О?у іс-?рекетіні? та?ырыбы: ?айырымды ?оян.
О?у іс-?рекетіні? ма?саты:
Ертегіні балалар?а т?сіндіре отырып, ?айырымдылы??а, адалды??а, мейірімділікке т?рбиелеу.
Бала мен ?оян арасында?ы досты?ты ?лгі ете отырып, досты??а адал болу ?ажеттігін т?сіндіру.
?діс-т?сілдер: С?ра?-жауап, ??гімелеу.
С?здік ж?мыс: ?айырымды.
О?у іс-?рекетіні? к?рнекіліктері: ?оянны?, баланы?, ата-анасыны? ж?не орманда?ы а?дарды? суреттері.
О?у іс-?рекетіні? барысы:
?йымдастыру кезе?і. Балалар шатты? ше?беріне т?рады. Т?мендегі ?ле?ді балалар бірге айтады:
Біз ?андаймыз, ?андаймыз,
Ш??ылалы та?даймыз.
Жар?ыра?ан к?ндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
Д?птермен ж?мыс:
Педагог «?айырымды ?оян» ертегісін о?ып таныстырады (67-68 беттерден ?арау). С?ра?тар:
- ?ке-шешесі баласына ?она??а кімдерді ша?ыр деді?
- Бала ?она??а кімдерді ша?ырды?
- ?кесі баласына не ?шін ?рысты?
- Бала жылап отыр?анда к?мекке не келді?
- ?оян ?андай ?айырымдылы? жасады?
- Біз де ?оян?а ??сап ?айырымды бола аламыз ба?
Сергіту с?ті: ?зын ??ла? с?р ?оян,
Естіп ?алып сыбдырды,
Ойлы-?ырлы жерлермен
Ыт?ып-ыт?ып ж?гірді.
?арап еді артына,
?иы?ын сап к?зіні?,
Келе жат?ан томпа?дап
К?жегі екен ?зіні?. (?имылмен к?рсетеді.)
Дидактикалы? ойын: «Досым - мені? ма?танышым».
Ойынны? шарты: Балалар бір-біріне г?л ?сыну ар?ылы ?з достарыны? бойында?ы жа?сы ?асиеттерін айтады.
- Елжан, сен мені? мейірімді досымсы?.
- Жайна, сен а?ылды ?ызсы?. Осылайша ойын жал?аса береді.
Тынышты? с?ті: К?зімізді ж?мып, денемізді бос ?стап, тере? тыныс аламыз. К?з алдымыз?а ?айырымды ?оянды елестетіп к?рейік. ?оян бала?а ?алай к?мектесті? К?здерін ашып, ?оянны? ?андай жа?сылы? жаса?анын айтып береді.
Ма?ал жаттау: «Досы к?пті жау алмайды
А?ылы к?пті дау алмайды».
?орытынды:
- Балалар, ?оянны? ?айырымды екенін білдік. Сендер де достары?а к?мектесіп, ?ам?орлы? жасай білі?дер.
Просмотр содержимого документа
«?айырымды ?оян»
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қайырымды қоян.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Ертегіні балаларға түсіндіре отырып, қайырымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Бала мен қоян арасындағы достықты үлгі ете отырып, достыққа адал болу қажеттігін түсіндіру.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сөздік жұмыс: қайырымды.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Қоянның, баланың, ата-анасының және ормандағы аңдардың суреттері.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Төмендегі өлеңді балалар бірге айтады:
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
Дәптермен жұмыс:
Педагог «Қайырымды қоян» ертегісін оқып таныстырады (67-68 беттерден қарау). Сұрақтар:
- Әке-шешесі баласына қонаққа кімдерді шақыр деді?
- Бала қонаққа кімдерді шақырды?
- Әкесі баласына не үшін ұрысты?
- Бала жылап отырғанда көмекке не келді?
- Қоян қандай қайырымдылық жасады?
- Біз де қоянға ұқсап қайырымды бола аламыз ба?
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің. (Қимылмен көрсетеді.)
Дидактикалық ойын: «Досым - менің мақтанышым».
Ойынның шарты: Балалар бір-біріне гүл ұсыну арқылы өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.
- Елжан, сен менің мейірімді досымсың.
- Жайна, сен ақылды қызсың. Осылайша ойын жалғаса береді.
Тыныштық сәті: Көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап, терең тыныс аламыз. Көз алдымызға қайырымды қоянды елестетіп көрейік. Қоян балаға қалай көмектесті? Көздерін ашып, қоянның қандай жақсылың жасағанын айтып береді.
Мақал жаттау: «Досы көпті жау алмайды
Ақылы көпті дау алмайды».
Қорытынды:
- Балалар, Қоянның қайырымды екенін білдік. Сендер де достарыңа көмектесіп, қамқорлық жасай біліңдер.