??рман?азы Са?ырбаев Орал облысыны? Жа?а?ала ауданында?ы «Жиделі» деген жерде туып, Астрахань (Ресей) облысыны? б?рын?ы «Шайтани бата», ?азіргі «??рман?азы т?бе» деген жерде ?айтыс болады. Ол 60-тан астам к?й шы?ар?ан, оны? ішінде кейбіреулеріні? бірнеше н?с?алары са?тал?ан. Ол елдегі ?ділетсіздікке ?арсы т?р?ан к?йші. Орал облысында ??рман?азы атында?ы ?нер мектебі ж?не м?ражай ж?мыс жасайды. Атырау ?аласында ??рман?азы атында?ы аудан бар. Жыл сайын к?й атасыны? рухына ба?ыштал?ан фестивальдар ?ткізіледі.
ІV. Саралан?ан б?лім.
?. С?рсенбаев. «Халы? кегіні? к?йшісі»
1- тапсырма. М?тінді о?ып, с?ра?тар?а жауап беру.
М?тінде ?ай кездегі о?и?а ??гімеленген?
?ойшы бала кім екен?
Бала а?аш томардан не жасама? болды?
Махамбет ??рман?азыны неге ?зімен бірге алып кетпеді?
Музыка пәнінің мұғалімі «Сарыарқа» күйін тартып, орындайды. Оқушылар көздерін жұмып, күйді және мәтінді оқып отырған мұғалімді тыңдап отырады.
Мәтін үлгісі:
«Менің туған жерім қандай әсем! Қандай тамаша! Айнала биік таулар, жасыл жазықтар, әдемі қызғалдақтар, сарқырап аққан бұлақ суы. Табиғаттың әсемдігіне қарап таң қаласың. Туған жер! Мен үшін сенің әрбір тасың, әрбір аң-құсың, әрбір гүлің ыстық әрі қымбат. Мен үшін сенің көкте күлген күнің қымбат, мен үшін сенің аспаның қымбат. Алысқа кетсем, сені сағынамын, көруге асығамын».
Көздеріңді жаймен ашыңдар, көз алдарыңа не елестеді, көңіл күйлерің қандай болды?
Сендер қазір қандай музыка тыңдадыңдар? Қандай музыкалық аспаптың үнін естідіңдер?
Музыка пәнінің мұғалімі:
Қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер?
Бүгінгі сабағымызда қазақтың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбаевтың өмірі және күйлерімен танысамыз.
Құрманғазы Сағырбаев Орал облысының Жаңақала ауданындағы «Жиделі» деген жерде туып, Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани бата», қазіргі «Құрманғазы төбе» деген жерде қайтыс болады. Ол 60-тан астам күй шығарған, оның ішінде кейбіреулерінің бірнеше нұсқалары сақталған. Ол елдегі әділетсіздікке қарсы тұрған күйші. Орал облысында Құрманғазы атындағы өнер мектебі және мұражай жұмыс жасайды. Атырау қаласында Құрманғазы атындағы аудан бар. Жыл сайын күй атасының рухына бағышталған фестивальдар өткізіледі.
ІV. Сараланған бөлім.
Ә. Сәрсенбаев. «Халық кегінің күйшісі»
1- тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру.
Мәтінде қай кездегі оқиға әңгімеленген?
Қойшы бала кім екен?
Бала ағаш томардан не жасамақ болды?
Махамбет Құрманғазыны неге өзімен бірге алып кетпеді?
Мәтіндегі Махамбет кім?
Махамбет Өтемісұлы туралы қысқаша мәлімет.
Махамбет Өтемісұлы — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, әділетсіздікке қарсы көтерілістің жалынды жыршысы. Халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны әрі батыры.
2- тапсырма. Мәтінді бөлімдерге бөлу.
1-ші бөлім. Қойшы бала.
2-ші бөлім. Құрманғазы мен Махамбеттің кездесуі.
3-тапсырма. Мәтіннен тауып оқу:
а) табиғат суретін;
ә) баланың бұта түбіне келіп томардан бұйым жасағанын;
б) дөң астынан естілген дүрсіл және жыр туралы айтылған тұстарды;
в) Махамбеттің сөздерін.
V. Өзіндік жұмыс. Шығармашылық жұмыс.
Құрманғазы даладан ескен сарынды түнеріп тыңдайды екен, оны басқаша тағы қалай айтуға болар еді?