үй жануарлары туралы не делінген?
-Жылқышылар туралы не дейді?
3.Сөздік жұмысы
Бапсыз – жайсыз
Бек қиын – өте қиын
Жалтаң аяз – үскірік , суық аяз
Қарыған – үсіткен
4.Тізбектей оқу
Сергіту сәті
Төбемнен қар жауады,
Боран бетке соғады.
Ойнап жүрген балалар,
Қызарып беті тоңады.
Суретпен жұмыс Слайд
-Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?Оны неден байқадың?
-Адамдар суықтан қалай қорғанады?
-Сен қыста қалай киінесің?
Бекіту: Шығармашылық тапсырма (Өлеңнің ұйқасын тап)
Жапалақтап ала---------- (қар)
Жауды күнде --------( қайталап,)
Қырға шықты ----------- (балалар,)
Шаңғыларын арқалап.
Қорытынды:
«Биопоэма» әдісін қолдана отырып қысқа мінездеме берейік.
Аты – қыс
Сипаттайтын 2-3 сөз – суық, аяз
Жақсы көретін 2-3 заты – қар,қырау,аяз
Қорқатын 2-3 заты көктем,күн,ыстықтан
Басынан өткізген сезімі - балалардың қуанышы,ойындар