Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, дидактикалық материалдар, шығармашылық тапсырмалар.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: жұптық әдіс, өз бетімен жұмыс, өзін-өзі бағалау әдісі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Бағалау әдісімен таныстыру.
- Балалар, біз бүгін әр түрлі кәсіп иелеріне қонаққа барамыз. Олардың сендерге дайындаған тапсырмалары мен сыйы бар. Сендердің әрбір дұрыс жауаптарыңа 10 ұпайдан беріп отырады. Сендер жинаған ұпай сандарыңа қарай бағаланасыңдар. 10, 20, 30 ұпайға – «3»,
40, 50, 60 ұпайға – «4», 70, 80, 90 ұпайға – «5» деген баға аласыңдар.
- Балалар, бізді бүгін мұғалім, балықшы, дәрігер, тігінші, музыкант , суретші және аспаз қонаққа шақырып отыр. Бізге оларға бару үшін көлік қажет. Қанекей, өзімізге ыңғайлы автокөлік түрін таңдап алайық. Таңдаған автокөлікке міну үшін сол автокөліктің атына дыбыстық талдау жүргізуміз қажет.
3) Дыбыстық талдау.
Л –
И –
М –
У –
З –
И –
Н –
ІҮ. Жаңа сабақ
Е
Ой қозғау. Сөзжұмбақ шешу.
т
1. Мал өнімі
І
2. Жыл мезгілі
к
3. Леп белгісі қойылатын сөйлем түрі
4. Екі жағы тұйықталған түзу сызық
ші
Етік тер
ті
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір (түбір сөз) дейміз: көк, күріш, өрік, қобыз.
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз: көкшіл, күріштің, өріктің, қобызшы.
1. Оқулықпен жұмыс.
305- жаттығу
Дәрігердің тапсырмасы: Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерді салыстыр. Әр сөздің мағынасын түсіндір.
306 - жаттығу
Балықшының тапсырмасы: Өлеңді оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірін қосымшалардан сызықшамен бөліп, көшіріп жаз.
Тігіншінің тапсырмасы: Ой толғаныс. Шығармашылық жұмыс.
1 қатар. Буындардан түбір сөз құрау.
2 қатар. Түбір сөзге тиісті қосымшалар қосып айту.
4. Музыкант тапсырмасы:
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Бір отырып, бір тұрып,
Қолды алға созайық,
Демімізді алайық.
307 – жаттығу
Суретшінің тапсырмасы: Түбір сөздер мен тиісті қосымшаларды сәйкестендір.
Аспазшы тапсырмасы:
Кімге не керек екенін табыңдар.
308 –жаттығу
Мұғалім тапсырмасы: Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзге әңгіме құра.
Ү. Қорытынды.
Мұғалім тапсырмасы:
1. «Сиқырлы кесте» сұрақтарына жауап беріңдер.
Түбір сөз дегеніміз не?Мысал келтір.
Қосымша дегеніміз не? Мысал келтір.
ҮІ. Оқушыларды бағалау. Оқушыларды жинаған ұпай санына қарай бағалап шығу.
ҮІІ. Үйге тапсырма: 308-жаттығу. Өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, қайсысы түбір, қайсысы қосымша екенін дәлелдеу.