Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по литературному чтению В. Сухомлинский "?ат?ан нан"»
15.10.2014 ж.
Әдебиеттік оқу
3 сынып
Сабақтың тақырыбы:
В.Сухомлинский. Қатқан нан
Жалпы мақсаты:
Оқушыларға әңгіме жайлы толық мағлұмат беру, «Қатқан нан» әңгімесінің негізгі идеясын ашу.
Күтілетін нәтиже:
Алға қойған мақсатқа жету үшін төзімді болу.
Сілтеме:
Әдебиеттік оқу 3-сынып
Мұғалімге арналған нұсқаулық
( үшінші негізгі деңгей)
Негізгі идеялар:
Әңгіме арқылы жауапкершілікке,еңбекқорлыққа үйрету.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Топтық тапсырмалар, белсенді тақта, суреттер.
Оқыту әдістері:
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер:
Сұрақ-жауап, диалог, миға шабуыл.
Бағалау : формативтік бағалау, жиынтық бағалау.
Жұмыс түрлері: жеке, топтық.
Тапсырмалар:
Миға шабуыл, ауызша тапсырмалар, сұрақтарға жауап іздеу.
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру бөлімі.(5 мин)
Психологиялық дайындық.
Суреттер арқылы топқа бөлу.
Белсенді тақта арқылы психологиялық дайындықты оқушылар қайталайды.
Оқушылар төрт топқа бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Үй тапсырмасын әр топтан сұрау.
Оқушының іс-әрекеті
Әр топтан жеке жауап береді.
ІІІ. Қызығушылықты ояту
(5 мин)
«Егінші мен қасқыр» көрініс
Әр топтан дұрыс жауаптарын айтады,көрініс арқылы (Жаңа сабақтың тақырыбын ашады)
IY. Жаңа сабақ
Көрініс арқылы жаңа тақырыпты ашу
В.Сухомлинский туралы мағлұмат беру
Сұрақ - жауап
Оқушылар әңгімені іштей оқиды
Оқулықпен жұмыс
«Ой толғаныс»
Оқушылар әңгімені іштей оқып өздері түсінгендерін айтады.
1.Жер бетінде нан болмай қалса не болар еді?(Аштық)
2.Мақал – мәтел нан, еңбек туралы жазу
3.Нанды құрметтеуге байланысты қандай әдептілік ережесін білесің?
4. «Ас атасы – нан» тақырыбында эссе жазу
Қатқан нан әңгімесімен танысады,сұрақтарға жауап береді
Оқулықтағы тапсырмаларды орындайды.
Тапсырма бойынша оқушылар бір – бірімен талқылап, ой бөліседі. Топта талқылап бір шешімге келеді. Бір оқушы шығып оқиды.
Сергіту сәті
4-модуль АКТ белсенді тақта
Белсенді тақта арқылы бейне сергітуді оқушылар қайталайды:
Постер қорғау
«Нан қайдан келеді?» нанның келу жолдарын жазып қорғау
Оқушылар өз ойларын постерге түсіріп қорғайды
Шығармашылық тапсырма «5 жолды өлең» стратегиясы
Зат есім (нан)
Сын есім (қандай? Тәтті, жұмсақ)
Етістік (не істейді? Пісіреміз,жейміз,жасаймыз)
Сөйлем - нанға қатысты бір сөйлем құрау
Синоним (тоқаш, торт,печенье, бәліш)
V. Бағалау (1 мин)
Формативті және жиынтық бағалау
Оқушылар өз деңгейлерін өздері
бағалайды
VII. Рефлексия
(2 мин)
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы оқушы ойын білу үшін сұрақтар қойылады.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын оқушылар стикерге жазып білім ағашына жапсырады
Үй тапсырмасы
Әңгімені оқып, мазмұндап келу. Ұннан жасалатын тағамдарды жазып келу
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады
Психологиялық дайындық .
Күн ұйықтайды,
Күн оянады,
Жел соқты
Жаңбыр жауды
Бұлт шатырлады
Күн ашылды
Жел басылды.
Оқушыларды топқа бөлу
I – топ Бидай
II – топ Арпа
Ш –топ Сұлы
IY- топ Жүгері
Үй тапсырмасын бекіту: Әр топтан бір оқушы үй тапсырмасына жауап береді.
Қызығушылықты ояту: «Егінші мен қасқыр» ертегісі бойынша көрініс
Жаңа сабақ: «Егінші мен қасқырдың» негізгі ойы нанға байланысты. Сондықтан бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы В.Сухомлинскийдің «Қатқан нан» әңгімесі.
В.Сухомлинский туралы мағлұмат беремін. Оқушыларға әңгімені іштей оқытып екі – үш оқушы әр топтан өздерінің түсінгендерін айтады.
6. Топтық жұмыс:
Бидай тобы – Жер бетінде нан болмай қалса не болар еді?
Арпа тобы – Нанға байланысты мақал – мәтел жазу
Сұлы тобы – Нанды құрметтеуге байланысты әдептілік
ережесін құрастыру
Жүгері тобы – «Ас атасы – нан» эссе жазу
7. Сергіту сәті
8. Постер қорғау. Нан қайдан келеді? Нанның келу жолдарын
дәлелдейді. Постерді қорғап болғасын топ бір – бірін бағалайды.
9. Шығармашылық жұмыс: «5 жолды өлең» стратегиясы «Қатқан нан»
Зат есім (не? Нан)
Сын есім (қандай? Тәтті, жұмсақ)
Етістік (не істейді? Пісіреді, жейді, жасайды)
Сөйлем нанға қатысты бір сөйлем құрау (Марат дүкеннен 60 теңгеге нан сатып алды)
Синоним нан сөзіне (тоқаш, бәліш, печенье, торт)
10. Рефлексия: оқушылар не түсінді соны стикерге жазып талға жапсырады.
11. Бағалау: Оқушылардың жинаған смайлигі бойынша бағалаймын
12. Үй тапсырмасы : Мазмұндау. Ұннан жасалатын тағамдарды жазып келу.
«№1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі