Ма?саты: 1. Ана – ?мірді? шуа?ы, ана ?мір г?лі, ана?а тек ?лылы? т?н екенін ??ындыру.
2. Ананы ??рметтеу, сыйлай білуге анасын с?ю ар?ылы еліне, жеріне деген с?йішпеншілігін арттыра отырып, бойында?ы жеке ?абілеттері мен таланттарын дамыту.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока на тему "Асыл ана"»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Асыл ана!»
Мақсаты: 1. Ана – өмірдің шуағы, ана өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру.
2. Ананы құрметтеу, сыйлай білуге анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйішпеншілігін арттыра отырып, бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды ынталандыру.
Жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты аналар, қадірменді әжелер, ару қыздар! Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен тарайды.
Барлық үйдің жылуы,
Аналардан тарайды.
1 – оқушы:
Әлпештеген, аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттыұтаймын.
2 – оқушы:
Өмірде ана бұлақ, ана – пана
Өмірді өркендетер ана ғана
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
3 – оқушы:
Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам,
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.
4 – оқушы:
Ақ жүректе сақтаған,
Жарқын күлкің бақ маған,
Келші келші ақ мамам.
5 – оқушы:
Ақыл құйған санама,
Күннен артық расында
Күн алыста ал анам,
Ылғи менің қасымда.
6 – оқушы:
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың
Мақсаты: Оқушыларға ұлыстың ұлы күні Наурыз туралы мағұлмат беру, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеп, құрметтеуге тәрбиелеу. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар, домбыра, залдың іші Наурыз мерекесіне сәйкес безендірілген.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды ынталандыру.